7-8 минут
01:00 – 01:30
01:30 –
02:00
02:00 –
02:30
02:30-03:00
|
Жаңа сабақ
|
Жасуша –тіршіліктің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Цитология – жасуша туралы ғылым.
Жасушаның ашылу тарихы
Роберт Гук ғылымға алғаш "жасуша" терминін енгізді. 1831 жылы ағылшын ботанигі Роберт Броун алғаш рет өсімдік жасушасының ядросын сипаттап берді, ал 1833 жылы ядроның өсімдік жасушасының міндетті органоиды екенін анықтады.1839 жылы «жасуша теориясы» қалыптасты. Зерттеуші ғалымдар Маттиас Шлейден мен неміс физиологы Теодор Шванн.
1898 жылы итальяндық ғалым Камилло Гольджи жаңа органиод ашты, зерттеуші ғалымның құрметіне Гольджи жиынтығы деп аталады.
Тірі ағзалардың қасиеттері: көбею,өсу,зат алмасу,тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік, қартаю және т.б. тән.
Тірі ағзалар
Жасушасыз
Вирустар Жасушалы
Ал балалар мына суреттен нені байқадаңыздар?
Вирустар, бактерия, өсімдік жасушасы,жануар жасушасы.
- Жарайсыздар
Ағзалар прокариоттар және эукариоттар болып жіктеледі.
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариот жасушасы ішкі мембраналармен жеке бөліктерге бөлінеді. Жасуша ядросы, митохондрия, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалы (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады.
Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары, мембранамен қоршалған ядросы мен хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сын сақина тәріздес болып жасушада шашыраңқы жатады.
Бейне баянға назар аударайық.
Кестеден өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығы көруге болады.
|
Өсімідік жасушасы
|
Жануар жасушасы
|
Қоректену типі
|
автотрофты
|
гетеротрофты
|
Хлорофилл хлоропластар
|
бар
|
жоқ
|
Жасушалық қабырға
|
бар,ірі
|
жоқ
|
Вакуольдер
|
бар
|
барлық кезде бола бермейді,ұсақ (жиырылғыш вакуоль)
|
Жасуша орталығы
|
ашық және жабық
тұқымдыларда жоқ
|
бар
|
Көмірсу қоры
Минералды тұздар
|
крахмал
кристалл түрінде қорға жиналады
|
гликоген
еріген күйіне
|
Жасушаның тіршілігін сақтау үшін қажетті үрдістер мен қасиеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және жасушада белгілі бір қызметтерді атқаратын оның тұрақты компоненттері органоидтар деп аталады.
Жасуша мембрансы мен жасуша қабырғасы қорғаныш қызметін атқарады.
Саңырауқұлақтардың жасуша қабырғасы хитиннен, өсімдікте целлюлозадан, ал бактерияда муреиннен тұрады.
Пластидтер-тек өсімдік жасушасының органоидтері.
Митохондрия-жасушаның энергетикалық станциясы.Органикалық заттардан оттек әсерінен Н2О және СО2 түзіледі, бөлінген энергия АТФ түрінде қорға жиналады.
Рибосомалар нәруыз биосинтезін жүзеге асырады- аминқышқылдарын нәруыздарға біріктіреді.
Гольджи жиынтығы заттардың жасушаішілік тасымалын, майлар мен көмірсулар синтезін, лизосомалардың түзілуін жүзеге асырады.
Ол ядроның қасында қуыстар мен цистерналар түрінде ретті орналасқан мембраналардан тұрады. Олардан мембрана көпіршіктері бөлініп отырады. Көпіршіктердің бір бөлігі лизосомаларға айналады.
Лизосомалар –асқорыту вакуольдері –асқорыту ферменттеріне толы
мембрана көпіршіктері. Олар зиянды немесе қоректік заттарды ыдыратады.Өзін өзі қорытуыды - автолизді жүзеге асырады. Жануарлар мен саңырауқұлақтарда болады.
ЭПТ – цитоплазманың ішіндегі мембрана түтікшелері. Тегіс эндоплазмалық тор (РИБОСОМАСЫ ЖОҚ) майлар мен көмірсуларды синтездейді,ал бұдып ЭПТ (РИБОСОМАСЫ бар ) Күрделі нәруыздар биосинтезін синтездейді.
Нағыз вакуоль өсімдіктіер мен саңырауқұлақтарда болады.Өсімдік жасушасының жсушаішілік қысымды сақтайды.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
|
Слайд 3
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhasusha-ahzalardyng-tirshilik-birligi/zhasushanyng-ximiyalyq-quramy/lesson/czitologiya-pani-zhane-onyng-maqsatyhttps://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar-nelikten-mangyzdy
https://bilimland.kz/kk/courses. biologiya-kk/zhasusha-ahzalardyng-tirshilik-birligi/zhasushanyng-qurylymy-men-atqaratyn-qyzmeti/lesson/zhasusha-qurylymy
слайд 4
Слайд 5
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhasusha-ahzalardyng-tirshilik-birligi/zhasushany-ehnergiyamen-qamtamasyz-ety/lesson/mitoxondriya-zhasushalardyng-ehnergetikalyq-beketteri
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/genetika-zhane-suryptau-negizderi/tuqymqualaushylyq-zangdylyqtary/lesson/aquyz-biosintezi
Слайд6
Слайд7
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhasusha-ahzalardyng-tirshilik-birligi/zhasushanyng-qurylymy-men-atqaratyn-qyzmeti/lesson/yadro-onyng-qurylysy-zhane-atqaratyn-qyzmeti
Слайд 8
слайд9
|
8 минут
03:00-03:30
03:30-03:40
03:30-03:40
03:40-04:40
04:40-04:50
|
Тәжірибе
|
1- тапсырма
Берілген асушалардың құрылыс ерекшелігін салыстырыңыз.
1 2 3 1 2
А В
А суреті ________1_________2________3_________4__________
B суреті ________1 ______ 2_____ 3_________4________5________6
Дескрипторлар:
А және В суреті жасушаларының құрылысы бойынша 1, 2, 3, 4 және 5,6 сандарын ажыратып жазады.
Дұрыс жауап
А эукариотты жасуша
|
В-прокариотты жасуша
|
1-ядро
2-ядрошық
3-митохондрия
4-рибосома
|
1-нуклеоид
2-капсула
3-талшық
4-рибосома
5-жасуша мембранасы
4-жасуша қабырғасы
|
2- тапсырма.
Прокариот және эукариот жасушаларын салыстырыңыз.
прокариот эукариот
Дұрыс жауаптар:
|
|
|
|
|