ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 18.10.2005 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген Информатиканы 10-11 сыныптарда оқыту үшін келесі бағдарламалар қолданылады: Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006. Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
7-11 сыныптарда мектептерге сәйкес келесі оқу-әдістемелік кешендерін қолданылу ұсынылады:
Информатика. Оқулық. Н. Ермеков, Н. Стифутина, – Алматы: Атамұра, 2012.
Информатика. Оқыту әдістемесі. Н.Ермеков, С.Пилипенко. – Алматы: Атамұра, 2012.
Информатика.Дидактикалық материалдар. Практикум. Н. Ермеков, С. Пилипенко. – Алматы: Атамұра, 2012.
8-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Е.Шевчук, Н.Кольева, Н.Завертунова. - Алматы: Мектеп, 2008
Информатика. Оқулық. Е.Шевчук, Н.Кольева. – Алматы: Мектеп, 2012.
Информатика. Әдістемелік нұсқау. Е.Шевчук, Н.Кольева, Н.Завертунова. – Алматы: Мектеп, 2012.
9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Әдiстемелiк құрал. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Есептер мен жаттығулар жинағы. Б.Бөрібаев, Р.Дузбаева, А.Махметова – Алматы: Мектеп, 2009
9-сынып. Информатика (Паскаль). - әдістемелік құрал. - Н.Ермеков, .Криворучко, Л.Кафтункина - Алматы: Мектеп, 2009
10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Ермеков Н., Криворучко В.А., Заречная О. – Алматы: Жазушы, 2006.
10-сынып. Информатика. Дидактикалық құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006.
10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Шпигарь – Алматы: Жазушы, 2006
10-сынып. Информатика. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006
Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат қоса алады. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.
Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау» және т.б.
Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі информатиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.
Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін негізгі материалдар болып табылады. Сонымен бірге оқу үрдісінде информатика пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ ретінде оқыту үшін қосымша оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық және техникалық лицейлерде, физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd - 2008» және т.б. баспалардан шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық оқу құралдарын қолдануға болады.
Информатиканы оқыту бағдарламаларын арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т.б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Мектептің кітапхана қорында «Информатика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.
Тақырыптық жоспар
7 - сынып
№
|
Бөлім
тақырыбы
|
Жалпы
сағат
саны
|
Мемлекеттік стандарт
|
1
|
Ақпарат және информатика
|
1
|
- Информатиканың негізгі түсініктерін;
- ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінігінің болуы және оны қамтамасыз ету сұрақтарын білуі;
- ақпараттық қоғамның негізгі сипаттауыштары мен ерекшеліктерін білуі;
|
2
|
Компьютердің арифметикалық негіздері
|
3
|
- ақпараттармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін білуі;
- компьютердің жұмыс істеу принципін, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;
- ақпаратты қорғаудың және компьютерді басқарудың негізгі бағдарламалық жабдықтарын білуі;
- адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;
- жалпы және дара коммуникациялардың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктерін айыруы;
|
3
|
Логика негізі және компьютердің логика негізі
|
2
|
- Сандардың тарихын;
- Сандарды санау жүйесіне көшіруді;
- Санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдардың орындалуын;Логиканың негізгі түсініктерін;
- Логикалық амалдарды;
|
4
|
Компьютер және программалық қамтамасыз ету
|
2
|
- Компьютер бөліктерін ажыратуды;
- Олардың негізгі ерекшеліктерін;
- Дербес компьютердің архитектурасын;
|
|
Операциялық жүйе
|
6
|
- Операциялық жүйелер топтамасын;
- Операциялық жүйелерді баптауды;
- Компьютерді вирустан қорғауды және файлдарды архивтеуді;
- операциялық жүйені орната алуы және конфигурациялай алуы;
-компьютерде қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды орнатуды меңгеруі;
|
|
Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясы
|
2
|
- ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінігінің болуы және оны қамтамасыз ету сұрақтарын білуі;
- ақпараттық қоғамның негізгі сипаттауыштары мен ерекшеліктерін білуі;
- Растрлық, векторлық, графикалық кескіндердің айырмашылығын ажыратуды;
|
|
Microsoft Word мәтіндік редакторы
|
8
|
- Microsoft Office – те жұмыс жасай алуы;
- мәтіндік редактордың параметрлерін қолдана алуы;
-мәтіндік редактордың графиктік және шрифтік мүмкіндіктерін қолдана алуы;
- Microsoft Word – қа мәтін енгізуді;
- Құжатты форматтауды, редакциялауды, құжат беттерін рәсімдеуді білу;
- Кесте құруды;
- Баспаға шығаруды;
|
|
Microsoft Excel кестелік редакторы
|
6
|
- Формуланы енгізу мен көшіруді;
- Диаграмма шеберімен жұмыс жасауды;
- Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелермен есептеуді;
- Берілгендерді форматтауды;
- Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға шығаруды;
|
|
Мәліметтер базасының жүйесін басқару
|
3
|
- Мәліметтерді реттеуді;
- Мәліметтерді сүзуді(Фильтрация);
|
|
Қорытынды бақылау жұмысы
|
1
|
Жыл бойы өткен материалды қайталау
|
Графикалық редакторларды меңгерудің психо-педагогикалық аспектілері
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Дербес компьютерлер мен олардың перифериялық құралдарының пайда болуымен сызба - графикалық жұмыстарды, геометриялық есептерді шешуді автоматтандыруға орасан зор мүмкіндіктер пайда болды. Сонымен бірге компьютерлік графика құралдары да күрделеніп, мүмкіндіктері көбейді (дисплейлер, плоттерлер, бағдарламалық құралдар және т.б.).
ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып табылады.
Дербес компьютерлердің бағдарламалық құралдары жеке қолданбалы бағдарламалардан бастап арнайы графикалық тілдер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттеріне (графикалық жүйелер) дейін дамыды. Дербес компьютерлердің қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырылуы интерактивтік режимде жұмыс істеуге, яғни адам мен компьютердің арасындағы оперативтік графикалық қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Ғылыми – техникалық прогрестің қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес дамуы компьютерлендіру тенденциясымен, электронды есептеу машиналары, жүйелер және компьютерлік желілерден тұратын деректерді өңдеудің тармақталған жүйесін жасаумен айқын ерекшеленеді. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Кейбіреулер осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарды пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Болашақта осындай жұмыстарды өз бетімен жасайтындай тұлғалардың қатарын көбейту үшін информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту керек. Оқытудың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістер бүгінгі күннің негізгі проблемасына айналып отыр.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Мектептерде графикалық редакторының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында объектілерге эффектілер жасап үйрену компьютерлік графиканының алатын орны ерекше және бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.
Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сатысына бейінді оқыту енгізілді.
Бейiндi оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге сонымен бірге жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Сонымен бірге бейінді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:
• жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
• білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
• жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Әсіресе, информатикаға және оның ішінде компьютерлік графиканы оқыту әдістемесіне толығымен қатысты. Бүгінгі күні информатика аумағы компьютерлік графика секілді түрлерін және кескіндердің берілу формаларын қарастырады. Сандық фотоаппараттардың, сканерлердің, Веб-камералардың пайда болуының арқасында адамдардың қолдарына сандық кескіндер тие бастады. Бұл осы кескіндерді фотомонтаждауға, өңдеуге және тағы басқа әрекеттер жасауға деген қажеттілікті тудырды. Сондықтан, компьютерлік графикалармен жұмыс жасау кез-келген адамның ақпараттық сауаттылығының бір бөлігі болып есептеледі. Қазіргі жағдай мектептің әлеуметтік тапсырысына өзгеріс енгізді: графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясы тақырыптарын оқытуда жаңа әрі сапалы әрекеттерді міндетті түрде талап етеді. Бірақ, нормативтік құжаттарда тақырыпқа бөлінген оқу уақыты мазмұнын толық меңгеру үшін жеткіліксіз. Компьютерлік графика көп жағдайда графиктерді өңдеуге қарапайым бағдарламалардың құралдарын ұсынған. Кең әрі үлкен ауқымды кәсіби бағдарламаларда растрлық графиктердің объектілерін өңдеуде мұғалімдер үшін қиындықтар туғызады. Пайдаланылап жүрген оқу құралы берілген мазмұнды толығымен қамтымайды немесе оқушылардың графиктермен толық жұмыс жасауына мүмкіндігі жоқ қарапайым бағдарламалар ұсынады.
Информатиканы оқытуда жалпы орта білім беруде информатика және ақпараттық –коммуникациялық технологияны кәсіби деңгейде өткізу келесідей мақсаттарға бағытталған:
ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін информатикада айқындайтын базалық білім жүйесін қалыптастыру;
апараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, нақты объектілердегі ақпараттық модельдерді талдауға, қолдануға үйрету;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын информатика оқыту әдістемесінде пайдаланып танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру;
жоба жасауда ақпараттық технологияларды пайдалануда тәжірибе алмасу.
Компьютерлік графиканы және графикалық редакторларды оқытуда өзіндік жұмыс және материалдарды өзі оқуға талпыну оқыту әдістемесін пайдаланған дұрыс. Графикалық редакторлардың құралдарын оқытуда мұғалім оқушының психологиялық жағдайын ескеріп ғана қоймай, оларды қабылдайтын және нәтижелерін бағалайтын басқа адамдардың да психологисын ескеруге үйретуі тиіс. Оқытудың жетістігі көп жағдайда жұмыстың қалай қабылданатынында болғандықтан, адамдардың қабылдау ерекшеліктерінде білу міндетті.
Оқу процесін жүргізуде кез-келген әдіс материалды түсіну үшін бақылау міндетті. Өңделген әдістердің спецификасы біріншіден, бағдарламаны оқытуда мұғалімнің бақылауымен өзіндік жаңа тәжірибе алады.
Сабақтың схемасы көп жағдайда келесідей болып көрінеді: алдымен қандай-да бір объектінің құрылуы қаралады, содан кейін тақырыпқа қатысты керекті барлық керекті мағлұматтар қарастырылады. Соңынан бекіту мақсатында материалдарды өңдеуге арналған тапсырмалар жүйесі беріледі.
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын нақты анықтау керек, жалпы мазмұнын таныстырып, өзіндік және бақылау жұмыстарының ретімен кеңес беруі тиіс. Жоғарыларды ескере отырып, мұғалімнің міндеті сабақты ұйымдастыру, тапсырмалардың қойылуы және сабақтың мақсаты, теориялық түсінік беру болып табылады. Әдістемелік нұсқаулар:
Бүгінгі күні әдістемелік нұсқаулар қажетті теориялық материалдар және тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге арналған тапсырмалар жүйесінен құралады. Олар оқу құралы ретінде немесе таратпа материал да болуы мүмкін. Әр сабақтар үшін нұсқаулар кірістірілген.
Белгілі болғандай, мектепте компьютерлік графиктердің екі түрімен жұмыс жасалынады. Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жасалады. Компьютерлік графиканың бұдан басқа да бағыттарын білім беруде пайдасы зор екенін ұғындырып отыру қажет. Атап айтсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |