62
құрылғыларыныѕ мүмкіндіктеріне тәуелді емес, яғни әртїрлі мүмкіндікті шығару
құрылғыларында векторлық бейнелердің сапасын тӛмендетпей кӛрсетуге болады.
Векторлық графика элементтері мен объектілері және олардың атрибуттары.
Векторлық графиканың негізгі логикалық элементі геометриялық объект. Векторлық
графиканың ең маңызды объектісіне сплайн жатады. Сплайн – дегеніміз, геометриялық
фигураны сипаттайтын қисық. Қазіргі кездегі TryeType және PostScript шрифтері сплайн
кӛмегімен құрылған.
Векторлық графика объектілері бейне сапасын бұзбай оңай түрлендіріледі және
тасымалданады.
Векторлық графиканың элементарлық объектісі - сызық. Кез - келген объект сияқты,
сызықтың да қасиеттері бар: формасы, қалыңдығы, түсі, сызылу түрі (жабық, тіке,
пунктир). Тұйықталған сызықтар толтырылатын қасиет алады. Сызықтар қоршаған
кеңістік басқа объектілермен (текстура, карта) немесе басқа түспен толтырылуы мүмкін.
Қарапайым тұйықталмаған сызық түйін деп аталатын екі нүктемен шектеледі.
Түйіндердің параметрлері сызықтың формасына әсер ететін қасиеттері бар.
Векторлық графикадағы тҥс ҧғымы. Әртүрлі векторлық форматтардың түстік
мүмкіндіктері әртүрлі. Қарапайым, ӛздерінде түс туралы ешқандай ақпарат жоқ
форматтар, бейне шығатын құрылғыдаєы түстерді ӛнсіз келісім бойынша қабылдайды, ал
кейбір басқа форматтар толық отыз екі биттік түр туралы деректерді сақтай алады.
Қарапайым векторлық объектілерде түс мәні объектінің барлық элементтері үшін бірдей.
Объект түсі, оныѕ векторлық сипаттамасының бӛлігі ретінде сақталады. Кейбір векторлық
файлдар, ӛздерінде сақталатын бейненің растрлық эскизін құра алады.
Векторлық бейнелердің қҧрылымы. Векторлық бейнелердің құрылымын ағаш
бұтақтары сияқты елестетуге болады.
1.
Ең жоғарғы иерархиялық деңгейде, ӛзінің құрамында объектілер + түйіндер +
сызықтар + бояулар бәрі біріккен бейненің ӛзі тұрады.
2.
Келесі деңгейде – әртүрлі векторлық формадағы объектілер тұрады.
3.
Иллюстрация объектілері бір немесе бірнеше тұйықталған немесе
тұйықталмаған контурлардан тұрады. Контур - дегеніміз кез - келген геометриялық
фигура, немесе векторлық бағдарламалардың сурет салатын құралдарының кӛмегімен
салынған геометриялық фигура (дӛѕгелек, тіктӛртбұрыш т.с.с.). Тұйықталған контур -
бастапқы және соңғы нүктелері бірігіп тұйықталған қисық (окружность). Ашық контур
шеткі нүктелері анық берілген сызық. (синусоидалық сызық).
4.
Иерархияның келесі деңгейінде сегменттер тұрады. Олар контурларды ќұру
үшін қолданылатын кірпіш функциясын атқарады. Әрбір контур бір немесе бірнеше
сегменттен тұрады. Әрбір сегменттің басы мен соңы түйін деп, немесе тірек нүктелері деп
аталады. Түйін нүктелерін қозғау, контур сегменттерінің түрін ӛзгертуге әкеледі. Тұйық
контурлар (формалар) бір түспен боялған болады.
5.
Иерархияның ең соңғы деңгейінде кӛршілес екі түйінді қосатын түйіндер мен
сызық кесінділері орналасқан. Сызықтар мен түйіндер векторлық бейнелердің негізгі
элементтерінің функциясын атқарады.
Интернеттегі векторлық графика. Қазіргі кезде ӛздерінің Web–беттері мен
түйіндеріне кӛпшілік назарын қызықтырып, түсіру үшін графикалық ӛрнектеу кезінен
қолданылады. Бірақ Web технологиялардың графикалық дамуы басқа технологияларға
қарағанда артта қалып отырғандығы Web беттерін құратын мамандарға қиындық туғызып
отыр.
Шындығында да қазіргі уақытта ең кӛп тараған Internet – GIF жјне JPEG графикалық
форматтарының ӛзі ескірген деп айтуға болады. Формат GIF тек 256–биттік түсті
63
қамтиді, ал JPEG форматын қолданып, оның сығу мӛлшерін кӛбейткенде бейне сапасы
тӛмендейді. 1995 жылдары GIF форматын кеңінен қолдануға қауіп туды, себебі осы
формат ішінде ќолданылатын LZW қысу алгоритмінің иесі Unisys компаниясы мен GIF
форматын жарыққа шығарған CompuServe компаниялары әрбір сатылған бағдарламадан
лицензиялық салық алу мәселесін кӛтергенді. Осы жағдайда Internetпен жұмыс істейтін,
ешқандай компанияға тәуелсіз программалаушылар тобы мүмкіндігі жағынан GIF
форматын басып озатын Portable Network Graphics (PNG) форматын ойлап тапты.
PNG форматы 48–биттік түсті және 16–биттік ақ - қара түсті бейнелерді қамтамассыз
етеді, әрі олар тез жүктеледі. Деректердің тиімді мәндерін алуға мүмкіндік беретін, PNG
де ZIP - архиваторларында қолданылатын LZ77 алгоритмі пайдаланылады.
Web їшін тағы бір кең тараған векторлық форматтардың бірі FlashPix. Ол JPEG
форматы негізінде жасалған, бірақ бейнені қысу барысында сапасы тӛмендеу деңгейі аз.
Бұл форматтың негізгі жетістігіне – файлды кӛпдеңгейлі ұйымдастыру жатады. Алдымен
ең тӛменгі мүмкіндікке файл жүктеледі де, қажет болған жағдайда файлдың сапалы түрі
жүктеледі. Microsoft фирмасы осы форматтың түрлендірілуін ӛзініѕ растрлық редакторы
PhotoDraw 2000 негізінде алады.
Кәдімгі тұйық векторлық графика форматтарынан Web үшін қолданылатын
векторлық графиканың айырмашылығы, бұлар белгілі стандарттар негізінде құрылған,
белгілеу тәсілдері (маркерлеу), яєни тегтерді және басқа элементтерді анықтау үшін
қарапайым текст қолданылады. Бұл бейне қасиеттерін ӛзгеруге, алмастыруға жеңілдік
туғызады.
Маркерлеу тілдері негізіндегі векторлық графиканың жетістктеріне: таңдау
мүмкіндіктері, индекстеу және бейне элементін іздеу және оны басқа элементтерге байлау
жатады.
Бәріне бірдей форматтың болмауына байланысты Web-те векторлық графика толық
қолданылмайды. Қазіргі кезде ең кӛп тараған форматқа Macromedia компаниясы шығарған
Flash форматы жатады. Бірақ бұл форматтың бір кемшілігі бар - ол екілік кодтағы файл,
оны редакциялау үшін арнайы бағдарлама керек. Сондықтан да соңғы жылдары басқа
компаниялар мен ұжымдар бірнеше тілдік форматтар ұсынып отыр. Олар: Web
Schematics, DrawML, PGML и VML. форматтары.
Web Schematics форматы гипертекстік белгілеу тілі, ол сызбалар мен диаграммаларды
құру үшін қолданылады.
Интернетпен жҧмыс істегенде редакцияланатын екі ӛлшемді графика.
Программалық жабдықтаумен айналысатын Microsoft, Hewlett–Packard және тағы үш
фирмалар World Wide Web консорциумына бірнеше сапалы редакцияланатын екі ӛлшемді
векторлық графика ұсынады. VML (Vector Markup Language) векторлық белгілеу тілі
арқылы Web–дизайнерлер векторлық бейнелерді оңай редакциялай және оларды қиып,
содан соң қолданбалы бағдарламаларға апарып қоя алады. Бұндай мүмкіндік Microsoft
фирмасының менеджері Стив Склеповичтің айтуы бойынша компьютермен жұмыс
істейтін адамдар үшін ӛте қажет.
VML арқылы Web–түйіндерінің дизайнерлері Web–беттерде векторлық бейнелердің
ӛлшемін ӛзгерте алады және де графиканы жүктеу растрлық формат сияқты кӛп уақыт
алмайды.
VML форматы Extensible Markup Language (XML – кеѕейтілген белгілеу тілінің
негізінде жасалған). Бұл тілді HTML тілін толықтырушы деп те айтуға болады. Сонымен
бірге VML арасында компьютермен жұмыс істейтін адам HTML-файлын немесе Office
пакетін пайдаланып, бейне ашып және оны редакциялай алады.
Векторлық графикамен жҥмыс істеуге арналған графикалық редакторлар.
Бейнеге қойылатын негізгі талап оның формасының ӛте дәл болуы екендігі белгілі.
Осындай бейнені дәл салуға мүмкіндік беретін векторлық графикамен жұмыс істеуге
Достарыңызбен бөлісу: |