1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Орта ғасырдағы орталық Азиядағы мәдени жаңалықтарын ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін кестелік түрде көрсетіп бер



жүктеу 1,21 Mb.
бет45/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

38. Орта ғасырдағы орталық Азиядағы мәдени жаңалықтарын ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін кестелік түрде көрсетіп бер

Орта ғасырлардағы тарихи және географиялық әдебиеттерде Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстанда, Талас, Қырғыз, Iле және Жоңғар Алатауларының бөктерлерiнде, Қаратаудың күнгей және терiскей беттерiнде, Сырдария, Арыс, Шу, Талас, Сарысу, Кеңгiр, т.б. өзендердiң аңғарларында егiншiлiктiң, қала құрылысы мен сәулет өнерiнiң жоғары дәрежеде дамығаны айтылады.



Мәдени жаңалықтары

Мәдени ерекшеліктері

6 — 13 ғ-дың басында қалалардың пайда болу, даму тарихын археологиялық деректер-де растауда. Қазба жұмыстарының барысында қалалардың терең тамырлы материалдық мәдениет дәстүрлерi болғанықталды. Ол дәстүрлер Қаңлы мен Үйсiн заманындағы ежелгi егiншiлiк қоныстардан бастау алады. 6 — 7 ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюына байланысты экономикалық өрлеу басталды. Саяси және экон. орталықтар бiрте-бiрте қалаларға айнала бастады. Ортағасыр қалалары үш бөлiкке бөлiнедi: 1) Цитадель — қаланың iшкi бекiнiстi бөлiгi; билеушi ордасы орналасқан; 2) Шаһристан цитадель төңiрегiндегi, ақсүйектер мен саудагерлер және оларға қызмет етушiлердiң тұрғын үйлерi орналасты. Ол қаланың экономикалық орталығы болды. Шахристан әдетте мұнара, кiретiн қақпалары бар дуалдармен қоршалған. Оның айналасында қолөнершiлер мен кедейлер қоныстанған рабат орналасқан. Кейiнгi кезеңдерде рабаттар да дуалмен қоршалды. Археологиялық қазбалардан жинаған материалдар қалаларда қол өнерiнiң қалай дамып, қандай дәрежеге жеткендiгiн шамалауға мүмкiндiк бередi. Орта ғасырларда қыштан ыдыс жасау ерекше дамыды. Көзе, саптаяқ, табақша, дастархан, құм түрлерi көптеп жасалды. Қала тұрмысында тоқыма, әйнек үрлеу, зергерлiк, ұсталық, ағашты және сүйектi бедерлеп ою жоғары дәрежеге жеткен. Әйнек бұйымдар жасау өндiрiсi кең өрiс алған. Ежелгi Тараз, Отырар, Ақтөбе, Талғар, т.б. қалаларда әйнек әзiрленген. Металдан шырағдан мен оның тұғыры, ағаш соқа түренi, орақ, кетпен, қару-жарақ (найза, садақ жебесi, т.б.) ұста аспаптары (балға, төс, қысқаш, т.б.) сияқты бұйымдар жасалған. Сүйек пен мүйiзден бойтұмар, пышақ сабы, ойын сүйектерi, түймелер, т.б. ұсақ-түйек бұйымдар дайындалды. Бұл кезеңде егiншiлiк шаруашылықтың жетекшi салаларының бiрiне айналды. Егiншiлiкпен ауыл ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары да шұғылданды. Қазақстандағы елдi мекендер мен қала тұрғындары егiншiлiкпен, бақ және жүзiм ш-мен шұғылданғаны туралы жазба деректерде көп айтылады.

6 — 7 ғ-ларда Қазақстан халқының көпшiлiгi жартылай көшпелi және көшпелi тұрмыс кештi. Түркiлердiң келуiмен бiрге Қазақстан жерiнде тiзбектелген балбалдармен қоса антропоморфтық тас мүсiн, қатар-қатар тас қоршаулар пайда болды. Осы тұста темiр үзеңгiлер, садақ жебесiнiң, қанжардың жаңа түрлерi, қылыш соғылды. Металл жапсырмалармен безендiрiлген жауынгерлiк белбеу кең тарады. 6 — 8 ғасырлардан қалған бейiттерге өлген кiсiнi мiнген атымен бiрге жерлеу рәсiмi тән. Бейiттердiң сыртқы белгiлерi мынадай: астыңғы жағы төрт бұрышты немесе шаршы пiшiндi болып келедi-де, үстiне аласалау етiп тас немесе топырақ үйедi. Өлген кiсiнiң мәйiтi тұрқы сопақша етiп қазылған шұңқырға жерленедi, жанына заттары, әсемдiк бұйымдары, қару-жарақтар қойылады. Атты шұңқырдың түбiнен жоғарырақ тұстан ойылған кертпешекке төрт аяғын бауырына бүгiп, қырынан жатқызып көмген. Кейде бейiтке аттың басы немесе денесiнiң бiр бөлiгi ғана қойылған. Бейiттерден қару-жарақ, ер-тұрман, тұрмыстық бұйымдар, қос жүздi семсерлер, ағаш қынапты қылыштар табылды. Қынаптың сырты былғарымен қапталып, өсiмдiк суреттерiмен безендiрiлген. Жебелер ұшы әр түрлi — үш қырлы, төрт қырлы болып келедi, үш қанаттысы, жапырақ секiлдi жалпақтары да кездеседi. Үзындығы 40 — 80 см құрайтын жебелер көк теректен жасалған, кейде қызыл түске боялған. Аттың ер-тұрманы, темiр ауыздықтар, үзеңгiлер және жүген әшекейлерiне қарағанда түркi iсмерлерi әшекейлiк жұқа темiрлердi, айылбастарды жасауға өте шебер болған. Әдетте айылбастар қола мен темiрден iстелiп, жапсырмалар мен әшекейлерге қола, күмiс, алтын пайдаланған. Олардың бетiндегi күрделi суреттерде барыс, жылан, бұғы, күшiген сияқты, аңдар мен өсiмдiк жапырақтары бейнеленген. Әсем белбеу жапсырмаларының көбi жүрек пiшiндес. Сондай бiр жапсырма әшекейдiң бетiнде жолбарысқа найза түйреп тұрған салт аттының суретi бейнеленген. Төрт бұрышты айылбастар, сүйектен iстелген алқалар да табылды. Қызылқайнардан (Жетiсуда) табылған алқа конус тәрiздi етiп iстелген-де, бетiне сiлеусiн басының суретi өрнектелген.

Археологиялық материалдармен қоса жазба деректер-де түркiлердiң киiм-кешегi жөнiнде пайымдауға мүмкiндiк бередi. Сыртқы киiм терiден, басқа киiмдер жүн және жiбек матадан тiгiлген. Ол кезде жұрт шапан киiп жүрген. Шалғайы солдан оңға қарай қаусырылған, денеге қонымды, ықшам шапанның сыртынан белбеу буынған, белбеуге қынаптағы семсер және пышақ, шақпақ, қайрақ, ұстара, т.б. ұсақ-түйек салатын кiсе iлiнген. Шалбардың балағын тұмсығы қайқиған, жұқа ұлтанды, өкшесiз етiктiң қонышына салып жүрген. Қазақстан — тас мүсiндер көп тараған аймақ. Олардың арасында шынайы өнер туындылары да кездеседi. Оның ішінде әйгiлi қошқар мүйiз тастар бар. Тас қашаушылардың (мүсiншiлердiң) шеберханалары болғаны, оларда түрлi мүсiндер жасалғаны мәлiм. Мүсiн жасауға тұрқы ұзын тастар (орташа биiкт. 0,5 м-ден 2,8 м-ге дейiн) таңдап алынған, тастың бетi бедерлеу немесе ойып кейiптеу әдiсiмен өңделген. Мүсiндерде көбiнесе еркектiң суретi салынған, кейде әйел бейнесi-де кездеседi. Әдетте, еркектер шапан киген, кiселi белбеулi, асынған қаруы бар қалпында бейнеленедi. Кейде жалаң бас, кейде бас киiмдi болады. Көптеген мүсiндерде адам оң қолымен, кейде екi қолымен бiрдей ыдыс немесе үлкен саптыаяқ ұстап тұрған күйiнде, ал базбiр мүсiндерде адамның бетi немесе басы ғана бейнеленген.

Ақсүйек өкiлдерiнiң мүсiндерi жасалған. Олар, әдетте, қырынан немесе жалпағынан қаланған төрт бұрышты тас қорғандармен қоршалған бейiттердiң басына қойылған. Мүсiндердiң арқасы қоршауға, бетi шығысқа қаратылып орнатылған. Мұндай ескерткiштер өлiкке ас берiлетiн төбелердiң басына да қойылған. Кейде бейiттiң қоршауларынан шығысқа қарай кейде қатар-қатар тiзiлген тас бағана — балбалдар орнатылған, олардың арасында антропоморфты мүсiндер-де бар. Тас мүсiндер тұрақты иконографиялы мәдени сипаттағы ескерткiштер. Ислам қағидаларының таралуымен байланысты адамды бейнелеу дәстүрi жойылды. Бұл дiн едәуiр кейiнiрек сiңген солт. аудандарда ғана адамның тас мүсiнiн жасау дәстүрi едәуiр уақыт бойы сақталып келдi. Қазақ жерiнде 6 — 8 ғасырларда айналыста болған, ақша пiшiнiн сипаттайтын материал тым тапшы. Бұл дәуірдегі теңгелердi билiк басындағы рулардың өкiлдерi шығарған. Олар бұл, ақшаларға өздерiнiң белгiлерiн — рудың идеограммалық таңбаларын түсiрген. Бұл таңбаларға қарап билеушiнiң руын, сондай-ақ, қай рудың ежелгi ру екенiн анықтауға болады.

6 — 8 ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстанның ең iрi саяси-экономикалық аудандарының бiрi Отырар қ. болды. Бұл қаланың және оның төңiрегiндегi тұрғындардың тұрмысы шет аймақтарға елеулi ықпалын тигiздi. Отырар қолөнершiлерi шығарған өнiм Қаратаудың күнгейi мен терiскейiндегi, Сырдарияның орта, ағысы мен Арыс, аңғарындағы көптеген қалалардың базарларында сатылды. Отырар маңында, ақшалы сауданың өрiс алғанын Отырартөбенiң өзiнен және оның төңiрегiндегi қалалардың ескi жұртынан (Мардан-Күйiк, Құйрықтөбе) табылған заттар дәлелдедi. Жазба деректерде Сырдария бойындағы кейбiр қалалар хараджды дирхемнiң екi түрiмен: мусейябимен және хорезмимен төлегендiгiн дәлелдейтiн мәлiметтер бар. Қарахан әулетiнiң ақша шығару iсi Самани әулетi заманынан қалған мұраны пайдаланған. Бұрынғыша «қара дирхемдердiң" барлық түрлерi айналымда жүре бердi, олардың iшiнен неғұрлым ұзағырақ пайдаланылғаны гитрифи түрiндегi «мыс тектес» ақшалар болды. Бұған қоса, базар нарқы зорлықпен енгiзiлген дирхемдердiң жаңа түрлерiмен толықтырылды. Егер 11 ғасырдың басында жоғары сапалы күмiс дирхемдер айналымда жүрсе, содан кейін құрамындағы мыстың мөлшері 35%-ға дейiн жететiн теңгелер шығарылғаны белгiлi. Күмiс, ақша құю 11 ғасырдың соңғы ширегiне дейiн созылды. Шамамен 11 ғасырдың орта кезiнен бастап Қарахан мемлекетiнiң ақша жасайтын үйлерiнiң бiр бөлiгi бiраз уақыт мыс пен қорғасынның қорытпасынан құйылған дирхемдер-де шығарып тұрған. 12 — 13 ғасырларда олар мыстан жасалып, бетiне күмiс жалатылды. «Күмiс дағдарысының" пайда болуына Орта Азияда күмiс қорының азайғандығы себепшi болды. 11 ғасырдан 13 ғасырдың бас кезiне дейiнгi аралықта қала өмiрiнiң өркен жайған, тауар өндiрiсi өскен, сауда дамыған кезең болды. Өндiрiстiң қаулап өсуi нарықты алмасу құралымен көптеп қамтамасыз етудi талап еттi. Күмiс қоры таза күмiс теңгелердiң пайда болуына мүмкiндiк жасай алмады. Самани әулетi мен қарахан әулетi тұсында тауар орнына жүрген алтын динарлар ендi айналым құралына кiрдi. Алтын, ақша айналымында тұтас теңгелер ғана емес, сонымен бiрге олардың әр түрлi көлемдегi және салмақты бөлшектерi-де айналымға қосылды. Көптеген, ақша жасайтын үйлерде алтын динарлар шығарылды, олардың сапасы мен салмағында оқта-текте айырмашылық болды. Әйтсе-де олар бiр мезгiлде айналымда жүре берген. Бұған Орта Азия жерiнен табылған, ақша қазынасы дәлел бола алады. Ұсақ бөлшек сауда үшiн мезгiл-мезгiл мыс, ақша шығарылып тұрған. Негізінен ертедегi және дамыған ортағасырлық мемлекеттер кезiнде феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік бiрлестiктердiң пайда болуы, отырықшы егiншiлiк пен қалалардың өсуi, бiрiгiп, топтасуға бағытталған этникалық өзгерiстердiң күшеюi Орта Азия, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен экономикалық және мәдени байланыстар Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетiнiң өсуiне ықпал еттi. Монументтi сәулеттік құрылыстар пайда болып, исламның таралуына байланысты қалаларда мешiттер салынды. Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерi — Тараздағы Айшабибi және Қарахан мазарлары салынды. Көзе, әсiресе құйма көзе жасау iсiнде жаңа белгiлер (ыдыс-аяқ түрiнде, сондай-ақ оның өрнектерi мен бояу түсiнде) — хромдау, жылтырату, әр түрлi өрнек түрлерi (өсiмдiк бұтақтары, жапырақтары, нақышты араб жазулары, геом. пiшiндер) және т.б. пайда болды. Бұл жергiлiктi көзе ерекшелiктерiн сақтай отырып, оларды Мауераннахр, Хорезм көзелерiне жақындатты. Қыпшақ, оғыз, қарлұқ және ұйғыр тайпалары мен халықтары тiлiнiң негiзiнде көне түркi руна жазуларын ығыстырып шығарған араб графикасындағы түркi жазулары қалыптасты. 11 — 12 ғасырдың әдеби ескерткiштерiнiң басым көпшiлiгi түркi этносының (негiзiнен қыпшақ-оғыз, қарлұқ-ұйғыр топтары) жергiлiктi тiлдерiнiң даму бағыты етек ала бастағанына қарамастан, жалпы түрiктiк, тайпааралық «түркi» тiлiнде жазылды. Орта Азия мен Қазақстанның көптеген ғалым, әдебиетшi, ақындары араб тiлiнде жазды. Оңтүстік Қазақстан мәдениетiнiң дамуына Отырардан (Фарабтан) шыққан, мұсылман әлемiне белгiлi ұлы философ және ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидiң ғылыми қызметi дәлел. Ол әлемдiк мәдениет, әсiресе көне, араб, үндi-иран мәдениетi жетiстiктерiмен тығыз байланысты жергiлiктi мәдениет дәстүрлерiмен тәрбиеленiп өстi. Әл-Фараби адамның ақыл-ойы мен болмысының диалектикасы бiрлiгiн ашып бердi; астрономия мен геодезия, архитектураның матем. негiздерi, муз. мен эстет. теориялары бойынша зерттеулер жүргiзiп, бiрқатар әлеуметтік және логикалық трактаттар жазды. «Құтадғу бiлiк» дастанының авторы Жүсiп Баласағұни (11 ғ.) түркi тайпаларының тiлi, фольклоры және этнографиясына арналған белгiлi «Диуани лұғат-түрiк» шығармасының авторы Махмұт Қашқари, сондай-ақ, мәдени-тарихи және әлеум. тұрмыстық жайлардан мәлiмет беретiн «Диуани Хикмат» өлеңдер жинағының авторы Қожа Ахмет Ясауи әдебиет саласын еңбектерімен байытқан.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау