34-сабақ. Берілген саннан бірнеше есе артық
немесе кем сандарды табуға арналған
есептерді шығару.
Кері есептер
Сабақтың мақсаты: есептің жаңа түрімен таныстыру; бір неше есе артық, кем сандарды табуға арналған есептерге жоспар құруға, шығаруға және талдау жасауға үйрету; көбейту мен бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Ауызша орындауға №1 тапсырма беріледі. «Бөлінеді – бөлінбейді» ойынын өткізуге болады. Мақсаты -бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту. Мұғалім түрлі сандарды атайды, ал оқушылар мысалы, сан 2-ге немесе 3-ке бөлінсе, қолдарын көтереді.
Математикалық терминдерді пайдалана отырып, мақсат түрде математикалық диктант жүргізу.
«Бірінші көбейткіш 4, екінші көбейткіш 2, көбейтіндінің мәнін жаз. Бөлгіш 16, бөлінгіш 2, бөліндінің мәнін жаз. 7-ні 3 - ке көбейтіп, нәтижесін тап. Бірінші қосылғыш 16, екінші қосылғыш 4, қосындының мәнін жаз. Бөлгіш 10, бөлінгіш 5, Бөліндінің мәнін жаз».
3. Жаңа сабақ.
Есепті шығарудың жаңа тәсілімен таныстыру үшін практикалық жұмыс жүргізіледі. Мысалы, мұғалім жинақ полотносына сол жаққа 2 үшбұрыш, оң жаққа 2 үшбұрыштан 2 рет қояды және түсіндіреді: «Сол жақта 2 үшбұрыш, ал оң жақта 2-ден 3 рет. Мұндай жағдайда былай айтылады: оң жақта сол жаққа қарағанда 3 есе артық үшбұрыш бар, ал сол жақта оң жаққа қарағанда 3 есе кем үшбұрыш бар». Содан кейін түсіндіре отырып тағы бірнеше осындай жаттығулар орындалады.
Практикалық жұмыстар орындалғаннан кейін оқушылар №2 тапсырманың суретіне қарайды. Суреттерді салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Оң жақта неше дод барын қалай білуге болатыны анықталады. Оқушылар былай түсіндіреді: «3-ке қарағанда 2 есе артық алу үшін 3-тен 2 рет алу керек. Яғни 3•2 = 6. Жауабы: 6 доп».
Бастапқы бекіту үшін №2 (ә) және №3 тапсырмалар орындалады.
4.Бекіту.
Бекіту үшін №4 тапсырма орындалады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен есептерді шығарып, салыстырады. Мұнан кейін №5 (а, ә) тапсырмалар орындалады.
5. Өткен тақырыппен жұмыс.
№6 тапсырманы орындамас бұрын жаднамаға сүйене отырып, жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдар тәртібін қайталау қажет. Мұғалімнің жетекшілігімен балалар 1-бағанды орындайды, ал екіншісін өз беттерінше орындап, соңынан тексереді және атқарылған жұмыстарына баға береді.
6. Өздік жұмыс ретінде №7 тапсырма мен №8 логикалық тапсырма ұсынылады.
7. Сабақты қорытындылау.
Алдыңғы сабаққа ұқсас жүргізіледі.
№ 5 (б, в) (2-баған) немесе №7 тапсырманы үйде орындатуға болады.
35-сабақ. Еселік салыстыруға берілген есептерді шығару.
Кері есептер
Сабақтың мақсаты: еселік салыстыруға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту және бөлудің кестелк жағдайын қайталау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Ауызша есепті алдыңғы сабақта берілген ойындар түрінде жүргізуге болады, сонымен қатар №1 тапсырма орындалады.
3. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ практикалық жұмыс негізінде түсіндіріледі. Тақтаға шақырылған оқушы жинақ полотносына бірінші қатарға — 12 дөңгелек, екінші қатарға — 3 дөңгелек қояды. Мұғалім: «Бірінші қатарда екінші қатарға қарағанда неше есе 1 артық екенін қалай білеміз?» ден сұрайды. Оқушылар мұғалім қойған сұраққа жауап беру үшін, 12 дөңгелекте 3 дөңгелектен неше рет бар екенін білу керектігін түсінуі тиіс. Оқушылар дөңгелектерді 3-тен топтап, қорытынды жасайды. № 2 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.
4. Бекіту.
Бастапқы бекіту үшін № 3 жаттығу орындалады. Оқушылар есепті шығарады және есеп шартын, сұрағын, шешуі мен жауабын салыстыра отырып, бұл кері есептер екендігі жөнінде тұжырым жасайды.
5. Өткен тақырыппен жұмыс.
№5 тапсырма амалдардың орындалу тәртібін қайталауға арналған. 3 бағанды 3 қатарға бөліп беріп, орындатуға болады. Оқушылар соңынан қапдай амалды бірінші орындағанын айтады. №6 салыстыруға берілген тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.
№7 тапсырма күнделікті өмірде есептеу дағдыларын қолдана білуге дағдыландырады. Ауызша бірнеше есеп түрлерін құрастырады. Қайтаратын ақшаны есептен табады.
6. Сабақты қорытындылау.
№4 тапсырма үй жұмысы ретінде беріледі, еселік салыстыруға есептер құрастыру тапсырылады.
36-сабақ. Кері есептер шығару
Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлуге арналған кері есептер құрастыру және шешу дағдыларын қалыптастыру; кестелік көбейтудің өтілген жағдайлары туралы білімдерін бекіту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Үйде шығармашылық тапсырма орындаған балалар бүкіл сынып болып шешуге өз тапсырмаларын ұсынады.
Кестелік көбейту дағдыларын дамыту үшін «Математикалық таразы» дидактикалық ойыны ұйымдастырылады. Ойынды өткізу үшін таразының суреті қажет. Таразының екі жағына өрнектер жазылған карточкалар қыстырылады. Мұғалім өрнектерді салыстырып, таразының қай басы төмен тартатынын сұрайды.
3 • 7 * 3 • 5 + 3 • 2 3 • 6 * 3 • 5
3 • 8 * 3 • 5 + 3 • 3 3 • 2 * 3 • 4
3 • 9 * 3 • 5 + 3 • 4 3 • 5 * 3 • 7
«Компьютер» ойыны. Мақсаты: есептеу дағдыларын жетілдіру
3• 5
|
3• 4
|
3• 9
|
3 • 10
|
+ 45
|
+ 38
|
+ 63
|
+ 57
|
-36
|
-29
|
-75
|
-60
|
:3
|
:3
|
:3
|
:3
|
=
|
=
|
=
|
=
|
Есептеу дағдыларын дамыту үшін №1 тапсырма орындала-ДЫ.
№2 тапсырманы орындау кезінде балалар мүғалімнің көме-гімен есептерді, шығару амалдарын салыстырады.
ЕСЕ АРТТЫР
|
•
|
ЕСЕ КЕМІТ
|
:
|
АРТТЫР
|
+
|
КЕМІТ
|
-
|
3. Жаңа сабақ.
№3 тапсырма негізінде кері есептер туралы түсінік қалыптастырылады. Оқушылар есепті шығарып, салыстырады, ұқсастық пен айырмашылығын табады, бұл кері есептер деген қорытынды жасайды.
4. Бекіту.
Алғашқы бекіту үшін оқушылар №5 тапсырманы орындайды. (а және ә) тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен жан-жақты түсіндіре отырып орындайды.
5. Өткен тақырыппен жұмыс.
№ 4 (а және ә) тапсырманы ұжым болып орындайды. Есепті шығарғаннан кейін мұғалім бұл кері есептер ме, соны сұрайды. Оқушыларға мәліметтері бірдей есептер үнемі кері есептер бола бермейтінін көрсету керек.
№8 тапсырманың шешуін сағат үлгісімен иллюстрациялауға болады.
6. Өздік жұмыс.
Өздік жұмыс ретінде №7 тапсырма бағанмен орындалады және тексеріледі. №6 тапсырманы да өздері шығарады.
7. Сабақты қорытындылау.
Үйге №5 (б, в) тапсырма беріледі.
37—39-сабақтар. 4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
4-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Сабақтың мақсаты: практикалық амалдар негізінде 4 санымен көбейту және бөлу кестесін құрастыру; тапсырмаларды орындау барысында кестелер туралы білімін бекіту 4 санымен көбейту және бөлу кестесін құру және жаттауға байланысты 37-38-сабақтар 2 санымен кесте құру жөніндегі сабақтарға ұқсас құрылады. «Жылдам, бірақ шатаспа» секілді ауызша жаттығуларға екі-екіден 20-ға дейін, үш-үштен 30-ға дейін, төрт-төрттен 40-қа дейін тура және кері тәртіппен санау қамтылады. Оқулықта кесте құру 4 • 4 және 8 : 2 жағдайымен басталады. Енді балалар неге екенін өздері түсіндіре алады. Әрбір келесі кесте бір қатарға кем және жаттауға азырақ болады.
Осы сабақтың барлық тапсырмалары 4 санымен кестелік көбейту мен бөлуді пайдаланумен байланысты.
№8 тапсырма оқушылардан логикалық пайымдауларды қажет етеді: егер оң жақ табақта 3 кг-дық 4 кір тасы болса, барлығы 12 кг. Ал сол жаң табақта кәді және 2 кг-дық кір тасы бар. Егер екі жақтан 2 кг-нан алып тастасақ, кәдінің салмағы шығады. 12 - 2 = 10 кг.
Осындай сипаттағы тапсырмалғарды балалар кейінгі сыныптарда да шешеді.
39-сабақ осыған ұқсас жүргізіледі. Тапсырмалардың барлығы оқушыларға таныс болғандықтан өздік жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеруге болады.
40-сабақ. 5-ке көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты: 5 санымен көбейту бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту кестесін құру кезіндегі көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету; кері есептер құрастыру және шешу дағдыларын жетілдіру.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
- Табиғатта күн сәулесі бар. Ол жер бетіне жарық шашып, тіршілік береді. Күнді өзіміз жасап көрейік. Көздеріңді жұмып, жүректерінде кішкентай жұлдызша бар деп сезініңдер. Оған оймен жақындық сезімін әкелетін күн сәулесін бағыттайық. Жұлдызша үлкейіп барады. Сәулені бейбітшілікке бағыттайық. Жұлдызша тағы үлкейді. Сәулені қайырымдылыққа бағыттаймыз, ол одан әрі үлкейе түсті. Мен сәулені денсаулық, қуаныш, жылу, жарық, нәзіктік, мейірімділік жұлдызшаларына бағыттаймын. Енді жұлдызша күн сияқты үлкен болды. Ол бәріне-бәріне жылу береді (қолды екі жаққа жайып, бейнелеп көрсету).
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
№6 тапсырма негізінде ауызша есептеуді ұйымдастыруға болады. Бүл 100 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу дағдыларын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар №5 тапсырманы да ауызша орындайды. Алдын ала уақыт бірліктері арақатынастарын (тәулік - сағат, ай - тәулік, сағат - минут, жыл - ай) қайталап алған жөн.
Таза жазу минутын №8 логикалық тапсырма негізінде ұйымдастыруға болады.
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық мақсатында ауызша есептеуге ойындарды және 2-4 сандарын көбейту және бөлу кестесімен жұмысқа арналған тапсырмаларды кіргізуге болады.
«Математикалық доп» ойыны. Ойынның мақсаты: көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары туралы білімдерін дамыту.
Мұғалім балаларға допты лақтырады да, көбейту және бөлуге мысалдар келтіреді. Оқушы допты қағып алып, жауабын айтады, содан кейін допты келесі балаға лақтырады және өз мысалын айтады және т.б.
«Математикалық эстафета». Ойынның мақсаты: көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары туралы білімдерін жетілдіру.
Үш бет қағазға көбейту мен бөлудің өтілген жағдайларына әр қатардағы оқушылар саны бойынша мысалдар жазылады. Балалар парақты бір-біріне бере отырып, әрқайсысы бір мысалдың жауабын жазады. Барлық мысалды жылдам, әрі қатесіз шешкен қатар жеңіске жетеді.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
5 санын көбейту және бөлу кестесін балалар №1 тапсырма бойынша құрастырады. Кестені құрастыру кезінде балалар кестені жазуды неге 5x5 мысалынан бастауға болатынын түсіндіре алғаны дұрыс.
4. Бекіту.
Екі сандық қатар қандай тәртіпнен жазылған. Дөңгелектің ішіне тиісті амалды жаз.
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
40
|
45
|
50
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Бекіту үшін № 7 (1-ші және 2-бағандар) тапсырма орындалады.
Тапсырманы шешер алдында көбейту мен бөлу кезіндегі компоненттердің атауларын қайталап алған жөн. Тапсырманың шешуін балалар өз беттерінше жазады.
5. Өткен тақырыппен жұмыс.
№3 тапсырманы мұғалімнің көмегімен ұжым болып орындайды. Кері есептер құрастырып, ауызша шығару керек.
6. Өздік жұмыс.
Өздік жұмыс ретінде №4 және №7 (1-баған) тапсырмалар беріледі.
7. Сабақты қорытындылау.
Мұғалім сабақты қорытуды алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізеді. Балаларға өткен тақырыпты жақсы меңгеру үшін үйге қандай тапсырма берілген дұрыс екендігі туралы сұрақ қойылады (5 санын көбейту және бөлу кестесін жаттау қажет). Үй тапсырмасы: 5 санын көбейту және бөлу кестесін жаттау және №7 (2-баған).
41-сабақ. Құрама кері есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 5 санымен көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шешуді үйрету.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру алдыңғы сабақтағыдай жүргізіледі. №1 және №7 тапсырмаларды ауызша орындауға болады.
«Компьютер» ойыны. Мақсаты: кестелік көбейту және бөлу туралы алған білімдерін бекіту.
Мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, ал балалар карточканың көмегімен нәтижесін көрсетеді.
Бұл жерде амалдар тәртібінің орындалу реті бойынша емес, тізбек бойынша жылдам орындалатыны ескертіледі.
2• 2• 5-2:2• 3 + 3:5
16:4• 8-2:5+ 2• 3
21 : 7 • 9 - 7 : 5 • 4 + 2 : 2
Сондай-ақ тақтаға жазылған кестелерді»,толтыру ұсынылады:
Көбейткіш
|
9
|
8
|
7
|
6
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
Көбейткіш
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Көбейтіндінің мәні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бөлгіш
|
45
|
40
|
35
|
30
|
25
|
20
|
15
|
10
|
Бөлінгіш
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Бөліндінің мәні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№1 тапсырма ауызша орындалады.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
№3 тапсырма негізінде кері құрама есептермен таныстырылады. Кері құрама есептер үшін қысқаша жазу үлгілері беріледі.
4. Алгашқы бекіту үшін № 4 тапсырма ұсынылады. Оқушылар есеп шығарады, мұғалімнің көмегімен кері есептерді қысқаша жазып, өз беттерінше шығарады.
5. Өткен тақырыппен жұмыс.
Есептеудің тиімді тәсілдерін түсіндіру үшін №5 (а және ә) тапсырмасы беріледі. Оны орындау кезінде оқушылар өздері таңдаған тәсілдердің тиімді екенін дәлелдеулері тиіс.
№8 тапсырманы орындау оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналады. Балалар сурет бойынша қажетті сөздерді таңдайды.
6. Өздік жұмыс.
№2 тапсырманы орындау барысында балалар көбейту бөлу кестесін қайталайды. №6 тапсырма шаршының периметрін таба білу дағдыларын арттыруға бағытталған. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен есепті шығару жоспарын құрады, содан кейін өз беттерінше шығарады.
7. Сабақты қорытындылау
- Сабақтың мақсаты не болды?
- Сабақта тапсырмаларды орындау арқылы мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?
- Сабақта не ұнады?
- Қандай тапсырма қиынырақ болды?
- Қай тапсырма ең жеңіл болды?
- Сабақ барысында өз жұмысыңа баға бер.
Үйде орындауға №7 тапсырма беріледі.
42-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: 2-5 сандарының көбейту және бөлу кестесі туралы алған білімдерін қайталау; еселік салыстыруға, санды бірнеше есе арттыруға, кемітуге берілген есептерді шығаару дағдыларын қалыптастыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
«Компьютер», «Шифр шешкіштер», «Кім жылдам?» деген дидактикалық ойындар негізінде ауызша есептеулер ұйымдастырылады. «Жауабын тап» ойынын ұйымдастыруға болады. Ойынның мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту. Мұғалім 2 таяқша көрсетіп былай дейді: «Менің екінші қолымдағы таяқшалар 3 есе артық. Онда қанша таяқша бар?» «Сол қолымда 5 таяқша, ал оң қолымда 5-тен 3 рет. Оң қолымда неше таяқша?» т.б.
№1, №8 тапсырмалар ауызша орындауға арналған. Логикалық есепті шешу кезінде балалар логикалық тұжырым жасап үйренуі тиіс: 5 кг-дық қорап тіктөртбұрыш пішінді көк қораптан ауыр болса, шаршы пішінді сары қорап 5 кг-дық қораптан ауыр: Сонда ең ауыры - шаршы пішінді қорап.
Оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында кестелік көбейту және бөлуге математикалық диктант жүргізіледі: 9 • 3, 4 • 5, 8 • 5, 45 : 5, 12 : 2, 20 : 4, 18 : 6, 10 : 2, 21 : 3, 4 • 3, 24 : 4, 7 • 3. Одан соң балалар бір-бірін тексереді.
Математикалық диктант жылдам орындалады. Мұғалім типсырманы екі реттен артық оқымауы тиіс.
3. Білімдерін бекіту.
Есепті шығармас бұрын еселік салыстыруға, санды бірнеше есе арттыруға, кемітуге берілген ауызша есептер шығарылады:
1). Бір сынып бөлмесінде 18 бөлме өсімдігі бар, ал екіншісінде бөлме өсімдігі одан 3 есе кем. Екінші бөлмеде неше бөлме өсімдігі бар?
2). Әселдің күнделігінде 40 бестік баға бар, Райгүлде одан 5 есе кем. Райгүлдің неше бестік бағасы бар?
3).Анам 2 кг шоколад, одан 3 есе артық бал кәмпит сатып алды. Апам неше килограмм бал кәмпит сатып алды?
4). Нәзирада 6 дәптер, Әлияда одан 3 есс кем дәптер бар. : Әлияда неше дәптер бар?
5). Қалам 25 теңге, ал қарындаш 5 теңге тұрады. Қарындаштың бағасы қаламның бағасынан неше есе кем?
Есепті ауызша шығарғаннан кейін №2 (б, в) есептер мұғалімнің басшылығымен орындалады. №3 тапсырманы нұсқалар бойынша орындайды, солан кейін кері есептер құрастырылып, ауызша тексеріледі.
4. Өткен тақырыппен жұмыс.
№4 тапсырманы орындамас бұрын тура, тура емес теңсіздіктер туралы білімдерін еске түсіріп алу керек. Одан соң берілген теңдіктер мен теңсіздіктерді қарап шығып, тура теңсіздіктерді ғана көшіріп жазады.
№6 тапсырма (1-ші және 2-баған) түсіндіре отырып тақтада және дәптерде орындалады.
5. Өздік жұмыс.
Өздік жұмыс ретінде №7 және №5 (а және ә) тапсырмаларды ұсынуға болады.
6. Сабақты қорытындылау.
Үй жүмысын саралап беруге болады:
1. Баған бойынша есептеуде қиналатын балаларға - №6 (3, 4-бағандар).
2. Есеп шығаруда қиналатын балаларға - № 2 (а, ә).
43-сабақ. Білімді тексеру
Сабақтың мақсаты: 1-5 сандарының көбейту және болу кестесін орындау, бірнеше есе артық (кем) сандарды табуға берілген есептерді, еселік салыстыруға берілген есептерді шығару, жақшалы және жақшасыз өрнектерді есептеу, тіктөртбұрыш салу және оның периметрін есептеу дағдыларын тексеру.
Бақылау жұмысы
1. Есепте:
35:5 9• 3 4• 3 + 8 • 3
7• 4 24 : 4 60 + 9 : 9
|
1. Есепте:
36 :4 9• 4 8• 5 + 8• 4
7• 5 32:4 40 + 8:8
|
Теңдеуді шеш.
х • 3 = 20 + 4
х : 3 = 171 - 162
6 : х = 9:3
|
Теңдеуді шеш.
х • 5 = 40 + 5
х : 2 = 154 - 145
8 : х = 16 : 2
|
3. Есепті шығар.
Анам 54 л компотты банкаларға құюы керек. Ол үш литрлік 6 банкаға компот құйды. Неше литр компот қалды?
|
3. Есепті шығар.
Жұмысшы 96 шырша ойыншығын
қораптарға салуы тиіс. Ол әрқай-
сысында 5 ойыншықтан 8 қорапты
қаптап қойды. Енді қанша ойыншы
қалды?
|
4. Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 2 см, ал екінші қабырғасы 4 есе артық. Периметрін тап.
|
4. Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 3 см, ал екінші қабырғасы 2 есе артық. Периметрін тап.
|
5.Амалдар таңбасын қой.
9 3 20 = 47
9 3 20 = 7
9 3 20 = 23
|
5. Амалдар таңбасын қой.
8 2 15 = 31
8 2 15 = 1
8 2 15 = 19
|
44—46-саба0тар. Пысықтау
Сабақтың маңсаты: бақылау жұмысында жіберілген қателерді талдау; алдыңғы сабақтарда алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Сабақтарды мұғалім бақылау жұмысында жіберілген қателерді ескере отырып құрастырады.
Қатемен жұмыс жүргізу үшін кестені толтырған ыңғайлы.
Тапсырма
№
|
Өткен тақырып
|
Бұл тапсырма-
да қате жіберген
оқушының аты-
жөні
|
Жіберілген қателерді түзетуге арналған тапсырма
|
1.
|
2-5 сандарын кестелік көбейту мен бөлу және өрнектердегі амалдар тәртібі
|
|
№1, 44-сабақ №7, 44-сабақ №1, 45-сабақ №2, 45-сабақ
|
2.
|
Теңдеулерді шешу
|
|
№4, 44-сабақ
|
3.
|
Құрама есеп
1) Шешуін таңдаудағы қателер
2)Есептеудегі қателер
|
|
№2, 44 –
№3, 44 –
№6, 44 –
№3, 45 –
|
4.
|
Фигуралардың периметрі және тіктөрбұрыш салу
|
|
№5, 44 –
№6, 45 –
|
5.
|
Күрделендірілнен тапсырмалар
|
|
Ұқсас тапсырмалар
|
1. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында алдыңғы сабақтардағыдай дидактикалық ойындар өткізуге болады. Ауызша есептеуге №1 (44, 45,46-сабақтар) №3, №7 (46-сабақ) және №8 (44-сабақ) логикалық тапсырмалар берілген.
Математикалық диктант жүргізуге болады. Мұғалім өрнектерді жазып, мәнін табуды тапсырады:
а) 37 санына 5 пен 3-тің көбейтіндісін қос;
ә) 71 санынан 3 пен 5-тің көбейтіндісін азайт;
б) 8 бен 2 сандарының көбейтіндісіне 83-ті қос;
в) 4 пен 3-тің көбейтіндісінен 12 санын азайт;
г) 9 санын 31 мен 29-дың айырмасына көбейт;
д) 5 санын 2 мен 1-дің қосындысына көбейт;
е) 80 мен 77-нің айырмасын 4-ке көбейт;
ж) 0 мен 3-тің қосындысын 5 санына көбейт.
2. Бекіту.
Оқулықтағы есепті шығармас бұрын ауызша жұмысқа бірнеше есеп ұсынуға болады:
1. Қарағайдың қылқандары 2 жыл, ал шыршаның қылқандары одан 6 есе артық тіршілік етеді. Шыршаның қылқандары неше жыл өмір сүреді?
2. Асқарда 4 бәліш, ал Нұрланда 2 бәліш бар. Нұрланның бәліші неше есе кем?
3. Данияр сызған кесіндінің біреуі 4 см, ал екіншісі одан 3 есе ұзын. Екінші кесіндінің ұзындығы қандай?
№2 (а-в) және №3 (44-сабақ) тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен толың талдау жасалғаннан кейін өздеріне орындауға беруге болады. №6 тапсырма өздік жұмысқа арналған.
3. Өткен сабақты қайталау.
Тсңдеу (№4 тапсырма) мұғалімнің жетекшілігімен таңтада орындалады. Мұғалім есепті шешу барысында сұрақ қояды: Қандай компонент белгісіз? Белгісіз бөлінгішті (азайтқышты, көбейткішті) қалай табуға болады? Тексеру қалай орындалады?» Не болмаса теңдеуді шешу алдында мына сөйлемдерді аяқтау тапсырылады:
Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда...
Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда... Л. Егер көбейтіндіні көбейткішке бөлсе, онда...
Теңдеуді тез шешетін оқушыларға қосымша тапсырма беруге болады:
25 : х = 5, а : 5 = 2.
№5 тапсырма кескінділерді өлшеуге арналған. Алдымен қысқа кесіндіні тауып, өлшеп алады. Содан соң басқа кесінділерді де өлшеп, қысқа кесіндіден 3 есе ұзын кесіндіні табады. Бақылау жұмысында 4-тапсырманы орындау кезінде қателескен оқушыларды №5 тапсырманы орындауға тарту пайдасы.
4. Өздік жұмыс.
№7 тапсырманы оқушылар уақыт бойынша өздері орындап, соңынан тексереді.
5. Сабақты қорытындылау.
Үй жұмысын бақылау жұмысындағы жіберілген қателеріне қарай саралап беруге болады (кестені қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |