Дәріс№16
Тербелісті азайтатын күштер
Вагондағы доңғалақтар жұбы арбаша рамасы және шанақпен рессорлы аспа деп аталатын серпімді элементтер жүйесі және тербелістер өшіргіштері арқылы байланысқан. Вагонның рессорлы аспасы – серпімді элементтер (рессорлар, серіппелер, амортизаторлар, тербеліс өшіргіштері) және қосымша бөлшектердің (рессорлы іліністер, валиктер, кронштейндер және т.б.) жинағы.
Серпімді элементтер шанаққа доңғалақтар арқылы берілетін соққыны жұмсартады, ал тербеліс өшіргіштері қозғалыс кезінде пайда болатын тербелістерді өшіреді. Бұдан басқа, рессорлар және серіппелер доңғалақтар жағынан бағыттаушы күштерді арбаша рамасына және шанаққа беріп отырады.
Доңғалақтар жұбы жолдың қандай да бір тегіссіздігінен өткенде, динамикалық, сонымен қатар соққылы жүктемелер пайда болады. Мұндай кезде доңғалақтар жұбы мен буксалар едәуір 25q асатын үдеулерді қабылдайды. Динамикалық жүктемелердің пайда болуына доңғалақтар жұбының ақаулары – домалау бетінің ақаулары, доңғалақтың өске отырғызылуы, доңғалақтар жұбының тепе-теңсіздігі және басқалары септігін тигізеді. Рессорлы аспа болмаған жағдайда шанақ барлық динамикалық жүктемелер әсерін қабылдаған болар еді.
Доңғалақтар жұбы мен шанақ арасында орналасқан серпімді элементтер доңғалақтар жұбы жағынан әсер ететін динамикалық күштерден тез деформацияланады және шанақпен бірге тербелістік қозғалыстар жасайды, бұл кезде мұндай тербелістер периоды возмущающий күштер өзгерісінің периодынан көп есе артық. Мұның әсерінен шанақпен қабылданатын үдеулер мен күштер азаяды.
Серпімді элементтер ретінде бұрамалы серіппелер мен табақша рессорларды, сонымен қатар резеңкелі металды элементтер, пневматикалық, сақиналы және басқа да рессорлар түрлерін қолданады. Бұл элементтердің барлығын жалпы терминмен – рессорлар деп атайды.
Егер рессорлар аспасының жүйесінде үйкеліс күштері аз немесе жоқ болса, онда қозғалыс кезінде арасында болып тұратын жол тегіссіздігінде рессорлардағы шанақ тербелісінің үлкен амплитудалары пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тербелістерді өшіру үшін рессорлар аспасының жүйесінде арнайы тербеліс өшіргіштері қарастырылған.Кейбір серпімді элементтер қажетті ішкі үйкелісімен немесе бөлшектер арасындағы үйкелісімен бір мезгілде тербеліс өшіргіштері болып табылады(мысалы, табақша рессорлар).
Достарыңызбен бөлісу: |