41. Л. Уайттың мәдени концепциясы
Бiлiмнiң ерекше саласы ретiнде мәдениеттiң жалпы теориясын кұру мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi бiрнеше қайтара ұғынылды. “Мәдениеттануды” құруға талаптанған алғашқы зерттеушiлердiң бiрi (ол мәдениет туралы ойлаудың даму феноменiн белгiлеу үшiн осы терминдi ғылыми айналысқа енгiзу кажеттiлiгiн арнайы негiздейдi) белгiлi американ мәдениет антропологы Лесли Уайт болды. Ол “мәдениет туралы ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану терминін қолданудың негізін қалады. (Л. Уайттың негiзгi еңбегi осылай аталады). Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше объектiсiн, әлеуметтiк кұбылыстардың ерекше тобын қамтиды. Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен кейiн тұрады: “Мәдениет” өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда бұл әдеттен тыс болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей объектiсi адам емес, мәдениет болады».
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi:
— біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т.б. қолдануын сипаттайды;
— екінші (ресми) қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез–құлық типтерінен, туыстық жүйелерден, экономикалық, саяси, әскери, эстетикалық және т.б. қатынастардан тұрады;
— үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі білім түрлерінен құралады;
Қазіргі уақытта 500-ден астам анықтама бар. Зерттеушілер жүзден астам негізгі анықтамаларды талдап, оларды былай топтастырды;
— суреттейтін анықтамалар, олар өзінің негізінде Э.Тайлордың мәдени антропологиясының негізін салушы тұжырымдамасынан шыққан. Мұндай анықтамалардың мәні мынандай: мәдениет – бұл қызметтің, сенімдердің барлық түрлерінің жиынтығы, оған адамның жасаған барлық нәрселері (кітаптар, картиналар және т.б.), табиғатқа және қоғамға бейімдеу жолдарын білу, тіл, дәстүр, этикет жүйесі, этика, дін кіреді;
— тарихи, қазіргі кезеңге адамзат дамуының бұрынғы кезеңдерінен жеткен дәстүрлер мен әлеуметтік мұраның ролін айқындайды, яғни мәдениет тарихи даму нәтижесі болып табылады және барлық жасандыдан, адам қолынан шыққан заттан және ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдыратын құралдан, символдан, ұйымнан, жалпы қызметтен, көзқарастардан, сенімнен құралады;
— нормативті, яғни қабылданған ережелер мен нормалардың мәніне көңіл бөлетін. Мәдениет – бұл әлеуметтік ортамен анықталатын, индивидтің өмір салты.
— құндылықтар: Мәдениет – бұл адамдар тобының материалдық және әлеуметтік құндылықтары, олардың институттары, әдет–ғұрыптары, мінез-құлық реакциялары,
— психологиялық, адамның нақты проблемаларды психологиялық деңгейде қалай шешетіндігінен шығады. Мәдениет – адамдардың табиғи орта мен экологиялық қажеттіліктерге ерекше бейімделудің барлық нәтижелерінен жинақталады,
— әлеуметтік – педагогикалық: мәдениет бұл адамның биологиялық мұра (генетикалық) ретінде алатын емес, үйренетін мінез–құлығы (әлеуметтендіру процесінде ие болады);
— құрылымдық, ұйымдастыру немесе модельдеу моменттерінің маңыздылығын белгілеп көрсетеді. Мәдениет – алуан түрде өзара байланысқан нақты белгілер жүйесі, Адамның негізгі қажеттіліктерінің маңына ұйымдастырылған, мәдениеттің материалдық және материалдық емес белгілі мәдениет ядросы (моделі) болатын әлуметтік институттарды құрады;
— идеологиялық; мәдениет – бұл ерекше әрекеттердің көмегімен индивидтен индивидке ауысатын идеялар ағыны;
— символдық: мәдениет – бұл белгілер мен символдарды қолданудан тұратын немесе оған байланысты болатын, әртүрлі феномендер (материалдық заттар, әрекеттер, идеялар, сезімдер) ұйымы.
Жеке авторлардың еңбектерінде мәдениет әртүрлі көзқарас жағынан қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |