35
оқу-танымдық мүмкіншіліктерін ескере
отырып, оны жаңа сапалық сатыға
кӛтеру – бүгінде оқыту жұмысын осы-
лай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы
басқа ұстаздардың жаңа жағдайға бай-
ланысты оқу-тәрбие процесін шығарма-
шылықпен
пайдаланудың
негізгі
ӛлшеміне айналуда.
Дәстүрлі оқу мен оқыту жағдайын-
да оқушылар белсенділігі тӛмен бола-
тындығын білеміз, ӛйткені бірсарынды
сабақтар оқушыларды жалықтырады,
себебі жеке әрекет жасауға мүмкіндігі
болмай, бірлескен жұмыстарға рұқсат
берілмейтіндігін айтпауға болмайды.
Оқушылардың әлеуметтік қарым-қаты-
нас жасауына, пәндік проблемаларды
шешу барысында ынтымақтасуға, ойла-
суға, бірінен бірі кеңес алуына, бірлесе
жоспарлауына мүмкіндік берілмейтін-
дігін жоққа шығара алмаймыз.
Сабақтың сапалылығы белгілі
нәтижелерге
жеткізілуінде
сабақ
процесін ұйымдастырудағы әдіс-тәсіл-
дерді дұрыс пайдалана білудің маңыз-
дылығын айтпасқа болмайды. Мысалы,
монологтік
әдістерді
пайдаланған
кезеңде оқушылар рӛлі тек тыңдаумен,
ақпараттарды есте сақтаумен және
берілген тапсырмаларды бұлжытпай
орындаумен ғана шектеліп қалатыны
белгілі. Диалогтік әдістерді қолдану
барысында оқу материалдарын ақпарат-
тарды жеткізу қалпында жүргізуге бола-
ды. Проблемалық ситуация проблема-
лық сұрақтар негізінде анықталады
және фактілер мен құбылыстардың
қайшылықтары кӛрсетіледі, негіздеме-
сін шығарудағы болжамдар анықтала-
ды. Эвристикалық әдістер ақпарат
түрінде жай ғана жеткізу емес, мате-
риалдарды
бірнеше
проблемаларға
бӛліп, ізденіс әрекеттерінің іске қосы-
луымен ерекшеленеді. Проблемалық
сұрақтардың
жауаптарын
болжау,
жобалау мүмкіндіктерін дамытуымен
кӛрініс алады. Нәтижесінде пікірталас-
тардың жүруімен, танымдық белсенді-
ліктің арттырылуымен де кӛрінеді.
Әсіресе, осы жағдайлар оқу үдерісін
метатанымдық және құзыреттілік қаты-
настарға кӛшіруде жақсы кӛрініс
тапқан.
Бағдарламаның жеті модулінің
әрқайсысының оқу мен оқыту үдері-
сінде атқаратын ӛзіндік орындары мен
қызметтері бар. Оқу мен оқытудағы
жаңа тәсілдер арқылы оқушылар сабақ
үстінде оқиғалардың кезеңдері, орын
алуға себеп-салдарлары жайлы ой
бӛлісуге, негізгі идеясын анықтауға,
әлеуметтік диалогтік қарым-қатынас
жасауға үйренсе, сыни тұрғысынан
ойлау сұрақтары негізінде кез келген
мәселені сыңаржақты қарамауға, ұтқыр
жауапты
табуға
ұмтылу,
жүйелі
тәртіппен ойлау, баяндау машықтары
дамиды. Тарих пәнін оқытуда семан-
тикалық кесте толтыру әдісі ақпарат-
тарды талдау мен жинақтау машықта-
рын дамытуға кӛмектеседі. Бағдарлама
стратегиялары
және
ізгілендіруді
кӛздейтін оқытудың жаңа қадамдарын
енгізе отырып, пәнді оқытудың сапасын
жетілдіруге бағыт бере алады.
«Сарқылмайтын, терең бойлаған
сайын еселеп арта беретін бір байлық
бар, ол – білім, ал білім негізі – мектеп-
те», - деп Елбасымыз Н.Назарбаев
айтқандай, ел ертеңі үшін қазіргі
кезеңде жас ұрпаққа білім берудің ең
асыл жолдарын таңдап, әр баланың
болашағының
жарқын,
келешегінің
кемел болуына негіз болу бүгінгі
мектептен басталады. Әлем дамуы білім
саласының дамуына тәуелді екендігін
бүкіл әлем бір ғасыр бұрын мойын-
даған. Сондықтан да барша ұстаздар
мен әріптестеріме білім беру қызметін
жоғары деңгейлерге кӛтеруде ынтымақ-
тастық пен нәтижелі шығармашылық
әрекеттестік тілеймін. «Ӛрлеу» БАҰО»
АҚ филиалы ҚОБ ПҚ біліктілігін
арттыру институты ұжымы курстар,
конференция,
семинар,
коучингтер
секілді игі бастамаларға жетелеп, барша
педагогтардың кәсіби құзырлылығын
дамытуға қолдау жасауда.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
37
30
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ә.Қабдешова. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Алматы, 2006 ж.
2. Б.А.Тұрғынбаева. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы, 1999 ж.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым, 2012 ж.
www.cpm.kz.
МҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – ҚҦЗЫРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ
О.Маханбетов
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Қазіргі таңда еліміздің ұлттық
білім беру жүйесін әлемдік білім кеңіс-
тігіне кіріктіру бағытында елеулі ӛзге-
рістер жүріп жатыр. Осыған орай,
қоғамның сұраныстарымен заман тала-
бын
қанағаттандыруда
оқушыларға
жекелеген пәндер бойынша білім, білік
және дағдыны ғана игерту жеткіліксіз
болып табылады. Аталған талаптарға
сәйкес оқытудың «Құзырлылық» ұста-
нымы туралы педагогикалық зерттеулер
жүргізіліп, мектеп тәжірибесіне енгізу
нәтижелері мен мүмкіндіктері қарасты-
рылуда. Білім беруді дамытудағы қазіргі
талап оқытуда құзырлылық тәсілдерді
пайдалана отырып, оқушының құзырет-
тілігін қалыптастыру және жан-жақты
дамыту болып табылады.
Оқушының құзыреттілігі – меңгер-
ген білімі мен дағдыларын тәжірибеде,
күнделікті ӛмірде қандай да бір тәжіри-
белік және теориялық мәселелерді
шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін
сипаттайды. Оқушының құзыреттілігі
ең әуелі мектепте, оқу үрдісі кезінде
қалыптасады. Оқытудағы құзырлылық
тәсіл нәтижесі болып білім сапасының
кӛрсеткіші бағаланады. Ӛзінің және
қоғамның мүддесіне ӛзін-ӛзі белсенді
етуге дайын, ӛзгермелі даму үстіндегі
ортада ӛмір сүруге бейім, бәсекеге
қабілетті және құзыретті, шығармашыл,
білімді тұлғаны дамыту және қалып-
тастыру – құзыреттілік пен әрекеттілік
тұрғыда жасалған іс-әрекет нәтижесінде
жүзеге асады. Сонымен, оқу үрдісіндегі
құзырлылық дегеніміз – оқушының
алған білімі мен дағдыларын тәжіри-
беде, күнделікті ӛмірде теориялық және
тәжірибелік мәселелерді шешу үшін
қолдана
алу
мүмкіндігі
болып
табылады. Құзырлылық тәсіл идеясы –
жеке тұлғаға қандай білім қажет және
ол қоғамның қандай қажетін ӛтей
алады.
Оқушының
құзырлылығын
қалыптастыру
бүгінгі
білім
беру
саласының ӛзекті мәселелерінің бірі.
Құзырлылық тәсілді, білім сапасын
арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім
мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің
арасындағы қарама-қайшылықтан туын-
даған дағдарысты жағдайдан шығару-
дың бір жолы деп қарастыруға болады.
Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне,
алған білімнің кӛптігімен емес, сол
білімді қолдана білуімен маңызды.
Оқытуда
құзырлылық
тәсілді
пайдалана отырып, оқушының құзыр-
лылығын қалай қалыптастыруға бола-
ды? Құзырлы оқытуды тиімді ұйымдас-
тыру, оқушы құзырлылығын қалыптас-
тыру үшін мұғалімнің ӛзі құзырлылық
деңгейлерін жетік меңгеруі, құзырлы
оқытудың тәсілдерін білуі және оқыту
үдерісінде
пайдалана
білуі
тиіс.
Құзырлылық
ӛздігінен
меңгеріліп
немесе ӛзінен-ӛзі қалыптаспайды. Ол
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
38
Достарыңызбен бөлісу: |