Дәріс№3
Вагондардың негізгі сипаттамалары
Жүк вагондарының типтері мен параметрлерін дұрыс таңдау үлкен маңызға ие, өйткені ірі материалдық бағалықтарды рационалды шығындау, темір жол көлігіндегі еңбек өнімділігі осыған байланысты. Вагон типтерін таңдауда ерекше маңызды факторға жүк айналымының көлемі мен құрамы жатады, ол өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндіріс сипатын кескіндейді.
Жүк айналымының құрылымына қарай, вагон типін таңдау кезіндегі негізгі шарттың бірі – жүктің сақталуын қамтамасыз ету. Сондықтан астықтан жасалған жүктер, тоқыма, табак, қағаз және полиграфиялық өнеркәсіптегі бұйымдар жабық вагондарда, ал тез бұзылатын жүктер изотермиялық вагондарда тасымалданады.
Бұзылмай сақталуды қажет ететін жүктер нақты вагон типінде тасымалданады, оларды «міндетті» жүктер деп атайды. Қалған «міндетті емес» жүктерді әр түрлі вагон типтерінде тасымалдауға болады.
Келтірілген шығындар түрінде ескерілетін, капиталды салым және тасымалдаудың өзіндік құны анализінің негізінде «міндетті емес» жүктерді әр түрлі вагон типтеріне үлестіреді. Берілген вагон типінде тасымалданатын жүкке аз шығын кетсе, онда бұл вагон типі үшін «қажет» жүк деп аталынады, ал тасымалдауға болатын жүктерді –
«мүмкін» жүктер деп атайды.
Вагон типін таңдауға тиеу – түсіру жұмыстарын комплексті механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін шарттарды сақтауға ерекше назар аудару керек, кәзіргі шарттар үшін еңбек өнімділігін көтеру, ауыр физикалық жұмысты жою керек. Қолданылатын механизмнің вагондарға зияны тимеуі қажет.
1 – суретте «ҚТЖ» Ұлттық компаниясының жүктер тиелуі көрсетілген.
«ҚТЖ» Ұлттық компания ААҚ 2004 жыл (млн. тонна)
Тас көмір – 82,7
Мұнай – 20,0
Темір рудасы – 24,8
Түсті руда – 12,8
Қара металдар – 5,8
Химиялық және минералды тыңайтқыштар – 2,5
Құрылыс жүктері – 15,7
Цемент – 2,4
Орман жүктері – 0,7
Дәнді-дақыл және ұнтақталған өнімдер – 5,7
Басқалар – 20,6
1 – сурет
Жүк тиеудің талдауы көрсеткендей, вагон паркі бес негізгі вагондар типінен тұруы керек: жабық, жартылай вагон, платформадан, цистерна мен изотермиялық вагоннан. Көрсетілген бес типті вагондар жүктердің кең номенклатурасын тасымалдайды, және осы мағынада бұл вагондарды әмбебап деп атауға болады. Ең әмбебап вагонға жабық вагондар жатады. Әмбебап вагондардан басқа тасымалдаудың ерекше жағдайларымен ерекшеленетін жүктердің кейбір түрлерін тасымалдауға арналған арнайы вагондар қолданылады ( цемент, қышқылдар, сүт, газ, тірі балық, ауыр және үлкен жүктер және т,б.). Бұл жүктерді әмбебап вагондарда тасымалдау мүмкін емес немесе тиімсіз. Сондықтан паркте транспортерлер, цемент тасымалдағыштар, мал, тірі балық пен минералды тыңайтқыштар тасымалдауға арналған вагондар мен басқа да арнайы вагондар бар.
«ҚТЖ» Ұлттық компаниясы жүк вагондары инвентарь паркінің құрылымы 1 кестеде берілген. (1 тамыз 2002 ж күйі бойынша).
1 кесте. Жүк вагондарының инвентарь паркі (физикалық бірлік)
Барлығы
|
Жабық вагондар
|
Платфор малар
|
Цистерна-лар
|
Жартылай вагондар
|
Изотермиялық
|
Басқа-лар
|
76985
|
13252
|
10264
|
10390
|
28326
|
1182
|
13571
|
Достарыңызбен бөлісу: |