1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет7/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89

         
8           
Алматыға  кӛшіріліп,  Қазақ  кен-метал-
лургия  институты  құрылды.  Ғылыми 
зерттеулер  мекемелері,  Кеңес  Ғылым 
Академиясының  бӛлімшесі,  жаңадан 
мұрағат, мұражайлар ұйымдастырылды. 
Қожа  Ахмет  Яссауи  ескерткішінен  бас-
тап,  кӛптеген  тарихи  кесенелер  мемле-
кет  қарауына  алынды.  Т.Ізтілеуовке 
жеке  тапсырма  беріп,  Фердаусидің 
атақты  «Шахнамасын»  аударуды  қолға 
алды.  Әрине,  Темірбек  Қараұлының 
ұйымдастыруымен атқарылған игі істер-
дің  бәрін  жазу  бір  мақаламен  шектел-
мейтіні рас. 
Оның  атқарған  еңбектері  жазыла 
бастаса,  том-том  кітап  болар  еді.  Біз 
кейбір  мәселелерге  ғана  тоқталып 
отырмыз. 
1934  жылы  12-18  маусым  аралы-
ғында 
Қазақстан 
жазушыларының            
I  съезі  болып,  онда  халықтың  рухани 
қазынасынан  нәр  алған  қазақ  әдебиеті-
нің классиктері М.Жұмабаев, С.Сейфул-
лин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, 
Ж.Аймауытов  секілді  т.б.  саңлақтармен 
бірге қазақ әдебиетінің ӛсіп келе жатқан 
мол  жеткіншектер  тобының  бар  екені 
кӛрінді. Халық ӛнері шеберлерінің слеті 
тұрақты  ӛткізіліп,  ел  ішінде  кӛміліп 
жатқан  таланттар  таныла  бастады.  Сол 
жылы  М.Әуезовтің  «Айман-Шолпан» 
музыкалық  комедиясымен  қазақ  опера-
сының  сахнасы  ӛз  шымылдығын  ашты 
[4]. 
Қазақстан  әдебиеті  мен  ӛнерінің 
1936  жылы  Мәскеуде  болған  алғашқы 
онкүндігі  қазақ  халқының  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  мәдениетінің  жетіс-
тіктерін бүкіл Одаққа танымал етті. Үкі-
мет  қазақ  халқының  әдебиет  пен  ӛнер 
қайраткерлерінің  таланты  мен  шебер-
лігін  жоғары  бағалады.  Қ.Байсейітова 
«КСРО халық әртісі» деген жоғары атақ 
алып,  жазушылардың,  әртістердің,  мә-
дени  құрылыс  қайраткерлерінің  үлкен 
бір  тобы  –  Ж.Жабаев,  С.Сейфуллин, 
А.Жұбанов,  Т.Жүргенов  және  т.б.  «Ең-
бек қызыл ту» орденімен марапатталды. 
Расында да, қазақ әдебиеті мен ӛнерінің 
Мәскеу  қаласындағы  алғашқы  онкүн-
дігінің іс жүзіндегі басқарушысы да, жа-
уаптысы  да  Темірбек  Жүргенов  бола-
тын.  Қазақстанның  халық  әртісі  Шара 
Жиенқұлова  ӛз  естелігінде  «Темірбек 
Жүргенов  халқымыздың  нағыз  бір  туар 
азаматы  еді.  Оның  еңбегі  кӛпке  дейін 
аталмай  жүрді.  Егер  қазақ  халқы               
1936  жылы  Мәскеуде  ӛткен  қазақ 
әдебиеті мен ӛнерінің алғашқы онкүнді-
гін  мақтаныш  ететін  болса,  алдымен 
Темірбектің  аты  аталуы  керек.  Мәскеу 
қаласында  да  түн  ұйқысын  тӛрт  бӛліп, 
қазақстандық  ӛнер  шеберлерінің  басы-
қасында  жүруі,  жанға  қуатты  жалынды 
сӛзі  біздерге  қаншама  күш-қуат  берді 
десеңші!»,  -  деп  есіне  алып,  Темірбек 
Жүргеновтің  ұйымдастырушылық  қабі-
летіне  ӛте  жоғары  баға  берген  болатын 
[5]. 
1937  жылдың  басында  музыкалық 
драма  театры  опера  және  балет  театры 
болып  қайта  құрылды.  Опера  театрына 
жаңа  ғимарат  салу  идеясын  кӛтерген 
Т.Жүргенов Қырымға демалысқа барған 
сапарында  Одессаның  опера  театрына 
соғып,  оның  ғимаратының  жоспарын 
алып  келіпті.  Театрдың  орнын  да  ӛзі 
таңдаған.  Бірақ  театрдың  дайындаған 
спектакльдері  мен  театр  ғимаратын 
кӛруді  тағдыр  оған  жазбады.  Ӛзі 
дайындатқан  «Ер  тарғын»  операсы 
оның  қатысуынсыз  қойылды.  Темірбек 
Жүргенов 
опера 
театрының 
Ленинградқа  гастрольдік  сапарын  да 
сол жылға жоспарлап қойып еді, оны да 
кӛре 
алмады. 
Қазақ 
операсының 
табысына 
Ленинград 
жұртшылығы 
сүйсініп  қол  соқты.  Қазақ  операсы 
жайында  атақты  орыс  жазушысы 
А.Толстой, 
академик 
Асафьев 
мақалалар жазды.  
Қазақ  білім  жүйесі  мен  ӛнерінің 
бүгінгі  табыстары  Жүргенов  негізін 
салған  істердің  жалғасы  екені  даусыз. 
Ол  аса  талантты,  жігерлі,  отты,  уытты 
басшы 
болды. 
Темірбек 
жайлы 
естеліктер  әлі  де  айтылар,  мақала-
зерттеулер  де  толыса  түсер,  барлығы 
уақыт еншісінде.  
Ғалымдар мінбері 
№4 (42) 2014 
12 


         
9           
Темірбек  еңбегін,  ол  туралы 
жазбаларды  әрбір  Отанын  сүйетін,  ел 
үшін  қызмет  етемін  деген  намысқой 
қазақ  жастары  оқуға,  білуге  тиісті. 
Лауазымды  қызмет  берген  Ӛзбекстан-
нан  кетіп,  елге  оралуы,  әйеліне: 
«Дәметай,  елге  баратын  болдық,  ӛз 
республикамыздың  мәдениетіне  там-
шыдай болса да үлес қосқанымыз дұрыс 
шығар?»  -  деген  сӛзі,  Дәмештің  «Туған 
жерге  деген  сағыныштан  кӛңілім  босап 
кетті» деген екі жастың отаншылдығын 
танытатын  ұлы  сезімнің  кӛрінісі  емес 
пе? Оның еңбектері, жазған мақалалары 
мен  сӛздері  отаншылдықтың  айқын 
мысалы  бола  алады.  Қазақ  театры  мен 
ӛнерінің  ұлы  қайраткерлері  ӛздерін 
Жүргеновтің  шәкірті  санаған,  Темірбек 
сияқты 
алып 
азаматты 
халық 
ұмытпайтыны  сияқты,  оның  әруағы  да 
қазақтың  бүгінгі  тәуелсіздігін  қуаттап 
жатқаны – кӛңілге медеу. 
1930  жылдардың  екінші  жарты-
сындағы орын алған кӛптеген қиыншы-
лықтарға  қарамастан,  Қазақстан  мәде-
ниеті біршама дамыды. 
1937-1938  жылдар  аралығындағы 
Сталиндік  әкімшіл-әміршіл  жүйенің 
қазақ зиялыларын қудалауы болмағанда 
бұл  жетістіктердің  бұдан  да  табысты 
болуы әбден мүмкін еді. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  Т.Қ.Жүргенов. «Год работы». Ташкент, 1928 г. 
2.  Т.Қ.Жүргенов.  «Мектептердегі  оқу-ағарту  жұмысы  жайлы».  Ауыл  мұғалімі.    
1937 ж. №1, 2. 
3.  М.Мұхамедов,  М.Сырымбетұлы.  Қазақстан  тарихы.  Алматы,  «Қарасай» 
баспасы, 2007 ж. 194-198 бб. 
4.  К.Рысбайұлы.  Қазақстан  Республикасының  тарихы.  Алматы,  «Санат»  баспасы. 
210-216 бб.  
5.  Т.Дайрабай. «Тұғыры биік тұлға». Алматы, 79 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№4 (42) 2014 
Ғалымдар мінбері 
 
13 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау