1 компьютерлік графиканың негізгі элементтері



жүктеу 387,5 Kb.
бет7/9
Дата17.07.2020
өлшемі387,5 Kb.
#31155
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектеп информатика курсында графикалық редакторды оқыту әдістемесі

Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды, яғни иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады. Көптгене зерттеушілердің пікірінше, ұсынылған презентацияның мазмұны мен мазмұнды беру тәсілі мультимедиялық оқыту құралдары арқылы берілгенде тиімділігі артып, оқушыларды ынталандырады. Сабаққа белсенді араласу оқушының білім жинақтауына және ақпаратты қабылдау жүйесінің сызбамен қалыптасуына көмектеседі екен. Көптеген отандық және шетел зерттеушілерінің зерттеулеріне қарағанда адамға ұсынылатын мағлұмат екі бағытта, яғги көру және есту арқылы қатар берілген жағдайда адам миы көбірек мәлімет қабылдап, оны тез қорыта алады екен. Оқушыға арналған ақпаратты осындай күйге келтірудің ең ыңғайлы жолы – қазіргі технологияға негізделген мультимедия болмақ.
Мультимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедиялық құралдар білім беруді қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.

Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.


Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқу әдістерін талап етеді.
Қорыта келе айтарым – оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мүғалімдеріне компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтындығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет.

Жаңа компьютерлік коммуникациялардың көмегімен, барынша үлкен қашықтыққа ақпараттың кез-келген көлемін жедел беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген уақытта қағазға шығарып алу мүмкіндігімен, ұзақ уақытқа сақтауға; интерактивтік байланыс көмегімен жедел кері байланыс орнатуға; интернет желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады. Білім беруде интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері, электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті білім беруде және адамдардың тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар және ғаламдық Интернет желісінің дамуы еліміздің халық шаруашылығының барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры, сондықтан адам баласына компьютерлік сауаттылық ауадай қажет. Компьютерлік сауаттылықтың алғашқы кезеңі мектеп қабырғасынан басталып, ол теориялық және практикалық жағынан техникалық және кәсіптік оқу орындарында жалғасын табуда. Компьютерлік сауаттылық заманауи ақпараттық технологияны толық меңгеруге негіз болады. Компьютерлік сауаттылық жайлы ауқымды іске барша азаматтарды тарту, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қойылатын шарттардың бірі – ақпараттық технологияны қолдана алу дағдысы міндетті талап болу, сөйтіп ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында білім беру секторына абыройлы да жауапты мынадай міндеттер жүктеліп отыр.

Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі - білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. рпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Компьютерлік графика негізі ретінде веторлық және растрлық графиканы қарастыруға болады. Олардың екеуінің ұқсастығы да айырмашылығы да бар. Екеуінің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Біздің ғасырда компьютерлік графика қоғамда өзін көрсете білді.Оны көптеген ортада қолдануға болады. Әр салада оның адамға пайдасы тиіп отыр. Осы графика арқасында біз қазір теледидар экраны алдында өзіміздің жақсы көретін фильмдерімізді тамашалай аламыз. Бұл сала бізді бір орында тұрғызбай алға итермелейді, жаңадан тағы бір программалар ойлап шығаруға көмектеседі.Адамның іскерлігіне анализ жүргізгеннің өзінде көру мүшелерін ең тиімді пайдаланатын жағдай ол графикалық суреттерді қарау, және оларды шығару.
Адамның графикалық суреттерді дыбыстан гөрі жақсы қабылдайды деуге болады, сонда графикалық ақпараттар адам сезіміне басқаларына қарағанда тез жіберіледі. Бұның себебі адамның психологиялық қасиеттерінде жатыр. Адам суреттерді қарастырғанда оны басқа нәрсемен салытырып ойына керек ақпараттар тез оралады. Және де графикадан пайда болатын адамның сезімдері басқа себепкерлерге қарағанда көп болады.
Графикалық программалар, редактолрар, пакеттер компьютерлік технологияның онымен қатар экономиканың дамуына жағымды әсер етеді.Сондықтан бұл программалардың өмірдегі маңыздылығы бар деп есептеймін.

Қорыта келе қазіргі заманға сай ақпараттық техналогиялардың дамуының тағы бір үлгілері ретінде Paint графикалық редакторы программасының маңызы зор екенін айта кету орынды. Нарықтық бәсеке дәуірінде жарнаманың орны ерекше.

Paint графикалық редакторы Microsoft Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалар құрамында болғандықтан, оны кез-келген компьютерден табуға болады. Paint графикалық редакторы әртүрлі объектілерді салу мүмкіндігін береді және оның түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.

ГЛОССАРИЙ:



жүктеу 387,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау