1. Пән туралы ақпарат


ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері



жүктеу 104,66 Kb.
бет5/33
Дата16.02.2023
өлшемі104,66 Kb.
#41352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері
1 - тақырып. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Педагогика ғылымыны қалыптасуы мен дамуы. Педагогика - қазіргі
адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың объектісі, пəні жəне қызметтері. Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері.
Педагогиканың негізгі категориялары (тəрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдарда пəнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-əрекет, қарым-қатынас, дамыту, əлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, əлеуметтану,
физиология жəне басқа ғылымдармен байланысының түрлері. Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогика объектісі, педагогика пəні, педагогиканың қызметтері, педагогикалық үдеріс, педагогика ғылымдарының жүйесі.


2 - тақырып. Педагогикалық зерттеудің əдіснамалық негіздері мен əдістері
Педагогика ғылымының əдіснамасы мен педагогтың əдіснамалықмəдениеті туралы түсінік. Педагогика əдіснамасының деңгейлері. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Таным теориясы. Жүйелік тəсіл (тұғыр) - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі. Тұлға теориясы. Іс- əрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Əлеуметтендіру
теориясы. Педагогоикалық теория мен практиканың əрекеттестік диалектикасы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мəні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Педагогика ғылымының əдістері. Ғылымипедагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс-əрекетінің əдістері. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру жəне өткізу əдістемесі.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық зерттеулер, əдіснамалық негіз, педагогика ғылымының əдістері, зерттеушілік инновациялық іс-əрекет, мұғалімнің зерттеушілік мəдениеті, зерттеуші-мұғалімнің əдіснамалық мəдениеті, зерттеушілік мəдениеттің əдістері.
3-тақырып. Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы мен қалыптасуының факторы
Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, əлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің жəне оны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен əдіснамалық негізі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары жəне олардың арақатынасы. Тұлға – іс-əрекеттің жəне өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тəрбиелеу», «қалыптастыру», «əлеуметтендіру» ұғымдарына жəне олардың
арақатынасына сипаттама. Адамның дамуындағы жəне оның тұлға ретінде қалыптасуындағы
(биологиялық, əлеуметтік жəне биоəлеуметтік) биологиялық жəне əлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы. Тұлғаны қалыптастыруға жəне дамытуға əсер ететін факторлар (сыртқы жəне ішкі, биологиялық жəне əлеуметтік). Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тəрбие, олардың өзара байланысы. Іс- əрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы жəне қалыптасуындағы рөлі. Тұлға - тəрбиенің, өзіндік дамудың объектісі жəне субъектісі. Тұлғаны
дамытудың жəне қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тəрбиелеу - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нəтижесі.
Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи əлеуеті. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Балалардың психофизиологиялық əркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар»,
«акселерация») жəне балалардың базалық психоəлеуметтік талаптары мəселелері, оларды оқу-тəрбие үдерісінде есепке алу. Ұл жəне қыз балаларды əлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық жəне заңдылықтар. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тəрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудегі инклюзивті тəсіл жəне оны
Қазақстанда іске асыру.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тəрбие, қалыптасу, белсенділік, объект жəне субъект, тұқымқуалаушылық, орта, тəрбие, өзін-өзі тəрбиелеу, іс-əрекет, қарым-қатынас, жастық кезеңдері, даралық ерекшеліктері.



жүктеу 104,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау