58
a
б
5-сурет. Тіктӛртбұрышты растрде сызық сызу.
Алтыбұрыштық гексагональнық растрде сызықтар алты байланыста болады (6-
сурет).
6-сурет. Гексагональдық растрде сызық сызу.
Гексагональдық растрдің сапасы жоғары екендігі эксперименттік жұмыстар
арқылы
және математика негізінде дәлелденген.
Растрлық бейнелердің жадыдан алатын орындарына әсер ететін факторлар.
Растрлық графика файлдары компьютер жадында кӛп орын алады.
Растрлық бейнелердің
кӛлеміне әсер ететін үш белгі бар:
бейне ӛлшемі;
түстің биттік тереңдігі;
бейнені сақтау үшін қолданылатын файл форматы;
Растрлық бейнемен файл ӛлшемі арасында тікелей байланыс бар. Бейнеде пиксельдер
саны кӛп болған сайын, файл ӛлшемі ұлғая береді.
Биттік тереңдік пен файл ӛлшемі арасында да байланыс бар. Растрлық графиканың
файлдарының кӛлемі бейнені сақтау үшін таңдалынған файл форматына да тікелей
байланысты.
Мысалы, BMP кеңейтілуі бар файлдың ӛлшемі
PCX және GIF кеңейтілуі бар
файлдарға қарағанда үлкен болады. Ал, PCX пен GIF кеңейтілуі бар файлдардың ӛлшемі
JPEG кеңейтілуі бар файлдың ӛлшемінен алда қайда үлкен болып келеді.
Растрлық графиканың жетістіктері. Растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге,
яғни оның кез-келген бӛлігін ӛзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып
тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез
келген түске ӛзгертуге болады.
59
Растрлық графиканың кемшіліктері.
Растрлық бейне ӛлшемінің масштабын
ӛзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу
немесе сығу) бейне сапасы тӛмендейді. Мысалы,
бейнені үлкейткенде, оның кӛрінісі дӛрекіленіп
кетсе, кішірейткенде –бейне сапасы ӛте нашарлап
кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі –
файлдар ӛлшемдерінің ӛте үлкендігінде (түстері
неғұрлым кӛп және сапасы жоғары болған сайын,
олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі
техникада растр ӛте жоғары сапалы кескін алуға
мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер
кӛркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық
графиканың
геометриялық
сипаттамалары. Нүктелерден тұратын растрлық
бейнелер үшін
мүмкіндік деген түсінік бар екенін
жоғарыда айтып кеткенбіз.
Мүмкіндік - бұл бейне құрастыратын пиксельдердің орналасу тығыздығы, яғни
берілген бӛліктегі пиксельдер саны. Растрлық графикада мүмкіндік үш бағытта
қарастырылады:
үлгі мүмкіндігі;
экранда бейнелеу мүмкіндігі;
баспаға басу мүмкіндігі;
Үлгі мүмкіндігі. Үлгі мүмкіндігі бір дюймдегі нүктелермен ӛлшенеді және бейне
сапасына қойылатын талаптар мен файл ӛлшеміне, цифрлау тәсіліне т.б. параметрлерге
тәуелді болады. Бұдан мынадай ереже туады: бейне сапасына талап ӛскен сайын, үлгі
мүмкіндігі де жоғары болуы тиіс.
Экранда бейнелеу мүмкіндігі. Бейненің кӛшірмесін экранда алу үшін, пиксельдер саны
экран мүмкіндігіне байланысты ӛзгеріп отырады.
20–21 дюйм диагональды мониторлар бенелерді ӛңдеу үшін 640х480, 800х600,
1024х768,1280х1024,1600х1200,1600х1280, 1920х1200, 1920х1600 стандартты экранның
бейнелеу мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Сапалы мониторларда кӛршілес екі нүктенің
арақашықтығы 0,22–0,25 мм.
Баспаға басу мүмкіндігі және линиатура түсінігі. Растрлық нүктенің монитор
экранындағы да, қағаздағы да кӛшірмелеріндегі ӛлшемі қолданылған әдіс пен үлгіні
растрлеу параметрлеріне байланысты. Растрлеу кезінде бейне үлгісі үстіне ұяшықтары
растр элементтерін құрайтын сызықты тор жауып қойған сияқты болады. Тор
сызықтарының жиілігі бір дюймге келетін сызықтар сонымен
(lines per inch – Ipi)
анықталады
да оны линиатура деп атайды
.
Сонымен растрдың пиксель формасы графикалық шығару құрылғыларының
ерекшеліктеріне байланысты (7-сурет). Мысалы, пиксельдер формасы тіктӛртбұрышты,
квадрат немесе дӛңгелек ( сұйық кристалл негізінде жасалған дисплейлер үшін) болуы
мүмкін.