Дәріс№17
Жүк вагондарының арбашалары
Вагондарда доңғалақ жұптары, рессорлық аспа, арқалықтар және басқа да жүріс бөлігінің элементтері арбаша деп аталатын дербес тетікті құрайды.
Арбашалар вагонның рельс жолымен қозғалысын бағыттау, шанақтан жолға барлық жүктемелерді тарату және беру, тарту және тежегіш күштерін қабылдаумен қатар вагон қозғалысының минималды кедергісі мен қажетті бір қалыпты жүрісін қамтамасыз ету үшін қызмет жасайды. Арбашаларды жүріс бөліктері ретінде қолдану жүк көтерімділігі көп және үлкен базалы вагондарды шығару қажеттілігімен байланысты. Үлкен жүктемелі вагондарда рельске доңғалақтар жұбынан түсетін шекті жүктемелер шарты бойынша доңғалақтар жұбының саны екі және үшпен шектелуі мүмкін емес, ал берілген вагонның темір жол қисық бөліктеріне енуі арбашасыз қиын болады. Арбашалар вагонда қажетті доңғалақтар жұбының саны болуына мүмкіндік береді және қысқа базалы болғандықтан жолдың қисық бөлігінде қозғалысқа кедергісі көп емес аз радиуста жүріп өтеді. Арбашалы вагон шанағы жолдың тегіс емес жерлерін жүріп өткенде арбашасызға қарағанда вертикалды жылжуы аз болады. Арбашаларда шанақтың орнықтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі тербеліс өшіруші және қондырғылары бар бірнеше бірінен соң бірі рессор сатысы орналасуына мүмкіндігі болғандықтан, вагонның бір қалыпты жүруіне жағдай туады. Арбашаның шанақпен байланысу құрылысы оны қажет уақытта қиындықсыз домалатып шығаруға мүмкіндік береді. Бұл вагон жүріс бөлігінің тексерілуін және жөнделуін жеңілдетеді.
Арбашалар қызметіне қарай жүк және жолаушылар болып екіге бөлінеді. Вагон арбашалары өс санына, рессор аспасының орналасуына, вагон шанағынан арбаша рамасына және рамадан доңғалақтар жұбына жүктемені беру әдісіне байланысты ажыратылады.
Доңғалақтар жұбының санына байланысты арбашалар бір өсті, екі өсті, үш өсті және көп өсті болып бөлінеді. СНГ темір жолдарында ең кеңінен тараған екі өсті арбашалар.
Дегенмен үш және төрт өсті арбашаларымен жүк вагондары да бар. Сонымен қатар үш өсті арбашалар жолаушы қызмет вагондарында қолданылады.
Рессорлы аспаның орналасуына байланысты:
арбашалар дара аспалы – орталық (12.1а-сур.) және буксалық (12.1б-сур.), яғни жүктеме доңғалақтар жұбына рессордың бір жүйесімен беріледі. Мұндай арбашалар тек жүк вагондарында қолданылады.
арбашалар екі рессорлы аспасымен (12.1в-сур.) – орталық және буксалық , олар арқылы жүктеме доңғалақтар жұбына бір ізбен беріледі.мұндай арбашалар көбінесе жолаушылар вагондарында қолданылады.
үш және төрт аспалы арбашалар (кейбір жолаушы вагондарында қолданылады)
12.1-сурет.
Арбашалардың бір қалыпты жүрісі бір ізбен орналасқан рессор жүйесінің санына байланысты емес, олардың статикалық майысуының қосындысына , оның орталық және буксалық аспасының арасында және басқа факторлардан тарқалуына байланысты.
Вагон шанағынан арбаша рамасына жүктемелер берілуі мүмкін:
оның бүйір рамалармен мықты байланған орталық көлденең рамалары арқылы(12.2а-сур.).Бұл әдіс буксалық рессорлы аспасы бар арбашаларда қолданылады;
арбашада орналасқан, рессорларға еркін тіреліп тұрған арқалық арқылы(12.2б-сур.). Мұндай әдіс ең бастысы жүк вагондарында, орталықтандырылған рессорлық аспасы бар арбашаларда қолданылады;
арбаша рамасына шарнирлі ілініп , бойлай орналасқан табақ рессорларға тіреліп тұрған арқалық арқылы. (12.2в-сур.). бұл іліну әдісі кеңінен таралмаған, себебі табақ рессорлар горизантал жүктемелерді серпімді қабылдай алмайды;
бесікшеде орналасқан рессорларға тірелетін арқалық арқылы (12.2г-сур.). мұндай аспа барлық белгілі серпімді элементтерді қолдануға мүмкіндік береді және жолаушылар вагондарының арбашаларында кеңінен қолданылады.
12.2-сурет.
Шанақтан рессор үстілік арқалығына жүктеме орталықтан берілуі мүмкін (шанақ өкшелігінен арбаша өкшелік астына), 12.3а-суреті немесе бүйір тіреулері арқылы (сырғымалар), 12.3б-суреті. Өкшелік асты арқылы жүктеме берілгенде шанақ астында арбашаның еркін бұрылуы қамтамасыз етіледі. Бұл жолдың қисық бөлігін жүріп өтуді жеңілдетеді. Бүйір тіреулер арқылы жүктемелер берілгенде, шанақ рамасының сырғымалары мен арбаша рессор үстілік арқалығының арасында пайда болатын үйкеліс күштері арбашаның ирелең қозғалысын өшіруге мүмкіндік береді.
Жүк вагондарының арбашаларында жүктеме әдетте орталық тіреу - өкшелік асты арқылы, ал қазіргі жолаушы вагондарының арбашаларында сырғымалар арқылы беріледі.
1-өкшелік қондырғы; 2- сырғыма; 3-вагон шанағы; 4-рессор үстілік арқалық.
12.3-сурет. Арбашаларға шанақтың тірелу әдістері.
Арбаша рамасының доңғалақтар жұбымен байланысу әдісі бойынша келесі құрылыстарға бөледі:
арбаша рамасы тікелей буксамен қосылған (12.4а-суреті). Мұндай құрылыс жүк вагондарының көптеген арбашаларында және кейбір жолаушы вагондарының арбашаларында бар;
арбаша рамасы және буксалардың арасында серпімді элементтер орналасқан (12.4б-суреті). Бұл жағдайда рамаға қатысты буксалардың жылжуын шектеу үшін бағыттаушылар (челюсти) керек;
серпімді элементтер арбаша рамасымен теңгергіштер (балансиры) арасында орналасқан, олар тікелей буксаға тіреледі. Теңгергіштер ұштарымен екі буксаға тірелетін ұзын болуы мүмкін немесе әр букса үстіне орналасатын қысқа болуы мүмкін (12.4в-суреті). Теңгергіштер вагонның рессорланбаған бөлігіне жатады. Сондықтан букса корпустарының және бағыттаушылардың аз тозуы үшін қысқа теңгергіштерді қолданған жөн.
арбаша рамасы буксаларға бағыттаушыларсыз серпімді элементтер арқылы тіреледі – бұл жақсыз (бесчелюстная) құрылыс (12.4г-суреті). Бұл жағдайда горизанталды жазықтықта орналасқан қатттылығы жеткілікті серпімді элементтер бағыттаушылардың жұмысын өздері атқарады. Мұндай аспада үйкелісетін бөліктер болмайды, бірақ онда тербеліс өшіргіштері және горизанталды жазықтықта буксаның жылжуын шектейтін қондырғылар болуы қажет. Жақсыз (бесчелюстная) аспа ЕМО темір жолдарындағы жолаушы вагондарының арбашаларының барлығында дерлік қолданылады.
4-сурет. Арбаша рамасы және буксалардың қосылу сұлбасы
Қазіргі кезде барлық төрт өсті вагондар ЦНИИ-Х3 типіндегі арбашалармен жабдықталған (12.5-сурет). ЦНИИ-Х3 арбашасы екі бүйір рамадан, буксасы бар екі доңғалақ жұптарынан, орталық рессорлы аспадан, рессор үстілік арқалықтан, иінтіректі тежеуішті берілістен және шүбереннен (шкворень) тұрады. Бүйірліктің орта бөлігінде рессорлы жинақты орнатуға арналған құймасы бар ойықтар, ал бүйір жақтарда – буксалық торапқа арналынған ойықтар орналасқан. Буксалық ойықтардың жоғарғы бөлігінде бүйір қабырғалардың буксаларға сүйенуі үшін жасалған сақиналық құймалары, ал екі бүйірінде – бағыттаушылар (челюстер) бар. Бүйірліктің жоғарғы белдеуінде тежеуіш табандарының ілгіштерін бекітуге арналған кронштейндер орналасқан.
Рессор үстілік арқалықтың шүберенге арналған тесігі бар өкше астылығы, тежеуіштің иінтіректік өлі нүктесіне арналған тақтайы, сырғыма тіреулері, фрикциялық сыналарды орнатуға арналған құймалары, рессорлы жинақ серіппесінің жылжып кетуін болдырмайтын белдеме жерлері болады. Өкше астылық астындағы рессор үстілік арқалықтың ішінде, орта бөлігінде, қаттылық қырлары және шүберенге арналған тіреу болады. Өкшелік пен өкше астылықтың ортасынан металл шүберен өтеді. Арбашаның өкшелігі вагон рамасының тіреуі болып табылады да, ал сырғымалар бүйір күштер әсер еткенде шанақты ұстап тұрады.
Арбашаның рессорлы жинағы бес, алты немесе жеті екі қатарлық цилиндрлік серіппеден және фрикциялық тербеліс өшіргіштің екі сынасынан тұрады. Серіппе саны вагонның жүк көтерімділігіне байланысты болады.
Арбаша базасы – 1850 мм.
1 - доңғалақ жұбы; 2-бүйір рама; 3- сыналы тербеліс өшіргіші; 4-букса; 5-шүберен; 6- рессор үстілік арқалық; 7-рессорлы жинақ ; 8- тежегіштің рычагты берілісі;
9-сырғыма.
12.5-сурет. ЦНИИ-Х3 арбашасы
Достарыңызбен бөлісу: |