6.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық тәжірибеде қолданылатын әдістері
Кəсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап, қорытумен, ағымдағы жəне жорамалданған шығындар бойынша есеп берумен байла-нысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға , сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кəсіпорынға лайықтап, шығындарды есепке алудың жəне өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі əдістерін талдап, енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адамдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер жəне басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу жəне өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерде өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжай-ды, түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырады жəне түрлі жағ-дайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға тал-дау жасап, кəсіпорынды басқару органдарына өзіндік құн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағым-дық жəне болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.
Кəсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады. Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкер-шілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындарың есебін жүзеге асырады жəне өнімнің, жұмыстың жəне қызметтің өзін-дік құнын калькуляциялайды.
Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар , өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ норматив пен норманы əзірлеуді жүзеге асырады, яғни кəсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығын-дарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдас-тыру кəсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кəсіпорындарында тап осындай нұсқа өте жиі кездеседі жəне ол басқарушы есеп деп аталады.
Сөйтіп, өндірістік (басқару) есеп қаржылық есепті кеңейтеді жəне ол негізінен кəсіпорынның ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл жерде қаржылық есеп есептік саясат-тың аясында Халықаралық есеп стандартына сəйкес ұйымдас-тырылса, басқарушы есеп іс жүзінде ондай тəртіппен белгілен-бейді (регламенттелмейді). Халықаралық есептің тəжірибесі мынаны көрсетіп берді: кəсіпорынның əрбір саласында, сала ішіндегі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдасты-рудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстіне көптеген кəсіпо-рындар мен фирмалардың капиталмен еркін айналысуына мүм-кіндік беретін көпсалалы профилі бар екенін ескерген жөн, демек өндірістік есептің қатаң тəртібін белгілеу іс жүзінде өте қиын іс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |