1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет89/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

         
34           
Ашық журнал 
8 сынып. Химия 
 
№ 
Аты-жӛні 
Ҥй 
тапсырмасы 
І 
деңгей 
ІІ 
деңгей 
ІІІ 
деңгей 
Ҧпай 
саны 
Бағасы 

Оқушының 
аты-жӛні 
жазылады 
 



12 


 
 






 
 





 
Сабақты бағалау рейтингі. 
Мен ӛз баяндамамды қорыта келе, 
«Оқытудың  үш  ӛлшемді  әдістемелік 
жүйесі»  педагогикалық  технологиясы-
ның  қамтылмаған  мүмкіндіктерінің  әлі 
де  бар  екендігін  айтқым  келеді.  Кез 
келген  ұрпақ  білімі  мен  тәрбиесінің 
тізгінін  қолына  алған  мұғалім  ӛз 
сабағының типіне,  түріне қарай аталған 
технологияның  мүмкіндіктерін  ішінара 
және толықтай пайдалана алады. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  Ж.Қараев. «Үш ӛлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы. 
2.  Қ.Болатбекова. Саралап деңгейлеп оқыту. «Қазақстан мектебі» журналы. №5, 2008 ж. 
3.  Интернет материалдары. 
 
 
 
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫ  
ПАТРИОТТЫҚ ОТАНСҤЙГІШТІК РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
 
А.Убаев 
Арал ауданындағы №66 орта мектептің АӘД пәні мұғалімі 
 
 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім 
берудің  ӛзіндік  ұлттық  үлгісі  қалыпта-
суда.  Бұл  процесс  білім  парадигмасы-
ның  ӛзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім 
берудегі  ескі  мазмұнның  орнына  жаңа-
сы  келуде.  Жаңа  білім  парадигмасы 
бірінші  орынға  баланың  білімін,  білігі 
мен  дағдысын  емес,  оның  тұлғасын, 
білім  алу  арқылы  дамытуын  қойып 
отыр. Қазіргі таңда педагогика ғылымы-
ның бір ерекшелігі – баланың тұлғалық 
дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту 
технологияларын шығаруда. 
Қазақстан Республикасының Білім 
туралы  Заңында  оқыту  формасын,  әдіс-
терін,  технологияларын  таңдауда  кӛп 
нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім 
мекемелерінің  мұғалімдеріне,  педагог-
тарына  ӛзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдау-
ға,  педагогикалық  процесті  кез  келген 
үлгімен,  тіпті  авторлық  үлгімен  құруға 
мүмкіндік бар. 
Мен ӛз сабағымда оқытудың жаңа 
технологиялық  әдістерінің  ішінде  педа-
гогика 
ғылымдарының 
кандидаты 
Марал  Мәденқызы  Жанпейісованың 
модульдік  оқыту  технологиясын  пайда-
ланамын,  5-6  жылдан  бері  «Алғашқы 
әскери  дайындық  сабағында  баланы 
патриоттық,  отансүйгіштік  рухында 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
179 


         
34           
тәрбиелеу»  тақырыбында  шығармашы-
лық  жұмыспен  айналысып  келемін. 
Сабақ  ӛту  кезінде  жаңа  технологиямен 
шығармашылық  жұмысты  байланысты-
рып ӛтемін. 
Модульдік технология – педагоги-
калық  технологияның  негізгі  ұстаным-
дарын  материалды  толық  игеру  әдісте-
рінің  негізгі  позициясына  сүйенген. 
Модульдік  технологиямен  оқытудың 
маңызды мәселесі оқушылардың таным-
дық  қызметінің  артуы,  жеке  тұлғаның 
ӛзіндік  дамуына  бағыт  беру,  сонымен 
қатар  оның  мүмкіндігінің  жүзеге  асуын 
қадағалау. 
Сабақта  қазіргі  заман  талабына 
сай  компьютер  техникасы,  проектор 
пайдаланамын. Алғашқы әскери дайын-
дық сабақтарында мен негізінен диффе-
ренциалды,  ұжымдық  және  жұптық 
оқыту 
әдіс-тәсілдерін 
қолданамын. 
Әсіресе, 
практикалық 
сабақтардан 
саптық  даярлық  бойынша  сабақтар 
алдыңғы 
сабақтарда 
дағдыланған 
машықтардың 
ұмытылмауы 
үшін 
жүйелі түрде және бірдей уақыт аралық-
тарында ӛткіземін. 
Әскери-патриоттық  тәрбие  жас-
ӛспірімдерді  еліне  деген  сүйіспенші-
лікке,  ұлттық  армия  сапында  адал  қыз-
мет  атқаруға,  азаматтық,  адамгершілік 
қасиеттерді  бойына  сіңіруге  баулиды. 
Бала  әрдайым  ӛмірге  қызыға  қарайды, 
бәрін  үйренгісі  келеді,  еліне  керекті 
азамат болып ӛскісі келеді. Жаңақорған 
аграрлы-техникалық  колледжі  студент-
тері  арасында  жыл  сайын  Отан  қорғау-
шылар күні және Ұлы Отан соғысының 
Жеңіс  күніне  байланысты  соғыс  арда-
герлерімен  және  аудандық  қорғаныс 
істері  жӛніндегі  бӛлім  қызметкерлері-
мен  кездесу  ұйымдастырылады.  Соны-
мен  қатар,  әр  мамандықтар  арасында 
командалар  жасақталып,  «Мен  Отан 
қорғауға  дайынмын»  атты  әскери 
патриоттық сайыс ӛткізіліп отырады. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметі 
жасӛспірімдердің  отансүйгіштік,  елінің 
патриоты  мен  азаматы  болып  қалыпта-
суына  кӛңіл  бӛліп  отыр.  Патриоттық 
тәрбие  беру  –  оқушының  саналы 
кӛзқарасын  қалыптастыру.  Алғашқы 
әскери  дайындық  енгізілуі,  оған  байла-
нысты  әскери  патриоттық  тәрбиенің 
тереңдеуі,  Отанымыздың  саналы  және 
белсенді  күрескерлерін  тәрбиелеуге, 
оларды  еліміздің  игілігіне  жанқиярлық-
пен  еңбек  етуге,  республикамыздың 
мүддесін  қорғауға  жаңа  мүмкіндіктер 
туғызады.  Жастарды  Отанды  қорғауға, 
талантты  әскери  кадрлар  даярлау,  жас 
азаматтардың  патриоттық  тәрбиесіне 
танымдарымен  мінездерін  қалыптасты-
ру  ауыр  және  сан  қырлы  процесс. 
«Отанды  сүю  отбасынан  басталады», 
отансүйгіштік  қасиетті  қалыптастыруда 
отбасы 
тәрбиесінің 
маңызы 
зор. 
Патриот,  ержүрек  адамды,  табанды 
күрескерлерді 
тәрбиелеудің 
негізі 
мектепте қаланды. 
Пәннің міндеті келешекте Отанын, 
жерін,  елін  қорғай  алатын,  ұлттық 
намысы  мол,  жігерлі  ұл-қыз  тәрбиелеу, 
әскер  қатарына  сауатты,  моральдық 
жағынан  дайын  азамат  даярлау.  Сабақ 
барысында  ұжымдық  қорғаныс  жұмыс-
тарына,  сабақтан  тыс  уақытта  жаттығу 
жұмыстарын ӛткізуге аса кӛңіл бӛлінеді. 
Ұжымдық  қорғаныс  жұмыстары  АӘД-
ты оқытудың негізгі бір бӛлімі. Оқушы-
лар теориялық  сабақта алған білімдерін 
ұжымдық  қорғаныс  жұмыстары  кезінде 
іске  асырып,  ӛздерінің  білімдерін, 
біліктілік дағдыларын жетілдіреді. 
Патриоттық  даярлаудағы  жауап-
кершілікті  неғұрлым  терең  сезініп,  бар 
мүмкіндікті  пайдаланып,  шыныққан  да, 
шымыр  отансүйгіш  азаматтар  даярлау 
ісінде  АӘД  пән  мұғалімдеріне  үлкен 
талап  қойылады,  сондықтан  оларға  ӛз 
ісінің  жетік  маманы  болу  жеткіліксіз, 
сонымен  қатар  білімді,  тың  ақпараттар-
дан хабары мол болуы шарт. 
Қазақ халқының тәрбие жүйесінде 
жас  ұрпақты,  қоғам  мүшелерін  Отанға, 
халқына,  елге,  жерге  деген  сүйіспенші-
лікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына 
сіңіріп  қалыптастыру  жетекші  орын 
алады.  Ӛйткені,  Отан,  халық,  ел,  жер 
деген ұғым ӛте ауқымды. 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
180 


         
33           
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  ҚР  Президентінің  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
2.  «Алғашқы әскери дайындық және ӛмір қауіпсіздігі негіздері» атты Республикалық 
әскери-патриоттық педагогикалық-әдістемелік журнал. №1, 2013 ж. 
3.  «Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға» атты М.Мәметованың 90 жылдығына 
орай республикалық патриоттық форум аясында дайындалған материалдар жинағы 
II бӛлім, 2012 ж. 
 
 
 
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 
 
 
Ж.Басығараев 
Арал ауданындағы №66 орта мектептің информатика пәні мұғалімі 
 
 
Қазіргі  информатиканы  проблема-
лық  әдістермен  оқыту  кең  түрде  қолда-
нылып отырғанда оқушылардың инфор-
матикалық  білім  дәрежесін  арттыру 
мұғалімдер  қауымының  алдына  қойы-
лып  отырған  ең  күрделі  міндет. 
Сондықтан,  оқушылардың  информати-
калық  білімі  терең  болуы  үшін 
мұғалімнің  әрбір  сабағы  қызықты  да 
мазмұнды  болуымен  қатар,  сыныптан 
тыс  жүргізілетін  жұмыстардың  жүйелі 
түрде  ұйымдастырылуы  қажетті  нәрсе. 
Оқу  үрдісі  тиімділігінің  негізгі  шарты 
проблемалы  оқыту,  ол  оқушының 
таным белсенділігіне жатады. 
Оқушының жеке тұлғасын, рухани 
әлемін,  қабілетімен  ынтасын  дамыту 
бүгінгі  таңдағы  негізгі  мәселелердің 
бірі.  Оқушының  ӛзіне  сенімін  арттыру, 
шығармашылығы 
мен 
танымдық 
белсенділігін 
арттыру 
мақсатында 
мұғалімнің  әр  сабағы  әр  түрлі,  жан-
жақты болуы керек. 
Танымдық  қабілет  пен  шығарма-
шылық  ойлау  үрдісі  қысқа  мерзімде 
қалыптаспайтыны  белгілі.  Оқушылар-
дың  танымдық  қажеттілігін  қанағаттан-
дыруға  шығармашылық  жұмыстар  мен 
тапсырмалар  зор  үлесін  тигізеді.  Яғни, 
шығармашылық 
таным 
қабілетінің 
артуы  үшін  мұғалім  мен  оқушының 
шығармашылық және танымдық іздену-
лері  ӛзара  ұштасуы  қажет.  Ғылым 
негізінде  оқытуды  жетілдірудің  басты 
мәселелері информатиканы оқыту кезін-
де  оқушылардың  танымдық  және 
шығармашылық  жұмыстарын  жандан-
дыру ерекше орын алады. Атап айтсақ: 
1.  Ақпараттандыруға  байланысты 
оқушылардың  информатикалық  талап-
тарын кӛтеру; 
2.  Ғылым  мен  техниканы,  ӛнді-
рісті  ӛркендетуде  информатика  рӛлін 
арттыру; 
3.  Шығармашылық ізденіске жете-
леу; 
4.  Ӛз  бітімен  оқуға,  жұмыстануға 
дағдыландыру. 
Қаралып  отырған  бұл  мәселе-
лердің ӛзектілігі информатика бойынша 
жаңа  бағдарлама  мен  оқулықтардың 
енгізілуіне  сәйкес  одан  әрі  арта  түспек. 
Ӛйткені,  мектеп  курсының  ғылыми-
теориялық  деңгейін  кӛтеру  және  оны 
қазіргі  заман  информатикасына  жақын-
дата  түсу  информатика  пәні  мұғалім-
дерінің  алдында  тұрған  күрделі  міндет-
терге әсер етпей қоймайды. 
Сабақ  мазмұнының  теориялық-
практикалық құндылығы жоғары болған 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
181 


         
34           
сайын  оқушыларды  оқыту  мен  тәрбие-
леу  ӛте  тиімді  жүргізіледі.  Мұғалімнің 
әрбір  сабағы  оқушы  сезіміне,  ынта-
ықыласына  әсер  етуі  тиіс.  Ол  үшін 
сабақ  құрылымы  кӛп  түрлі  оқыту 
әдістерімен,  мұғалімнің  дайындығы, 
ізденісі  жоғары  деңгейде  болуы  керек. 
Оқушыларға  білім  негізін  меңгертудің 
әдіс-тәсілдері  сан  алуан.  Оқушылардың 
пәнге деген қызығушылығын арттыру – 
мұғалімнің  ӛз  еңбегін  ұтымды  ұйым-
дастыра  отырып,  жаңа  сабақ  үлгілері-
мен  оқушыларды  шығармашылыққа 
ізденуін  қалыптастыру,  оқушыларға 
сұрақ  қою,  эксперименттік  тапсырма-
ларды  шештіру,  ой  таласын  жасау, 
танымдық 
ойындар 
ұйымдастыру 
арқылы 
жасау 
керек. 
Педагогика 
ғылымы  тиянақты  білім  маңызына  әсер 
етпейді,  қайта  оқушыларды  оқытуда 
тәрбиелеу  мен  жетілдіру  бағытында 
жаңа  мақсаттың  рӛлін  анықтап  береді. 
Оларға мыналар кіреді: 
1.  Информатиканы  оқып  –  үйрену 
кезінде  кездесетін  барлық  танымдық 
бастауларды  оқушылардың  ӛз  бетінше 
пайдалануын қалыптастырады, экспери-
мент  барысында  мұғалімнің  түсіндіруі, 
оқушылардың  тапсырмаларды  орын-
дауы, кітап оқу, бақылау т.б. 
2.  Ғылыми  ойлау  тәлім-тәрбиесін 
кеңейту; 
3.  Ӛз  бетінше  ойлауын,  шығарма-
шылық  қабілетін  арттыру,  дарынын 
шыңдау. 
Педагогика  ғылымы  ешнәрсеге 
бейімі  жоқ,  қабілетсіз  адам  болмайды 
деп  есептейді.  Сондықтан,  оқушылар-
дың қабілетін дамытуға мақсатты түрде 
ықпал ететін – мектеп. 
Оқушының  шығармашылық  қабі-
летін  дамыту  дегенді  ғылыми  тұрғыдан 
түсіндірудің  негізі  қабілет  ұғымының 
мәнін ашудан басталады. 
«Қабілет  –  іс-әрекеттің  белгілі  бір 
түрін  ойдағыдай  нәтижелі  орындауда 
кӛрінетін  адамның  жеке  қасиеті». 
(Т.Тәжібаев)  «Қабілет  –  білім  алуға 
қажетті  адамның  психологиялық  ерек-
шеліктері».  (А.В.Петровский)  Қабілет 
адамды 
шығармашылық 
деңгейге 
кӛтереді. 
Шығармашылық  –  оқушылардың 
алынған  ақпаратты  түрлендіріп,  жиі 
тапқырлық  танытуы,  бірегей  ойларды 
қорыта  білуі,  оралымды  және  кӛп 
нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік 
белсенділігі. 
Шығармашылық  бағыттағы  іс-
әрекеттің  негізгісі  –  шығармашылық 
ойлау.  Себебі,  оқушы  ойша  әрекеттене 
отырып,  нәтижесінде  не  алатынын 
кӛзіне елестетеді. Оқушының шығарма-
шылық  қабілетін  дамыту  дарынды, 
талапты  оқушыны  кӛбейтуге  әсерін 
тигізеді. 
Шығармашылық  –  бұл  адамның 
ӛмір шындығында ӛзін-ӛзі тануға ұмты-
луы,  ізденуі.  Ӛмірде  дұрыс  жол  табу 
үшін  адам  дұрыс  ой  түюге,  ӛздігінен 
сапалы  дәлелді  шешімдер  қабылдай 
білуге  үйренуі  керек.  Адам  бойындағы 
қабілеттерін  дамытып,  олардың  ӛшуіне 
жол  бермеу,  адамның  рухани  күшін 
нығайтып, ӛзін-ӛзі тануына кӛмектеседі. 
Ӛйткені,  адам  туынды  ғана  емес, 
тудырушы.  Адамның  ӛз  болмысын 
тануға,  ұмтылуға  кӛмектесіп,  тереңде 
жатқан 
талап-тілегін, 
қабілеттерін 
дамытуға  тиіс.  Сол  арқылы  оған 
толыққанды  ӛмір  сүру  үшін  жаңа 
рухани  күш  беру  білімнің  ең  маңызды 
мақсаты 
болып 
табылады 
деп 
кӛрсетілген.  Қазіргі  компьютерленген 
жаңа  заманда  әр  оқушының  заман 
талабына  сай  әлемдік  дәрежеде  білімді 
меңгеруі 
үшін 
информатика 
пәні 
бойынша  шығармашылық  қабілетін 
дамыту – ең басты міндет. 
Информатиканы 
оқып-үйрену 
үрдісінде  оқушы  алдында  оқытудың 
тәрбиелеу  және  жетілдіру  мақсаттары 
қойылса,  онда  ол  оқу-танымдық  деп 
аталады.  Мұндай  жағдайда  оқушылар 
қажетті  білімді  игеріп  қана  қоймай, 
сонымен 
бірге 
ӛзінің 
танымдық 
қызметін,  ғылыми  ойлау  санасын, 
шығармашылық  қабілетін  жетілдіреді. 
Ендеше,  информатиканы  оқып-үйрену 
кезіндегі 
оқушының 
оқу-танымдық 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
182 


         
35           
белсенділігі  мына  тӛмендегі  нақты 
белгілерге ие болуы тиіс: 
-  шығармашылық бағыт; 
-  оқушылардың  оқып  үйренуде 
жас  және  психологиялық  ерекшелікте-
рінің сәйкестігі; 
-  абстрактілі ойлау мен практика-
ны  байланыстыратын  ғылыми  таным 
жалпы заңдылық кӛрінісі. 
Оқушылардың 
шығармашылық 
қабілетін  дамыту  үшін  оқыту  құралы  – 
компьютерді  қолданбай  оқытушының 
ӛзі  дайындалған  әр  тақырыпқа  байла-
нысты  әртүрлі  деңгейлік  тапсырмалар-
дан  құралған  ӛзіндік  және  бақылау 
жұмыстары  мен оқушының болашақ іс-
әрекетіне негіз болатын информациялық 
блоктар арқылы да іске асыруға болады. 
Ол  сабақ  үстінде  жүргізетін  есептеу 
жұмыстарының орындалуын, ӛз бетінше 
ізденіп,  ойланып,  еңбектеніп,  барып 
жетістікке жетуіне мүмкіндік туғызады. 
Оқытудың  компьютерлік  технология-
сын  қолданып  оқушылардың  шығарма-
шылық  қабілетін  шыңдау  деңгейлік 
ӛзіндік жұмыстарға тӛмендегідей талап-
тар қойылады. 
Бірінші  деңгей  –  «Үйренушілік». 
Оқушының  жаңа  тақырыптан  алған 
білімдерін  бекіту  үшін,  еске  түсіріп, 
қайталау  үшін  және  алған  білімдерін 
практика 
жүзінде 
қолдана 
білуге 
жаттықтырады.  Берілген  тапсырмалар 
мен есептер ӛмірмен, қоршаған ортамен 
байланыстырылған болуы керек. Мұнда 
оқушының  қызығушылығына,  таным 
бірлігіне назар аударылады. 
Екінші  деңгей  –  «Алгоритмдік». 
Мұнда кері байланысқан функцияларды 
орындау  үшін  тексеру  тапсырмалары 
іріленген 
материалдарды 
жүйеге 
келтіруге,  реттеуге  арналған  мазмұны 
ӛзгертілген  жағдайдағы  тапсырмалар 
беріледі. 
Үшінші деңгей – «Эвристикалық». 
Оқушыға  берілген  тапсырмалар  таным-
дық  ізденіс  түрінде  игерген  білімді 
тереңдету  үшін  әр  түрлі  логикалық 
операцияларды  керек  етеді.  Проблема-
лық  жағдайларды  шешуге,  ӛздігінен 
графиктерді,  диаграмаларды  құруға, 
формулаларды 
қорытып 
шығаруға, 
лабораториялық жұмыстарды ӛз бетімен 
жасауға, 
физикалық 
құбылыстарды 
үлгілеуге тәрбиеленеді. 
Тӛртінші  деңгей  –  «Шығармашы-
лық».  Әрбір  тапсырманы  ӛз  бетімен 
түсініп талдай отырып орындау ғылыми 
шығармашылық 
тұрғыдан 
шағын 
зерттеу жұмысын жүргізуі керек. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  Э.П.Семенюк.  Информационный  подход  к  познанию  действительности.  -  Киев, 
2004 г. 240 с. 
2.  А.Бочкин.  Методика  преподавания  информатики.  Минск:  Высшая  школа,  1998  г. 
431 с. 
3.  В.В.Малев, 
А.А.Малева.  Внеклассная  работа  по  информатике:  Учебно-
методическое  пособие  для  студентов  физико-математического  факультета.  - 
Воронеж:  ВГПУ,  2003  г.  152  с.  (Серия  «Теория  и  методика  обучения 
информатике»). 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
183 

жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау