Vу.опт— берілген жүк айналымы үшін оптималды шама ретінде қабылданған меншікті көлем, м3/т.
Тасымалдау қашықтығы вагон жүк көтерімділігін таңдауға елеулі әсер етеді.
Темір жол конструкциясы мен күйі, өстік жүктеме деп аталатын, рельске дөңгелек жұбынан мүмкін болатын статикалық жүктеме шамасын түсіндіреді.
Өстік жүктеменің мүмкін болатын шамасын рельс типіне, 1 км жолдағы шпал санына, балласт түріне байланысты таңдайды. Жол қуатымен анықталатын вагонның жүк көтерімділігі құрайды
(1.14)
мұнда ро– мүмкін болатын өстік жүктеме, кН (тс);
то – вагондағы дөңгелек жұбының саны;
КТ—вагон тарасының техникалық коэффициенті.
(1.14.) формуласынан, вагон жүк көтерімділігін ұлғайтуға мүмкін болатын өстік жүктеменің және вагон өстілігінің жоғарылауы мен тара коэффициентін төмендету арқылы қол жеткізуге болатындығын байқауға болады.
Вагон құрылысының тиімділігін жоғарылату үшін өстік жүктеменің үлкен шамасы талап етіледі.
Вагон тиімділігіне себепші болатын негізгі көрсеткіштердің біріне 1 м жолға келетін вагонның статикалық жүктемесі жатады, мұны ұзындық жүктеме деп атайды.
Вагонның брутто массасын вагонның жалпы ұзындығына бөлу нәтижесінде алынған жүктемені брутто ұзындықты жүктеме деп атайды. Егер жүк көтерімділікті вагонның жалпы ұзындығына бөлсе, онда нетто ұзындық жүктемесін анықтаймыз. Вагонның орташа динамикалық жүктемесін Рдин оның жалпы ұзындығына 2Lоббөліп, орташа нетто ұзындық жүктемесін аламыз:
(1.15)
Станция жолдарының өзгеріссіз ұзындығына орташа нетто ұзындық жүктемені үлкейту пойыздың пайдалы салмағын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осы себептен, жолдың тасымалдау қабылетін көтереді, олардың жұмыс жасау қабылетін дамытуға шығындарды алшақтатады.
Ұзындықты брутто жүктеменің мүмкін болатын шама көпірлер беріктігімен және жолдың кейбір учаскелердің қондырғыларымен анықталады. Жалпы желілік айналымдағы вагондардың негізгі типтері үшін мүмкін болатын ұзындықты брутто жүктеме 10,5 т/м. Ұзындықты жүктеме мен вагон жүк көтерімділігі арасындағы байланысты мына формула білдіреді:
(1.16)
мұнда 2Lо6 – вагонның жалпы ұзындығы, м;
qп— вагонның брутто ұзындық жүктемесі, т/м.
Вагонның ұзындық өлшемдері
Вагонның меншікті көлемі Vу мен жүккөтерімділігін біле отырып шанақтың геометриялық көлемін V, ал платформалар үшін – еденнің ауданы F келесі формулалар арқылы анықтауға болады
V=PVy (1.17)
F=PFy (1.18)
Жабық, изотермиялық және жартылай вагондардың ішкі ұзындықтары келесі формуламен анықталады:
(1.19)
Мұнда
Fк- жүкпен толтырылатын, шанақтың көлденең қимасының ауданы, м2
Платформаның ішкі ұзындығын келесі формуламен өрнектеледі:
(1.20)
мұндағы 2ВВ – платформаның ішкі ені, м
Ең үлкен ықтимал болатын жүктемеге жету үшін шанақтың көлденең қимасының ауданын Fк , вагонның ішкі ені мен ішкі биіктігін жылжымалы құрамның берілген габаритінің шегінде максималды етіп қабылдауымыз керек.
Шешілетін жабдықтарын орналастыру қажеттілігіне байланысты, жолаушыларды тасымалдауға арналған жабық вагонның ішкі енін 2760 мм-ге тең деп қабылдайтынын ескеру қажет.
Контейнердің тиелуін қамтамасыз ету үшін жартылай вагондар мен платформалардың ішкі енін 2740 мм-ден кем болмайтындай етіп қабылдайды.
Бағыттауыш есептеулер үшін вагонның ішкі енін Т габариті үшін – 3400 мм, 1-Т үшін 3000 мм, 01-Т үшін 2900 мм ден қабылдауға болады. Шанақтың көлденең қимасының ауданын есептеу кезінде эстакада астымен жүк шарты бойынша жартылай вагондар қабырғасының биіктігін 8 біліктіде – 2450 мм, ал 4 біліктеде – 2600 мм етіп белгілейді.
Габариттері ұлғайтылған жартылай вагондағы шанақтың ішкі ені 3600мм және рельс қалпақшасының жоғарғы денгейінен биіктігі 4800 мм болуы мүмкін. Рельс қақпақшасының жоғарғы денгейінен 4350 мм-ден асатың биіктікті таңдау кезінде, мұның жаңа вагон аударғышты жасап шығаруды талап ететінін есте сақтау қажет.
Жабық вагон шанағының ішкі биіктігін габарит бойынша максималды мүмкін болатындай етіп қабылдайды. Платформа бортының биіктігі, олардың жайылу қолайлығымен, сондай-ақ борты төмен түскен платформалардың бір қатар жүктерді тасымалдау қажеттілігімен, соңғысының жылжымалы құрамның төменгі шегінен шығып кетпейтіндей етіп анықталады.
Дүм (торец) борттар вагон арасындағы кеңістікте, екі платформаның борттары арасында адамның қауыпсіздік жағдайларын ескере отырып орналасуы қажет.
4 білікті цистерна D қазанының диаметірін анықтау үшін келесі формула колданылуы мүмкін:
(1.21)
Кішкіне қалпақшалары бар соңғы салынған цистерналарда, температура жоғарылаған кезде жүктің кенейуін қамтамасыз ету үшін (1.17) формуласымен есептелген қазан көлемін 2–3%-ға арттырады. Барлық вагондағы люктер қақпақтарының өзара алмасу шартының, жартылай вагондардың ішкі ұзындығын анықтау кезінде, жартылай вагонның бүйір қабырғасының тіреулер арасындағы ара қашықтығы 1750 мм-ге тең болуы қажет.
Бұл шарт вагонның базасы мен консолін таңдауда ескерілуі қажет, яғни вагон базасы мен консоль ұзындығы жүк түсірілетін люктің сәйкес өлшеміне еселі (краткий) болуы қажет. Бұдан басқа жартылай вагондар мен платформалардың ұзындығын, вагон қабырғалары мен штабельдері арасындағы саңылауларды есепке ала отырып, кеңінен тараған орман материалдарының ұзындығына сәйкес мүмкіндігінше 6600 – 6700 мм еселі шамада алған дұрыс.
Контейнерлерді сыйғызу шартына байланысты, платформалар мен жартылай вагондардың ішкі ұзындығын 2170 мм-ге еселі деп алған дұрыс.
Цистернаның қазаны үшін ұзындықты, көлемді анықтайтын диаметрге, қазан түбінің пішініне және басқа бөлшектеріне байланысты белгілейді. Ішкі өлшемдері белгіленгеннен кейін, қабырға, еден мен шатырының қалыңдығын ескере отырып, шанақтың сыртқы өлшемдерін аңықтайды. Вагон конструкциясының көбіне раманың ұзындығы 2Lр мен сәйкес келетін шанақтың сыртқы ұзындығы 2L, келесі формуламен анықталады:
2L=2Lв+2ат (1.22)
мұндағы ат – шанақтың бүйір (торец) қабырғасының калыңдығы
Шанақтың сыртқы ені
2В=2Вв+ аб (1.23)
мұндағы аб – бүйір қабырғасының қалыңдығы жабық вагондарда бүйір есіктердің қалыңдығын, цистарналарда сыртқы сатыны ескереді (егер ол қазанның цилиндрлік бөлігінде орналасса).
Вагонның жалпы ұзындығы мына формуламен анықталады:
2L0 =2 Lр+ 2аа (1.24)
мұнда аа – автотіркегіштің ағытылып кетуі, яғни тіркеу өсінен соңғы арқалыққа дейінгі ара қашықтық.
2L0-ді анықтау кезінде, жүру бөліктері, автотіркегіш және тежеу қондырғылары орналастыру, сондай-ақ вагонның бұрылыстарында сығымдалу төзімділігінің шартынан шыға отырып, вагонны.
Достарыңызбен бөлісу: |