34
ҚР ҚН 1.02-03-2011
дын-ала зерттеу сынақтарының нәтижелерін практикада (құрылыс барысында және анықталған
пайдалану кезеңінде) қуаттау мақсатында таңдауды жүзеге асыратын жобалау және (немесе)
құрылыстың тәжірибелі (сынама) объектісі.
Эксперименттік құрылыс объектілері елді мекеннің тіршілік әрекетінің жағдайын
жақсарту мен жетілдіруге, технологиялық, техникалық және ғылыми жетістіктерді енгізу
жолымен қоршаған ортаның жағдайын қалыптастыруға бағытталып, шектелген аумақта
шоғырланған (өнеркәсіптік тораптар, елді мекеннің аймағы, шағын ауданның немесе басқа
да қала құрылыстық кешендердің) кәсіпорындар кешендері, ғимараттар және құрылыстар
топтары, бөлек тұрғызылған ғимараттары және құрылыстары, сәулеттік, құрылыстық,
инженерлік және (немесе) технологиялық шешімдері болуы мүмкін.
Жобалар сараптамасы (сондай-ақ «жобалардың мемлекеттік сараптамасын қараңыз») –
тапсырыс берушінің (инвестордың) жобаны қаржыландыру орындылығы және оны іске асыру
туралы шешім қабылдауының жоба алдындағы немесе жобалау құжаттамасын әзірлеу кезеңі.
Сараптама инвестициялар құжаттамасына талдау жүргізуге және оның тиімділігін белгілеуге,
сондай-ақ жобалардың сапасын олардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адам-
ның тіршілік етуіне қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды, жобаланып отырған объекті-
лердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік нормативтердің
шарттары мен талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жолымен бағалау.
Нобай (нобайлық жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық,
құрылымдық, инженерлік, безендіру немесе басқа) шешімнің жеңілдетілген схема, сызба,
бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін
түрі.
Сарапшылық сүйемелдеу режимінде жобалау құжаттамасын сатылы түрде әзірлеу
кезеңі – жобалау құжаттамасының белгілі (анықталған) жинағы, ол бойынша жергілікті
қорытынды беріле алады, ескертулер жоқ болған жағдайда ол тапсырыс берушінің жобаның
осы бөлігін аралық түрде бекітуіне негіз болады.
Құрылыс ұзақтылығы 3 жылдан көп техникалық күрделі объектілерді сатылы іске
асыру кезеңі – бір немесе бірнеше іске қосылатын кешендер немесе құрылысы үш жылдың
шегінде болатын құрылыстың кезегі.
35
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Б қосымшасы
(міндетті)
Өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалауға тапсырма
_______________________________________________________________________
( объект, ғимарат және құрылыстардың атауы мен орналасқан жері)
№ р/с
Негізгі деректер мен талаптардың тізбесі
1
Жобалауға арналған негіздеме.
2
Құрылыс түрі.
3
Жобалау кезеңдері.
4
Нұсқалық және байқау әзірлемесіне қойылатын талаптар.
5
Құрылыстың айрықша жағдайлары.
6
Объектінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде
қуаттылық, өнімділік, өндірістік бағдарлама.
7
Инженерлік жабдыққа негізгі талаптар.
8
Өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігі сапасы мен экологиялық өлшемдеріне
қойылатын талаптар.
9
Технологияға, кәсіпорын тәртібіне қойылатын талаптар.
10
Мүгедектер үшін тіршілік ету ортаға қолжетерлік жағдайларын ескеріп,
сәулеттік-құрылыстық, көлемді-жоспарлау және үйлесімді шешімдерге
қойылатын талаптар.
11
Құрылыстың ұйымының талаптар және өңдеуiн көлемі
12
Кезектілік және іске қосылатын кешендерді бөліп көрсету, кәсіпорындарды
болашақта кеңейту жөніндегі талаптар.
13
Табиғатты қорғау шаралар мен іс-шараларын әзірлеудегі талаптар мен
жағдайлар.
14
Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы тәртібіне қойылатын талаптар.
15
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын және төтөнше
жағдайлардың, басқа да қорғау шаралардың алдын-алу жөніндегі шараларды
әзірлеуге қойылатын талаптар.
16
Ғылыми-конструкторлық және тәжірибелік-үйлесімдік жұмыстарын орындау
жөніндегі талаптар.
17
Энергияны сақтау жөніндегі талаптар.
18
Көрініске қойылатын материалдардың құрамы.
ЕСКЕРТПЕ
Жобалау тапсырмасының құрамы салалық ерекшелігі мен құрылыс түрін есепке алу арқылы белгі-
ленеді.
Тапсырыс беруші жобалау ұйымына жобалау тапсырмасымен бірге осы нормативтің 5.4 бабында
көрсетілген жобаны ұйымдастырудың бастапқы материалдарынан басқа келесі құжаттар мен
мәліметтерді:
- белгіленген тәртіп бойынша бекітілген құрылыс объектісінің техникалық-экономикалық негіздемесі
(инвестициялар) немесе басқа да жобаның алдыңғы құжаты;
36
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- объектіні орналастыру орнының алдын-ала келісілгені туралы жергілікті атқарушы үкімет органы-
ның шешімін;
- құрылысқа арналған жер телімін (трассаны) таңдау актысы және оған қоса тапсырылатын
материалдарды;
- объектінің құрылысы туралы шешімді жұртшылықпен талқылау туралы мағлұматтарды;
- жабдықтар, соның ішінде жеке жасалған жабдықтар жөніндегі бастапқы деректерді;
- технологиялық үрдістер мен жабдықтарды жасауға байланысты орындалған ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі қажетті деректерді;
- түгендеу материалдары, ғимараттар мен құрылыстарды бұзу және бұзылатын үйлер мен ғимараттар
үшін төленетін өтем сипаты туралы жергілікті атқарушы органдардың бағалау актылары мен
шешімдерін;
- жергілікті әкімшілік және мемлекеттік қадағалау органдарынан алынған материалдарды,
соның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдай, табиғат жағдайы және табиғи орта жағдайының
сипаттамасын, ластау көздері туралы деректерді және табиғатты қорғау органдарының талаптарына,
құрылыс салынатын аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес келетін басқа да
мағлұматтарды;
- инженерлік іздестірулердің және тексерулердің қолда бар материалдарын, жер теліміндегі ғимарат-
тар мен құрылыстардың, [жер асты және жер үсті желілері мен коммуникациялардың өлшем сызбала-
рын;
- кәсіпорын өнімдерінің сызбалары мен техникалық сипаттамаларын;
- жұмыс істеп тұрған өндірістерді, ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын тексеру нәтижесі
бойынша қорытындылар мен жасалған материалдарды;
- жабдықтардың ерекшелігіне және олардың жағдайы туралы мағлұматтарға сәйкес жұмыс істеп
тұрған цехтарды, жер телімдерін технологиялық жоспарлау, жұмыс орнындағы еңбек жағдайы туралы
деректерді;
- уақытша ғимараттар мен құрылыстарды, көтеру көлік машиналары мен тетіктерін орналастыру,
құрылыс материалдарын қоймалауға арналған орындардың шарттарын;
- тараптармен (тапсырыс беруші мен мердігермен) келісілген басқа да материалдарды береді.
Достарыңызбен бөлісу: |