1. Тіл туралы түсінік



жүктеу 0,75 Mb.
бет10/10
Дата07.12.2017
өлшемі0,75 Mb.
#3496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

23.Сөз таптары



Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену түлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар.

Олар:


  1. Зат есім,

  2. Сын есім,

  3. Сан есім,

  4. Есімдік,

  5. Етістік,

  6. Үстеу,

  7. Еліктеу сөздер,

  8. Шылау,

  9. Одағай.



24.Зат есім


Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сүраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), іні (кім?), тау (не?), ауыл (не?), ақыл (не?), мал (не?), қус (не?), т. б.
Зат есімнің жасалуы

Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі зат есім болып үшке бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, күй-ші, ай-лық, жақ-сы-лық, біл-ім, аялда-ма, бұр-ғы, айт-ыс, күре-к, т. б.

Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, аяқ-та-бақ, азық-түлік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі, т. б.
Деректі және дерексіз зат есімдер

Айналадағы заттар мен қүбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен үстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.



Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар мектеп, қагаз, агаш, қалам және т. б.

Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, үғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы, адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, сезім және т.б.

1. Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтап, теріп жаз.


Сайыпқыран, тәкаппар Гулсары көзі жайнап, бір бүйірлеп бийлей басып ортаға шықты. Ол өзінің құдіреттілігін, сұлулығын даңықты екенін сезгендей еді. Алдына қара салмай бағы жанып тұрған кезде жүйріктің ауа жер жарады.

25.Жалқы жане жалпы зат есімдер



Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады.

Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана койылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялык (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би, т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.
1.Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
1) кісі аттары;

2) мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары;

3) ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;

4) жер, су атаулары;

5) газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттары;

6) жылқыға, сиырға, түйеге, итке, т. б. хайуанаттарға қойылатын аттар.


2. Жалқы есім мен жалпы есімді теріп жаз.
Бурабайды бұрын көрмеген Жақыпбек айналасына қарады. Ол біресе көлге біресе Сиыртас пен Шошқатасқа, біресе Оқжетпес пен Көкшеге, біресе Бөлектауға тамсана қарады. Бұл жерде бірнеше рет болған Бану мен Байсал да сұлу табиғатты тамашалап тұр. Осы жерде Майбалық көлі де бар. Оның суы асқазан ауруын емдейді.

26. Сын есім



Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады. Сын есім қандаіі? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есімнің негізгі белгілері

1. Қазақ тіліндегі сын есім зат есімге анықтауыш болып тіркесіп жұмсалғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды: ақ көйлек, жақсы кісі, зерек оқушы, жеңіл жук, кең бөлме, дәмді ас, өткір иіс т.б.

2. Сын есім септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді. Сын есім септік, көптік, тәуелдік жалғауларды қабылдаса, субстантивтеніп кетеді (субстантивтену - заттану, зат есімге айналу): Үлкенге (кімге?) - қурмет, кішіге (кімге?) -ізет (мақал).

3. Сын есімге тән қосымшалар - шырай жұрнақтары.



Дара және күрделі сын есімдер
Құрамына қарай сын есімдер дара және күрделі болып бөлінеді.

Курделі сын есім кем дегенде екі түбірден құралса, дара сын есім бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: ақкөйлек, улкен орындық, аласа төбе дегенде ақ, улкен, аласа дара сын есім болса, орта жастағы адам, үлкенді-кішілі топ, көк көйлекті бала дегендегі орта жастағы, үлкенді-кішілі, көк көйлекті күрделі сын есім болады.

Күрделі сын есімнің жасалу жолдары

  1. Сын есімдердің тіркесуі аркылы: ақ ала, қара көк, ақ шұбар т.б.

Қосарлану арқылы: биік-биік, жақсылы-жаманды, орманды-тоғайлы т.б.

  1. Зат есім, сан есім сөздерінің тіркесуі, бірігуі арқылы: дуниежузілік, халықаралық, он кісілік, бес орындық т.б.

27.Сын есімнің мағыналық түрлері

Сын есім заттың түрлі белгілерін тікелей де, басқа екінші бір заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай ерекшеліктерге қарай сапалық және қатыстық деп бөлінеді.



Сапалық сын есімдер - заттың әр алуан белгісін (түр-түсін, көлемін, сапасын, дәмі мен иісін т.б.) білдіретін сөздер.

Сапалық сын есімдердің негізгі белгілері

1. Сапалық сын есімдер негізгі түбір сын есімнен болады: сары дала, тәтті кәмпит, жақсы сөз т.б.

2. Сапалық сын есімдер шырай жұрнақтарын қабылдайды: кең - кеңдеу - кеңірек - өте кең т.б.



Қатыстық сын есімдер - зат белгілерінің бақа бір зат қатысы арқылы аныкталуы.

Қатыстық сын есімдердің негізгі белгілері

1. Қатыстық сын есімдер жұрнақтардың қатысуымен басқа есімдер мен етістіктерден жасалады: малды ауыл, балалы уй, көлді жер т.б.

2. Қатыстық сын есімдер шырай жұрнактарымен түрлене алмайды.

1. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар.
Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп...


Қалын ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді - өзі

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан...


Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

(Абай)
2. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, бір екі баған етіп жазыңдар.
Үлгі: Сапалық сын есімдер: Қатыстық сын есімдер:

ақшыл аттылы


Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат, жаман, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, қызылды – жасылды, алғыр, мінезді, өнерлі, жүгіргіш, ұзын, жарық, кең, қысқа.

28.Сын есім шырайлары.

Заттың белгілері бізді қоршаған дүниеде бірде анық, бірде күңгірт, бәсең, енді бірде бір-бірінен салыстырыла аңғарылып жатады. Заттың түрлі белгілерінің арасын анықтап, неғұрлым дәл көрсету мақсатында тілде түрлі қосымшалар қолданылады.



Зат белгілерінің әр түрлілігін, бір-бірінен артық-кемдігін білдіретін сын есім формалары шырай деп аталады.Қазақ тілінде шырайдың төрт түрі бар.

Шырайдың түрлері

1. Салыстырмалы шырай - зат белгілерінің артың-кем-дігін бір-бірімен салыстыруаркылы аныңтайтыншырай түрі.

Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары 1) -ырақ, -ірек, -рақ, -рек: қаттырақ, жақсырақ, басымырақ, қызылырақ т.б.

2) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: жасылдау, қызылдау, аласалау, ұзындау т.б.

3) -қыд -ғыд -қылт, -ғылт: сарғылт, дымқыл, бозғылтт.

4) -шыд -шіл: көкшіл, ақшыл т.б.

2. Кушейтпелі шырай - зат белгілерібаска зат белгілерімен салыстырғанда өте артык немесе өте кем екендігің анықтайтын шырай түрі.

Күшейтпелі шырай негізгі сын есімге күшейткіш буынды қосу арқылы жасалады: жап-жасыл қап-қара, ап-аласа, боп-боз, аппақ т.б.

3. Асырмалы шырай - зат белгілерін басқа заттардан тым көтеріп немесе тым төмендетіп көрсететін шырай түр:



тым жақсы, өте қызыл, ең әдемі, аса биік т.б.
1.Берілген сын есімдердің қай шырайға кіретіндігін анықта.
Биік,ауырырақ,сап-сары,үп-үлкен,үлкендеу,қызыл,ақшыл,көгілір,сап-сары,жап-жарық,сарғыш,ақылды,жылылау,өнімді.

29.Сан есім.


Заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есім заттың санын анықтайтындықтан зат есіммен тіркеседі. Сан есімдердің ерекшелігі басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғау арқылы жасалмайды. Тілдегі бар 20 сан есім өз ішінен құрамы жағынан дара және күрделі сан есім құраса, мағыналық жағынан 6 түрге жіктеледі. Сан есімдер септік, көптік, тәуелдік жалғауды қабылдаса, зат есімге айналады. Мысалы: Үшінші орнынан турды. Кім тұрды? - үшінші.
Дара және күрделі сан есімдер
Дара сан есімдер деп бір түбірден құралған сан есімдерді айтамыз. Мысалы: он бола, екі үй, жиырма қалам, жүз кітап т.б.

Күрделі сан есімдер - дара сан есімдердің. тіркесуі, қосарлануы арқылыжасалатын сан есімдер. Мысалы: бір мың тоғыз жүз оныншы жыл, жиырма бес сөз, жүз он төрт шақырым т.б.
1. Төмендегі сөздерді сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.

Үлгі: Дара сан есімдер: үш, ... .

Күрделі сан есімдер: қырық бір, ... .

3, 41, 68, 7, 5-6, 50-60, 4, 27, 9, 1000, 50, 70, 1597, 878, 2525, 5.27, 20.


2. Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімі бар сөйлемдерден мәтін құраңдар.

Үлгі: Атам мен әжемнің екі – үш сиыры, он – он бестей қойы бар.

Атам мен әжем. Жеке меншік мал. Бақташы. Ұжым малы. Кезектесіп бағу. Малдың күтімі. Ауыл өмірі. Еңбек адамдары. Көңілді сәттер. Балалардың бірлігі.

30. Сан есімнің мағыналық түрлері.

Сан есімдер заттың санын анықтау дәрежесіне қарай, мағыналық жағынан есептік, реттік, жинақтық, топтау, бөлшектік, болжалдық болып бөлінеді.



1. Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақты, дәл санын білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Құрамына қарай дара және күрделі деп бөлінеді, басқа сан есімдердің жасалуына негіз болады. Мысалы: үш мың төрт жуз елу алты оқулық, он көше, отыз екі қала т.б.



2. Реттік сан есім

Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарын қосу арқылы жасалып, заттардың сандық ретін білдіреді. Күрделі сан есімдерде -ыншы, -інші, -ншы, -нші қосымшасы соңғы санға жалғанады. Мысалы: Гүлжан жуз он төртінші пойызбен келді.



Реттік сан есімдердің ерекшеліктері

1. Реттік сан есімдер сөйлемде цифрмен де беріледі.

2. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары орнына дефис (-) қойылады: 20-бет, 5-тарау, 6-бөлім т.б.

3. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: ХХ ғасыр, V тарау, VІ бөлім т.б.

4. Реттік сан есім жыл, ай аттарын көрсетсе, сан есімдерден кейін тыныс белгісі қойылмайды: 1970 жыл, 18 қыркүйек т.б.

3. Жинақтық сан есім

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Қазақ тілінде жинақтық сан есімдердің саны жетеу. Олар -ау, -еу жұрнақтарымен жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.



4. Топтау сан есім

Топтау сан есімдер - біркелкі заттар мен құбылыстардың мөлшерін топтап көрсететін сан есімдер. Сұрақтары: қаншадан? нешеден?

Топтау сан есімдердің ерекшеліктері

1. Топтау сан есімдер дара сан есімдерге -даң -ден, -таң -тен қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады: үштен, төрттен, екіден, алтыдан т.б.

2. Қосарланған сан есімдерге -даң -дең -таң -тең -наң -нен қосымшалары қосылады: бір-бірден, он-оннан, жүз-жүзден, отыз-отыздан т.б.

Топтау сан есімдерге сөз түрлендіретін де, сөз тудыратын да қосымшалар қосылмайды.

5. Бөлшектік сан есім

Бөлшектік сан есімдер - таза математикалык ұғымға негізделген сөздер. Бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан тек күрделі ғана болады.

Бөлшектік сан есімнің құрамы

1. Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің екісі, жүздің жиырмасы, тоқсанның отызы т.б.

2. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады: екіден бірі, оннан бесі, сегаден алтысы, мыңнан бірі т.б.

3. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте болып келеді: оннан төрт, жиырмадан бес, жүзден он, мыңнан бір т.б.

4. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғаудағы бөлік сөзінің тіркесуімен жасалады: жүзден он бөлігі, мыңнан бір бөлігі т.б.

5. Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік сан есімдерге жарым, ширек,жарты сөздері тіркеседі. үш жарым мың, жиырманың жартысы, алты жарым, төрт ширек, үш ширек т.б.

6. Таза математикалық бөлшектік санда бүтін сөзі қолданылады: он бүтін алтыдан екі, жиырма бес бүтін оннан сегіз, тоқсан сегіз бүтін алпыс екі ден қырық төрт т.б.



6. Болжалдық сан есім

Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл көрсетпей, шамалап, болжалдап білдіреді.

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары

1. Морфологиялық тәсіл арқылы

1. Жалғаулармен:

а) көптік жалғаумен: алтылар, жетілер, елулер т.б. ә) көптік және септік жалғаулармен: отызда, он екілерде, жиырма үштерде т.б.

2. Жұрнақтармен:

а) -даған, -деген, -таған, -теген: ондаған, жүздеген, мыңдаған т.б.

ә) -дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп: ондап, мыңдап, жуздеп т.б.

б) -дай, -дей, -тай, -тей: алты сағаттай, он шақырымдай т.б. Бұл жұрнақтар есептік сан есімдерге тіркескен зат есімдерге жалғанады.


1. Берілген есепті сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.

Үлгі: жеті – жетінші, ... .

7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 478, 542, 627, 1996, 158, 369, 2695.
2. Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік, болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазыңдар

Үлгі: Реттік сан есім: жүзінші, ...



Болжалдық сан есім: жүздеген, жүз шамалы, жүзге тарта,

жүздей, ...

Топтау сан есім: жүз – жүзден, ...

Жүз, елу, алпыс, тоқсан, мың.


3. Сөйлемдерді оқып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық түріне қарай ажыратыңдар.

  1. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

  1. Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінің ебі жоқ

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық, кемі жоқ.

(Жұмбақ: оң қол мен сол қол)


  1. Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл

(Мақал)

  1. Қырық километрге төрт жүз шұңқыр керек. Жиырма адамның жетеуі үшеуден ғана қазып жатыр.

(Ғ.Мұстафин)

31.Етістік. Етістік түрлері.



Етістік – заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтты? деген сұрақтарға жауап болады. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Көкек көріп қарлығашты, Қиғаш келіп амандасты. Берілген мысалдарды ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласын(сен не істейсің?), көріп келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді?) деген сөздер заттық ұғымдағы сөздердің (сен, көкек, мен) қимылын, іс - әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздер етістіктер деп аталады.
Дара етістік пен күрделі етістік.
Етістіктер құрамына қарай дар етістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. (Ы.Алтынсарин). Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген.

Бұл сөйлемдердегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады. Өйткені бұлар – бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер.



Екі я одан көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. (М.Әуезов) Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен. (Ы.Алтынсарин). Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?) жамап отыр екен (қыз не істеген?) дегендер – күрделі етістіктер.

Әдетте күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, кейінгісі оған көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емес, бір нешеу болуы да мүмкін.


1. Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңдар.

Үлгі: Әшекейле, алаңдау, ...

Әшекей, алаң, амал, ашу, әзіл, әсем, әсер, әрекет, аяқ, айшық, айқын, тамыр, әңгіме, сыр, адал, адым, аз, ажуа, ажар, азық, айбат.

32.Етістік шақтары

Етістіктің мағынасы іс-әрекетті білдіру болса, кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгілде орындалады. Ол сөйлеуші айтып тұрған мезгілде өтуі мүмкін, немесе үнемі өтіп жататын әрекет болады, сондай-ақ не сөйлеп тұрған кезден бұрын, не кейін орындалуы да мүмкін. Ендеше, етістік шағы сөйлеп тұрған кезге қатысты анықталады.



Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.

Мысалы: Мен 1990 жылы тудым немесе биыл мен 14 жастамын. Бұл сөйлемдерде мезгілдің нақты уақыты айтылған. Ал шақ жұрнақтары арқылы іс, қимылдың өту кезеңдері сөйлеп тұрған кезбен анықталады. Осыған орай етістік шақтары үшке бөлінеді: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.


1. Өткен шақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.

1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.

Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді. Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.



жақ

жекеше

көпше

I

Мен оқыдым

Біз оқыдық

II

Сен оқыдың Сіз оқыдыңыз

Сендер оқыдындар Сіздер оқыдыңыздар

III

Ол оқыды

Олар оқыды

2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.

Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары

1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.

2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.

3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді

Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары


    1. -атың -етің -итың -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы:




жақ

жекеше

көпше

I

Мен оқитынмын

Біз оқитынбыз

II

Сен оқитынсың Сіз оқитынсыз

Сендер оқитынсыңдар Сіздер оқитынсыздар

III

Ол оқитын

Олар оқитын




    1. -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы:

жақ

жекеше

көпше

I

Мен барушы едім

Біз барушы едік

II

Сен барушы едің Сіз барушы едіңіз

Сендер барушы едіндер Сіздер барушы едіңіздер

III

Ол барушы еді

Олар барушы еді


2. Осы шақ
Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.

1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.


жақ

жекеше

көпше

I

Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын)

Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)

II

Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз)

Сендер отырсыңцар (жүрсіңдер, түрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар)

III

Ол отыр

(жүр, түр, жатыр)



Олар отыр

(жүр, түр, жатыр)


Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.




жекеше

көпше

Мен оқып жатырмын

Біз оқып жатырмыз

Сен оқып жатырсың Сіз оқып жатырсыз

Сендер оқып жатырсындар Сіздер оқып жатырсыздар

Ол оқып жатыр

Олар оқып жатыр


3. Келер шақ
Келер шақ - сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.

1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді. Мысалы: Апам бір ақылын табар.

Болжалды келер шақ етістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

2) Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады. Мысалы: 1. Оқуға баруға ниет етпекпін. 2. Кітапты бугін-ертеңдер бітірмекпін.

Мақсатты келер шақ етістік түбіріне -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтарына жіктік жалғау жалғануымен жасалады. Шақтың басқа да түрлері сияқты мақсатты келер шақта құрамына қарай дара және күрделі болады.

3) Шақтық мағына сөйлем ыңғайына қарай айқындалатын келер шақ түрі ауыспалы келер шақ деп аталады. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады.




33.Морфологиялық талдау үлгілері.

Сөздерді тұлғасына қарай талдағанда мына шартты белгілер қойылуы керек.

-түбір

-жұрнақ


-жалғау

Мысалы: Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты.


1.Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса.
Мен хайуанаттар саябағында көптеген аңдарды көрдім. Піл өте үлкен екен. Менің бір кішкентай күшігім бар. Мысығым мен күшігім жақсы достар. Мен күшігіме әр түрлі тамақ беремін. Менің мысығым ұйықтағанды жақсы көреді.

МАЗМҰНЫ



1.Тіл туралы түсінік. 1

2.Дыбыс және әріп 1

3.Дауысты дыбыстар. 3

4.Дауысты дыбыстардың жіктелуі. 4

5.Дауыссыз дыбыстар. 5

6.Дауыссыздардың жіктелуі 6

7.Буын 7

8.Үндестік заңы 9

9.Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі 9

10.Тасымал 11

11.Екпін 12

12.Фонетикалық талдау. 12

13.Лексика 15

14.Антоним сөздер. 15

15.Синонимдер. 16

16.Омонимдер 17

17.Кәсіби сөздер мен терминдер 18

18.Кірме сөздер 19

19.Морфология. Сөз түлғасы 20

20.Түбір мен қосымша. 20

21.Қосымша түрлері. Жұрнақ 21

22.Жалғау 22

23.Сөз таптары 25

24.Зат есім 26

25.Жалқы жане жалпы зат есімдер 26

26. Сын есім 27

27.Сын есімнің мағыналық түрлері 28

28.Сын есім шырайлары. 29

29.Сан есім. 29

30. Сан есімнің мағыналық түрлері. 30

31.Етістік. Етістік түрлері. 32

32.Етістік шақтары 33



33.Морфологиялық талдау үлгілері. 36





жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау