Уақыт өте келе жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктері өте қарқынды дамуда білім беру жүйесін компьютерлендіру ойдағыдай жүзеге асуда. Бұл мәселеге еліміздің президенті де өте зор мән беруде. XXI ғасырда өмір сүрген әр азамат жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін толық меңгерген, компьютерлік сауатты болуы керек. Сондыктан, орта білім беру салаларын компьютерлендіру бірінші орынға қойылып, қазіргі кезде бастауыш сыныптан бастап «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәндері жүргізілуде. Сонымен қатар халықтың экономикалык жағдайы жақсарып, әр жанұяда "Дербес компьютер" бар, яғни жанұяның әрбір мүшесі компьютермен жұмыс істеуді үйренді деген сөз. Яғни, информатика пәнін оқи отырып теориялық біліммен бірге практиқалык дағдыны да қалыптастыруға зор мүмкіндіктер бар. Компьютер мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білген, оны тереңірек зерттеп, өз білімін дамыта білген оқушы, өз болашағына болашақта таңдаған мамандығы бойынша дайындалуына зор мүмкіндігі бар.
Қоғамның дамуының әр кезеңіне орай оқытудың білім беру саласында өзіндік мақсаттары болады. Мектептің білім беру жүйесін қайта құрумен қатар қазақстан Республикасының алдында тұрған мақсат – ақпараттық қоғам құрудағы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың енуі болып отыр. Яғни мектеп білімінің жүйесінде әртүрлі ақпараттарға: әдебиет пен шығармашылық, ғылми пәнде, экология, пәнаралық сабақтар, оқытудың бағдарламалық жүйесі (мультимедиа, гипермәтін, электронды, ғылыми зерттеулер және т.б.) ашық қатынас жасай білу. Осыған орай барлық мектептер жаңа компьютерлермен қамтамасыз етіліп, мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушыларға берілетін білім мазмұны, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі нормативтік құжат пен стандартты жетілдіруде. Жалпы білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Қазіргі кезде дүниежүзінде ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланушылар арасында мектеп жасындағы балалардың саны тез өсіп келеді. Сондықтан да технологияларға негізделген құралдардың қазіргі мектеп оқушыларының күнделікті өмірінің ажырамас бір бөлігі болып отырғанын атап айтуға болады. Бұл кей кезде балалар сөйлеу тілінен бұрын технологиялардың тілі мен табиғатын ерте меңгеретінін де көрсетеді. Сондықтан да болар оқушылар мектепте де өздеріне жақсы таныс технологиялардың қолжетімді болғанын қалайды. Бұл үрдістің Қазақстандағы көрінісіне тоқталмай-ақ, еліміздегі мектептердің компьютерлермен жабдықталуы және интернетке қосылу мәселесі жалпы шешімін тапқанын атап өтейік.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Көптеген педаогогтардың айтуынша, комьютерлік телекоммуникация қоршаған ортаны білудегі ең негізгі оқыту құралы болып табылады. Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, сонымен бірге мектеп басқа мектептерден оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Қазіргі телекоммуникацияның дамуына байланысты оның білім беру жүйесіне, әсіресе мектептегі Информатика пәнін оқыту жосапарына енуі үлкен мәселенің бірі болып отыр.Білімнің қайнар көзі оқулықта екені даусыз. Өкінішке жаңа қазақ тіліндегі оқулықтардың асығыс дайындалып, олардың мазмұндық және техникалық сапаларының төмен екендігін білеміз. Көбісінің тілі ауыр, жаттығулары аз, ұстазға да, оқушыға да түсініксіз жерлері көп кітап дүкендерінде сатылатын кітаптың құны 500 теңгеден кем емес. Оның өзі орыс тілінде болмаса, қазақ тілінде таппайсыз. Ол кітапты сатып алу қаржы мәселесіне келіп тоқталады. Мұғалімнің алдын – ала дайындау жне ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз ету болмаса оқушылардың білімдері жоғарыламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруміз үшін алдымен оқытушының біліктілігін көтеруміз қажет.
Қазіргі таңдағы компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін кеңейтеді. Оқыту жүйесінің жан-жақтылығын көрсетеді. Компьютермен оқытудың мақсаты білім деңгейлері жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді. Біріншіден, ол кез-келген әрекетті көрнекі түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал.
Оқытудың компьютерлік технологиясы көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен. Оқушының және мұғалімнің оқытудың жаңа технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және эксперименттік – зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады. Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.
Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |