35
дың формасы, әдістері мен құралдарын
ашып кӛрсетіп, оқу бағдарламасында
белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге
асырылады», - деп айта келіп, оның
құрылымын
кӛрсетеді:
оқытудың
мақсаты; білім берудің мазмұны;
педагогикалық ӛзара әрекеттестіктің
құралы (оқыту және мотивация), оқыту
үдерісін ұйымдастыру, оқушы, оқыту-
шы, әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге
кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сондай-ақ, Қазақстандық ғалым-
дардың Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің,
Қ.Жанпейісованың және т.б. ғалымдар-
дың оқыту технологиялары белсенді
түрде білім беру жүйесінде қолданылу-
да. Бұл технологиялардың ӛздеріне тән
ерекшеліктері бар.
Оқушыларға шетел тілін оқыту
үшін болашақ мұғалімнің ӛзі тӛмендегі-
дей негізгі құзыреттіліктерді игеруі
тиіс:
лингвистикалық; коммуникативтік;
лингвистикалық елтану; кәсіби-бейімді
(кәсіби-педагогикалық мақсат аясында),
т.б.
Инновация – құрал және үдеріс
ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген
сӛз. Педагогикалық үдерісте инновация
оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері,
мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен
оқушының бірлескен қызметін ұйым-
дастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.
Н.Ф.Талызина: «Инновация ӛзінің
дамуы барысында белгілі бір ӛмірлік
сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда
болуы; мақсат қоюшылық: тарату және
жойылу», - деп айта келе, «Инновация-
лық технологияға жататындар: компью-
терлік технология, ойын технологиясы,
жоба әдісі», - деп топтастырып кӛрсе-
теді.
Педагогикалық инновацияға, жаңа
тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалім-
дерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен
айтылуда.
Білім беру жүйесіне жаңалықты
(инновациялық) үдерістердің енуіне
байланысты жаңаша ойлауға қабілетті,
жоғары мәдениетті, қоғам мен мектеп-
тің алдына қойылған міндеттерді айқын
түсінетін жаңа формация мұғалімдерін
кәсіби даярлау мәселесі кӛкейкесті
болып табылуда.
Оқу үдерісінің нәтижелі болуы
бірнеше факторға, шарттарға байланыс-
ты, оның ішінде оқу бағдарламасына,
оқулықтарға, материалдық-техникалық
базаға, студенттің ынтасына, т.б. Кӛбіне
оқу үдерісінің нәтижелілігі мұғалімнің
белгілі пән бойынша білімі мен пәнді
оқытуы арқылы кәсіби даярлығына
байланысты болады.
Бұған негізгі дәлел Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 26 ма-
мырдағы
Г.Н.Гумилев
атындағы
Еуразия ұлттық университетінде сту-
денттерге арнап оқыған дәрісінде:
«...білім беру ұғымының ӛзі ӛзгеруде
және кеңеюде. Жеке тұлғаны функцио-
налдық әзірлеу тұжырымдамасынан
жеке тұлғаны дамыту тұжырымдама-
сына кӛшіп жатыр. Жаңа тұжырымдама
білім
берудің
даралық
сипатын
кӛздейді, ол әрбір нақты адамның
мүмкіндіктерін және оның ӛзін-ӛзі іске
асыруымен ӛзін-ӛзі дамытуға қабілетті-
лігін ескеруге мүмкіндік береді», - деп
кӛрсетті.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде
мамандар даярлаушы кәсіби білім
беретін оқу орындарының басты мақса-
ты – мамандықты игерту ғана болған
болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне
ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға
дайындау үшін адамның
құзырлық
қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну
негізгі мақсат болып отырғаны барша-
мызға аян.
«Құзыр»,
«құзырлық»
және
«құзырлы» түсініктері бұрынырақта
әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды,
сӛздіктерде
түсіндірмелері
берілді.
Мысалы, «Шетел сӛздерінің қысқаша
сӛздігінде» (М., 1952 ж.) «құзырлы»
(лат. competens, competentis қабілетті) –
анықталған аймақта жетекші, білуші; ӛз
білімі деңгейінде бір нәрсені шешу
немесе талқылау статусы бар», - деп
анықтама берілген.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
149