1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау



жүктеу 1,3 Mb.
бет3/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

6.Сабақты қорытындылау.

- Сабақтың мақсаты не болды?

- Мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?



- Сабақта не ұнады?

- Сабақта қай тапсырма көбірек қиындық туғызды?

- Қай тапсырма ең жеңіл болды?

- Сабақтағы өз жұмыстарыңды бағалап, өздеріңе баға қойыңдар.

Үй жұмысына №3 (З-баған) тапсырма ұсынылады және үй жұмысының шығармашылық деңгейі: көбейту амалымен шешілетін есептер құрастыру.
9-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: есептеу дағдыларын жетілдіру; көбейтудің нақты мәнін білуге есептер шығару.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын бекіту үшін ауызша есептеуге «Баспалдақ», «Қай қатар жылдам?», «Математикалық эстафета» ойындары енгізіледі. №1 тапсырманы мұғалімнің басшылығымен орындайды.



3.Өткенді бекіту.

№2 тапсырманы шығармас бұрын үй тапсырмасын тексеру қажет: бір оқушы тапсырманы дауыстап оқиды, ал бір оқушы есепті тақтада орындайды. Содан кейін балалар №2 (а және ә) тапсырманы түсіндіре отырып орындайды.

Осыдан кейін жан-жақты түсіндірумен №3 тапсырмадағы
бірінші жолды орындайды, ал екінші жолды өздік жұмыс
ретінде беруге болады.

№4 тапсырманы орындағанда тапсырмада қосалқы сұрақ барына балалардың назарын аударған жөн, осыдан кейін барып дәлелдемелер келтіріледі. «Егер қызыл шардың жасыл шардан 31-і кем болса, демек жасыл шардың қызыл шардан (31-і) артық».

№7 тапсырма бөлудің нақты мәнімен таныстыруға дайындық мақсатында жүргізіледі.

Өздік жцмыс ретінде №5 және №8 тапсырмаларды ұсынуға болады.

4. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысына №6 тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей: көбейту амалымен орындалатын есептер құрастыру.


10-сабақ. Бөлу
Сабақтың мақсаты: бөлу амалдарының нақты мәнмағынасы туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру (тең бөліктерге бөлу, мәні бойынша бөлу); математикалық терминологиямен таныстыру; көбейту амалдары бойынша білмдерін бекіту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білімдерін белсендіру.

1. Ауызша жаттығулар:

- Өрнектерді түрліше оқыңдар: 45 + в; 78 - с; с + 45; с • 3; 5 • в

- №8 логикалық тапсырманы орындау үшін оқушыларды өз шешімдерін негіздеуге жетелеу қажет, тек қиындық туғанда ғана шешімдерді иллюстрациялап көрсеткен жөн.

- Сан сәулесін пайдалана отырып, 2, 3, 4-тен тура және кері тәртіппен санаңдар (қоян секіреді және т.б.).

Қолмен сурет салу керек

2. Заттармен практикалық амалдар:

- Кәмпитті, қарындашты (өзге заттарды) екі, үш оқушыға бірдей етіп бөліп беріңдер (12, 15, 18). Әрқайсысына нешеден келеді?

- Қағаз қапшықтағы 15 тал кәмпитті әр балаға бестен бөліп бергенде, неше балаға кәмпит тиеді?

3 .Жаңа материалмен танысу.

Бөлу тақырыбы көбейту түсінігін енгізгеннен соң үш сабақтан кейін оқытыла бастайды, бұл балаларға бөлу мен көбейту амалдары арасындағы байланысты түйсінуге ықпал етеді. Кейіннен бөлу мен көбейту амалдарының компопенттерімен нәтижелерінің өзара байланысын көрсететін ережелер түрінде жалпылама беріледі. Екі түрлі бөлу (тең бөлікке және мәні бойынша бөлу) бір сабақта қатар қаралады.

Алдымен практикалық амалдармен бастап, соңынан иллюстрацияға көшкен дұрыс, өйткені тең бөлікке бөлу иллюстрациясын бейнелеу қиын (сурет нәтижені бірден көрсетеді).

Мұғалім екі оқушыға заттарды (алмалар, текшелер, дәптерлер және т.б.) екі қорапқа бөліп салуды тапсырады. Балалардың 12 алманы екі оқушыға қалай бөлетінін қарастырамыз. Олар бәрін таратып болғанша бір-бірден алуы мүмкін немесе көз мөлшерімен тең бөліп алып, дұрыстығын тексереді. Екі немесе үш алмадан алып үлестіруге де болады. Нәтиже бірдей болады: 12 алманы теңдей екі бөлікке бөледі.

Мәні бойынша бөлу басқаша жүргізіледі. Мысалы, 15 алманы 5 тәрелкеге бөлу үшін балалар бірінші бес алма санап алады да, тәрелкеге салады, одан соң екінші бес алманы, одан соң үшінші бес алманы санайды.

Оқулықтағы суреттер мен жазуларға көз жүгірту тапсырылады. №1 жаттығуды орындау барысында балалар тең бөлікке бөлудің мәнімен танысады, №2 жаттығуда мәні бойынша және тең бөлікке бөлумен танысады.

Балаларға бөлудің жазылуын оқуды үйретіп, бөлу кезіндегі сандардың аталуымен таныстыру керек. 15 пен 3-тің бөліндісі –бұл өрнек, 5-ке тең болатын бөлінді нәтиже немесе өрнектің мәні. Бөлгіш - бөлетін сан, бөлінгіш — бөлінетін сан.



4.Бөлу туралы түсініктерін бекіту.

№2 тапсырмада балалар суретті орындап, жазылғандарды оқиды. Балалардан бөлу түрлерін түрліше оқуды талап ету міндетті емес. Мысалы, 8 санын 4-тен алу немесе 8-ді 4-ке бөлу. Алайда оқушы бұл өрнектерді мәні мен айырмашылығын түйсіне отырып дұрыс қолданса, мұғалім оны түзетіп, басқаша оқуын талап етпеуі керек.

№3 тапсырмадағы өрнектерді жазып, балалардан түрліше оқуды сұрау қажет. Мәселен: 8 бен 4-тің бөліндісі немесе бөлінгіш 8, бөлгіш 2, 8 саны - 2-ге бөлінген сан.

5. Өткен материалмен жұмыс.

Кесіндіні өлшеу және салу тапсырмасын оқушыларға өздік жұмыс ретінде беруге болады.

№5 (а) тапсырманың қысқаша жазылуын былайша көрсетуге болады:

1 күнде - 3 көйлек.

6 күнде - ? көйлек.

№5 (ә - г) тапсырманы оқушылар түсіндіре отырып, тақтада орындайды.

№6 тапсырманы орындағанда есептің шартын екі амалмен беруге болады: қысқаша жазылуы және сызба түрінде құрастыру.
Қолмен сурет салып жазу керек

6. Өздік жұмыс.
Өздік жұмыс ретінде теңдеу шешуді ұсынуға болады тапсырма, 1-баған).

7. Сабақты қорытындылау.
№7-ші үй тапсырмасы (2-баған).
11—13-сабақтар. Бөлу амалының мәнін

ашатын тапсырмалар. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: балаларды бөлу амалының мән мағынасын ашатын тапсырмалармен таныстыру; тапсырманың бұл түрін жаза білуге үйрету; көбейту мен бөлуге арналған өрнектерді оқып, жаза білу дағдыларын нығайту.

1. Тірек білімдерін белсендіру.

Бөлуге арналған тапсырмалар амалдың мәнін енгізу жөніндегі алғашқы сабақта да орындалды. Бұл сабақта тапсырмалар мәтін түрінде немесе суреттер мен жазылғандар бойынша есеп құру түрінде ұсынылады.

Сабақтың басында көбейту мен бөлу амалдарының мән- мағынасын ашу қайталанады. Бұл үшін мынадай тапсырмалар орындауға болады:

- Альбомда 10 фотосурет бар. Осындай үш альбомда неше фотосурет бар?

- Бірдей 5 гүл шоғының әрқайсысында 3-тен гүл бар. Барлығы неше гүл бар?

- 15 түймені 3 көйлекке тең бөліп қадау керек. Әр көйлекке


неше түймеден келеді?

- Автобус бір аялдамадан екінші аялдамаға 5 минутта жетеді. 20 минутта неше аялдамадан өтеді?

Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің атауларын қайталату. Атаулар жазылған плакаттарды тақтаның қасына бірінші тоқсанның соңына дейін іліп қоюға болады.

Тапсырма. Мына өрнектерді түрліше оқыңдар: 5 • 3; 3 • 5; 6 • 3; 10: 2; 12 : 3.

11 - сабақтың №1 тапсырмасын орындағанда, балалар ауызша бөлуде қиналса, сурет арқылы амалдар орындауды ұсыныңыз.

Ауызша жаттығулар:

• Бір санды, екі санды аттай отырып, 2-ден 20-ға дейін тура және кері тәртіппен санау. «Жылдамдат, бірақ қателеспе!» ойынын өткізіп, жарыстыруға болады.

• «Үндемес» ойыны:

а) Қорапта 6 қарындаш бар. Екі қорапта неше қарындаш бар? Үш қорапта ше?

ә) Көжектердің әрбірі аптасына 5 кг сәбіз жесе, екі көжекке неше килограмм сәбіз қажет? Үш көжекке ше?

б) 18 алманы теңдей етіп екі сөмкеге салды. Бір сөмкеде неше алмадан бар?

в) Үш дос 12 алмұртты теңдей бөліп алды. Әрқайсысына нешеден тиді?

г) 15 апельсинді 5 талдан тәрелкелерге бөліп салды. Неше тәрелке қажет болды?

• Сан сәулесімен қоян секіріп жүр. Ол 2 өлшемнен бес рет
секірді. Ол қай санға тоқтады (көбейтудің ауыстырымдылық
қасиетін енгізуге дайындық)?

• Әлияда 5 қораптың әрқайсысында 3-тен, Айнұрда 3 қораптың әрқайсысында 5-тен кәмпит бар. Кімнің кәмпиті көп?



2. Жаңа материалмен таныстыру.

№2 жаттығу. Әрбір сурет бойынша екі тапсырма құрастырылады (тең бөлікке бөлу және мәні бойынша бөлу). Олардың біріне жазбасын немесе сызбалық сурет салуға болады.

2 қорапта - 12 моншақ.

1 қорапта - ? моншақ.

оооооо|оооооо

Тапсырмаға арналған суретті орындай отырып, балалар өрнекті былай оқуына болады: 12-ні 2-ге (теңдей екі бөлікке) және 12-ні екіден (мәні бойынша бөлу) бөлу.

№3-ші және №4 тапсырмалар өз беттерінше орындауға бағытталған. Оларды тексергеннен кейін, мұғалім көбейту мен бөлу амалдарының мәнін меңгеру деңгейін анықтай алады.

3. Өткен материалмен жұмыс.

№5 тапсырманы орындау кезінде есептің шартын екі амалмен (алдыңғы сабақты қараңыз) жүргізуге болатынын есте ұстаған жөн, оқушылар тапсырманың шарты мен талдауды ұжым болып жүргізіп, шешімін өз беттерінше шешуі тиіс.

№6 тапсырмадағы өрнектерді салыстыра отырып, балаларға үнемі өрнектердің мәнін есептемей-ақ, сандар мен амалдардың таңбаларын талдаса да болатынын еске салу керек. Талдауды ауызша жүргізген дұрыс.

№7 тапсырма уақытты минутына дейін дәл анықтай алу дағдысын дамытуға бағытталған.

№8 логикалық тапсырманы жауаптарын негіздей отырып орындап, шешімін тақтада көрсету керек.

12-ші және 13-сабақтар 11-сабаққа ұқсас жүргізіледі.

Тапсырмалардың барлық түрлері оқушыларға таныс және көбінесе өз беттерінше орындалады.

№8-логикалық тапсырманы (12-сабақ) шешу барысында кесте құрастырып, талдау барысын белгілеуге болады.







Бекжан

Талғат

Әлия

Алма










Алма










Алмұрт










№7 тапсырманы шешу кезінде (13-сабақ) оқушылар жоқ сандарды тауып, шешімін негіздейді.

Мұғалім балалардың оқу материалын меңгергеніне қарай үй тапсырмасын өз қалауы бойынша таңдайды.

4.Сабақты қорытындылау.
14-сабақ. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
Сабақтың мақсаты: көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарының мәнін ашатын тапсырмаларды шешу дағдысын бекіту.

1. Тірек білімдерін белсендіру.

Алдыңғы сабақтарда балалар көбейту кезінде, мәселен 2-ні 5 - кенемесе 5-ті 2-ге көбейткенде бірдей сан шығатынына назар

аударады.

Ең алдымен, көбейту кезінде сандардың атауын және әр компоненттің мәнін қайталау қажет. Бірінші көбейтінді – көбейтетін сан, екінші көбейтінді - көбейтілетін сан. Нәтиже – өрнектің мәні. Балаларға жазылғандарды түрліше оқу тапсырылады.

Мысалы, 5 • 3:

- 5 -ті 3-ке көбейту, 5-ті 3 рет алу.



- бірінші көбейткіш 5, екінші көбейткіш 3.

- 5 және 3 сандарының көбейтіндісі.



2. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін енгізу.

Мынадай тапсырма беріледі:

Гүлзарда неше гүл барын сана (тігінен немесе көлденеңінен санауға болады) және балалардың қандай тәсілмен санағанына көңіл бөл.
























































Мұғалім өрнектер жазады. 6 • 3 = 6 + 6 + 6 = 18

6 • 3 = 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 = 18

Қоян секірген сан сәулесін пайдалануға болады. 6 өлшемнен 3 рет секіріп немесе 3 өлшемнен 6 рет секірген қоян бірдей жерде болады.

Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сурет бойынша осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі. Балалар көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін өздері анықтайды.



3. Бекіту.

№2 тапсырма алдымен көбейтуді бөлумен алмастыру негізінде орындалады, содан кейін мұғалім жоғарыда берілген өрнекті пайдалануды ұсынады. Балалар ауыстырымдылық қасиет есептеуді ұтымды жүргізуге көмектесетіні туралы қорытындыға келеді.

Содан кейін оқушылар өрнектерді салыстырады (№3 жаттығу).

4. Өткен материалмен жұмыс.

№4 тапсырманы құрастыруды ауызша орындауға немесе тапсырмаларға арнап тек өрнектерді жазуға болады.

№5 тапсырманы орындау барысында есепті және сандық материалды талдау қажет. Бұдан кейін балалар өз шешім жоспарларын ұсынады. Егер мұғалім алдымен қазақ тілі дәптерлерін тексерген болса, шешуі 32 - 30 = 2. 2 дәптер - ол қазақ тілінен тексермегені, ал тағы математикадан 27 дәптер бар, барлығы 27 + 2 = 29 (дәптер) деген амалдан бастау керек. Ол кез келген дәптерді тексерді деген есеп ұсынылса, алдымен мұғалім неше дәптер тексеруі керек екенін білу қажет: 27 + 32 = 59. Мұнан соң 59 - 30 деп ала отырып, біз мұғалімнің қанша дәптер тексергенін анықтаймыз. №6 тапсырма оқушылардың тіктөртбұрыш периметрін есептеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған және өз бетінше орындап, соңынан тексеруге болады.

№8 тапсырма «аудан» түсінігін енгізуге дайындық жұмысы болып табылады және мұғалімнің жетекшілігімен орындалады, сонымен қатар қыштақталарды санауда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің пайдаланылуын атап көрсеткен жөн.



5. Сабақты қорытындылау алдыңғы сабақтағыдай жүргізіледі. Өрнектің шешуін ұсынып, соңынан тексеру жүргізіледі (№7 тапсырма).
15 - Сабақ. Көбейту мен бөлудің

өзара байланысы
Сабақтың мақсаты: практикалық амалдар орындау негізінде

көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысымен таныстыру.



  1. Тірек білімдерін белсендіру.

Көбейту және бөлудегі кері амал түсінігін еске түсіріңдер. Өзара байланысты мысалдар төрттігі шешіледі немесе олар үлгі бойынша құрастырылады. Сонымен қатар компоненттер байланысы қаралады: егер қосындыдан бір қосылғышты алып

тастаса, ... шығады, т.б. Қосу және азайту бойынша бірнеше


теңдеу шешіп, оларды шешу амалдарын қарастырыңдар.
Содан кейін өрнектер құрастыруды немесе сурет бойынша
өрнек құруды тапсыру керек:
























































Жазғандарын түсіндіре отырып, балалар төрт өрнек құрастырады.

Сандық материалды талдаңдар және бастапқы қорытынды жасап көріңдер: егер нәтижені көбейткіштердің біріне бөлсе, екінші бір көбейткіш шығады.

2. Жаңа тақырыппен таныстыру.

Оқулық бойынша жұмыс жоғарыда көрсетілгендей басталады. Балалар сызықтарға көз жүгіртіп, сандардың байланысын түсіндіреді. Содан кейін қорытынды жасайды: көбейту мен бөлу - кері амалдар, егер нәтижені көбейткіштердің біріне бөлсе екінші бір көбейткіш шығады, егер бөліндіні бөлінгішке көбейтсе, бөлгіш шығады, егер бөлгішті бөліндіге бөлсе, бөлінгіш шығады.

Өзара байланысты өрнектер төрттігін жазу керек.

3. Жаңа материалды бекіту.

№2 тапсырманы орындау барысында мұғалім түсінік беру үлгісін береді немесе балалар өздері амалдар компоненттерінің байланысын көрсетеді. Келесі бағандарды өздері құрастырады. Оларды тексеріп, ауызша айтады.

Есептерді құрастыру және шешуді (№3 жөне №4 тапсырмалар) оқушылар өз беттерінше орындап, соңынан тексереді. №3 тапсырмада сурет пен сұрақтар бойынша есеп құрастыра отырып, шешуі мен есептің шартын салыстыру керек.

4. Өздік жұтыс ретінде № 6 теңдеу шешімі орындалады.
№7 тапсырма логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналады. Егер 5 литрлік банкадағы судың үш литрін құйып алса, 2 литр су қалады. Егер 5 литрлік банкаға үш литр су құйып, оның үстіне лық толғанша үш литрлік банкадан су құйса, сонда үш литрлік банкада 1 литр су қалады.

5. Сабақты қорытындылау алдыңғы сабақтардағыдай жүргізіледі. Үй жұмысы ретінде өрнектің мәнін табуды тапсыруға болады (№5 тапсырма).
16—17-сабақтар. Көбейтіндіні және бөліндіні

табуға арналған жай есептерді шығару
Сабақтың мақсаты: кері есептерді шешу үлгісінде көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысы және мәнін ашу.

1. Тірек білімдерін белсендіру.

- Екі, үш, төрт сандарымен тура және кері бағытта санаңдар. Санау шеңберін мұғалім белгілейді.

Тақтада қосынды мен белгісіз қосылғышты (немесе қалдықты (айырманы) және белгісіз азайтқышты) табуға арналған кері есептер шешуге болады.

Оқулықтағы №1 тапсырмаға ұқсас жаттығулар орындаңдар.

— Көбейту мен бөлу амалдарының байланысын қайталаңдар, мысалдар төрттігін құрастырыңдар және осы байланыстар туралы дауыстап айтыңдар. Тақтадағы сурет бойынша ауызша өзара байланысты төрт өрнек құрастырыңдар.

3. Жаңа материалды бекіту.

№2 тапсырманы орындау барысында мұғалім түсінік беру үлгісін береді немесе балалай өздері амалдар компоненттерінің байланысын көрсетеді. Келесі бағандарды өздері құрастырады. Оларды тексеріп, ауызша айтады.

Есептерді құрастыру және шешуді (№3 және №4 тапсырмалар) оқушылар өз беттерінше орындап, соңынан тексереді. №3 тапсырмада сурет пен сұрақтар бойынша есеп құрастыра отырып, шешуі мен есептің шартын салыстыру керек.

4. Өздік жұмыс ретінде № 6 теңдеу шешімі орындалады.
№7 тапсырма логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналады. Егер 5 литрлік банкадағы судың үш литрін құйып алса, 2 литр су қалады. Егер 5 литрлік банкаға үш литр су құйып, оның үстіне лық толғанша үш литрлік банкадан су құйса, сонда үш литрлік банкада 1 литр су қалады.

5. Сабақты қорытындылау алдыңғы сабақтардағыдай жүргізіледі. Үй жұмысы ретінде өрнектің мәнін табуды тапсыруға болады (№5 тапсырма).
16—17-сабақтар. Көбейтіндіні және бөліндіні

табуға арналған жай есептерді шығару
Сабақтың мақсаты: кері есептерді шешу үлгісінде көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысы және мәнін ашу.

1. Тірек білімдерін белсендіру.

- Екі, үш, төрт сандарымен тура және кері бағытта санаңдар.


Санау шеңберін мұғалім белгілейді.

Тақтада қосынды мен белгісіз қосылғышты (немесе қалдықты (айырманы) және белгісіз азайтқышты) табуға арналған кері есептер шешуге болады.

Оқулықтағы №1 тапсырмаға ұқсас жаттығулар орындаңдар.

— Көбейту мен бөлу амалдарының байланысын қайталаңдар, мысалдар төрттігін құрастырыңдар және осы байланыстар туралы дауыстап айтыңдар. Тақтадағы сурет бойынша ауызша өзара байланысты төрт өрнек құрастырыңдар.



2. Кері есептермен таныстыру.

Оқулықтағы №2 тапсырмаға арнап сурет салыңдар. Әр есептегі жағдайды талдаңдар және суреттің жанына тиісті өрнекті жазыңдар.



4 • 2 =8

8 : 4 = 2

8 : 4 = 2
а) тапсырма бойынша сурет сала отырып, балалар 8 болған оң жаң пен сол жаққа кезектестіріп бір кітаптан қояды.

Балалар байланысты байқай отырып, бұл үшеуі бір-біріне кері есептер деген қорытынды жасайды.



3. Жаңа материалды бекіту.

№3 тапсырма жаңа материалды бастапқы бекітуге арналған. Тапсырманы геометриялық фигуралармен практикалық жұмысты жалғастыра отырып орындауға болады, мәтіндік есептер ойдан құрастырылады.

Әріпті есептерді шешу (№4 тапсырма) алгебралық дағдыларын дамытуға бағытталған.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды, мұнда кері есеп құрастыру үшіп тірек жазулар беріледі.

Балалар №7 тапсырманы түсіндіре отырып немесе өз беттерінше орындайды (дайындық деңгейлеріне қарай). Бағандағы бірініші мысалды шешіп, бірінші және одан кейінгі мысалдардың мәліметтерін салыстыра отырып, бағандағы екінші және үшінші мысалдың шешімін тез жазуға болады.

№8 логикалық тапсырманы шешу үшін мұғалім мынаған ұқсас өрнектер жазады.

 + 2 + 10 = 20


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау