1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет20/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89

         
37           
мұғалімнің  үздіксіз  ізденуі,  кәсіби 
дамуы нәтижесінде қалыптасады. 
Кәсіби  құзырлылық  –  мұғалімнің 
біліктілігін  арттыру,  қоғам  алдындағы 
жауапкершілікті 
сезіну, 
жоғарғы 
деңгейге  үнемі  ұмтылу  мен  үнемі 
ізденіс,  жаңашылдығы  мен  жаңалықты 
қабылдай білуі мен қолдана білу, адами 
құндылықтарға  сай  бола  отырып,  сол 
құндылықтарды  балаға  сіңіре  білу.  Ал, 
бұл  құзыреттіліктер  (мұғалім  мен  оқу-
шының  құзыреттілігі)  ӛз  бетімен  жұ-
мысты ұйымдастыруда анық байқалады. 
Құзыреттілік  –  оқушының  ӛз  бетінше 
жұмысын  тиімді  ұйымдастыра  білу  – 
сол  арқылы  білім,  білік,  дағдының 
жоғары  деңгейіне  шығу.  Демек,  құзы-
реттілік  дегеніміздің  ӛзін  қазіргі  заман 
талабына сай педагогтің ӛзін-ӛзі ӛзгерте 
алу  қабілеттілігі  деп  түсінуге  болады. 
Білім  саясатындағы  түбегейлі  ӛзгеріс-
терді күнделікті оқу үрдісінде берілетін 
тапсырмалардан  бастау  қажет  екендігі 
айқын  кӛрсетілген.  Оқыту  үдерісін 
құзырлылық  тұрғысынан  ұйымдастыру 
білім  беру  мен  біліктілігін  арттыру 
жұмысына  айтарлықтай  ӛзгеріс  ендіріп, 
мұғалімге  ӛз  тәжірибесін  жетілдіруге 
шығармашылық бағыт береді. 
Педагог-психологтардың  анықта-
масы  бойынша  ӛз  бетімен  жұмысты 
ұйымдастыру  дегеніміз  –  бұл  баланың 
ӛз  бетімен  тани  білу,  ӛз  бетімен  жаңа 
бір  нәрсені  анықтауға  ұмтылу  және  ӛз 
тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. 
Ӛз  бетімен  жұмысты  ұйымдастыру  – 
психологиялық  тұрғыдан  жаңа  мате-
риалдық-рухани  құнды  дүние  тудыра-
тын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан 
алсақ,  ӛз  бетімен  жұмысты  ұйымдас-
тыру  дегеніміз  –  адамның  белсенділігі 
мен ӛз бетінше жұмыс істеуінің жоғары 
түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен 
ӛзінің  ерекшелігімен  бағаланады.  Ең 
бастысы,  жеке  тұлғада  ӛз  бетімен 
жұмыс  істеуге  деген  тұрақты  қажет-
тілік, тұрақты сұраныс болып, ӛз ісінен 
қанағат табу сезімі болуы қажет. 
Оқыту  үдерісіндегі  қазіргі  талап 
«Баланы  қалай  оқыту  керек?»,  «Ӛз 
бетінше  оқуға  қалай  үйрету  керек?», 
«Сыни  тұрғыдан  ойлауға  қалай  үйрету 
керек?»  деген  ӛзекті  мәселелерге 
бағытталып  отыр.  Аталған  ауқымды 
міндеттерді  шешу  мен  жүзеге  асыруда 
Қазақстан  Республикасының  жалпы 
білім  беретін  мектептері  педагогтерінің 
біліктілігін 
арттыру 
курстарының 
Бағдарламасы  маңызды  рӛл  атқарады. 
Бағдарлама  оқушылардың  қалай  оқу 
керектігін  үйретіп,  соның  нәтижесінде 
еркін,  ӛзіндік  ой-пікірлерін  нанымды 
жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни 
пікір  кӛзқарастары  жүйелі  дамыған 
оқушылардың  қалыптасуына  ықпал 
етеді. 
Бағдарламаның 
басым 
бӛлігі 
сындарлы  оқыту  теориясы  негіздерін 
қамтиды.  Сындарлы  оқыту  теориясы 
оқушылардың  ойлауын  дамыту,  олар-
дың  бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа 
немесе  сыныптағы  түрлі  дереккӛзде-
рінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  және 
достарынан  алған  білімдерімен  ӛзара 
әрекеттесуі  жағдайында  жүзеге  асады 
деген тұжырымға негізделеді. 
Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарлама-
ның  ӛн  бойында  екі  мағынада  қарас-
тырылады:  оқушылардың  сыни  тұрғы-
дан  ойлауын  дамыту  және  мұғалім-
дердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. 
Бағдарлама  ӛзара  байланысты  бұл 
үдерістердің екеуін де дамытуды қарас-
тырады.  Оқушыларға  қатысты  сыни 
тұрғыдан  ойлау  ақпарат  пен  идеяларды 
синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның 
шынайылығы  мен  салыстырмалы  түрде 
маңыздылығы  туралы  ойлана  білу 
қабілеті,  ӛзінің  оқуына  қатысты  таңдау 
жасау  және  басқалардың  идеяларына 
күмәнмен 
қарау 
қабілеті 
ретінде 
түсіндіріледі. 
Мұғалімдердің 
сыни 
тұрғыдан 
ойлауы 
ӛзінің 
жұмыс 
тәжірибесін,  жаңа  тәсілдерді  қолдану 
және  бағалау  әрекеттерін  сыни  тұрғы-
дан  бағалауды  қамтиды.  Сондықтан 
құзырлы 
мұғалімде 
Бағдарламада 
берілген  Шульманның  «Үш  кӛмекші» 
деп  аталатын  қасиеттер  болған  жағдай-
да  ғана  оқыту  жақсы  болып  саналады. 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
39 


         
38           
Оқытудың сапалы және табысты болуы 
белгілі  бір  деңгейде  мұғалімнің  қалып-
тасып  отырған  жағдайларға  бейімделе 
алуына тығыз байланысты болады. 
Сындарлы  оқытудың  мақсаты 
оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін 
дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс 
жерлерге,  кез  келген  жағдайда  тиімді 
пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету.  Оқы-
ту  туралы  сындарлы  түсінік  оқушыға 
нақты  білім  берудегі  мақсат  тұтқан 
мұғалімнің  ӛз  сабақтарын  оқушының 
идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға 
ықпал  ететін  міндеттерге  сай  ұйымдас-
тыруын  талап  етеді.  Мұндай  міндеттер 
оқушылардың  оқыған  тақырып  бойын-
ша  білімдерін  ӛз  деңгейінде  кӛрсетіп, 
кейбір  болжамдар  бойынша  күмәнді 
ойларын  білдіре  алатындай,  пікір-
кӛзқарастарын  нақтылап,  жаңа  ұғым-
түсініктерін  ӛрістете  алатындай  етіп 
орайластырып 
құрылады. 
Мұғалім 
қызметіндегі  маңызды  дүние  жекелеген 
оқушылардың  тақырыпты  қабылдау 
ерекшеліктерін,  оқушылардың  түсінігін 
жетілдіру  немесе  жақсарту  мақсатында 
олармен  жұмыс  жүргізу  қажеттігін 
ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың 
тақырыпты  ӛзіне  оңтайлы  бірегей 
оқушының ӛз болжамдарына күмәнмен, 
сын  тұрғысынан  қарай  отырып,  сол 
арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс тура-
лы  ӛзінің  түсінігін  тереңдетіп,  кеңейту-
ге  ұмтылу  мүмкіндігін  ұлғайтады.  Егер 
де  дайын  білімді  беретін  «Дәстүрлі» 
стильмен  оқытатын  мұғалімдер  сын 
тұрғысынан  ойлау  қабілеттері  дамыған 
оқушыларды қалыптастырғылары келсе, 
ӛздерінің  де  сын  тұрғысынан  ойлау 
қабілеттерін  дамыта  отырып,  жаңашыл 
идеяларға  кӛңіл  кӛкжиегін  ашулары 
керек. 
Сындарлы  оқытуға  негізделген 
сабақтар  оқушыларға  ӛз  білімдері  мен 
ұстанымдары  жайында  ойланып,  сұрақ-
тар  қойып,  білімін толықтырып,  белгілі 
бір  тақырыпты  оқып  білу  кезеңінде  ӛз 
түсінігін  ӛзгертуге  мүмкіндік  береді. 
Бұл үдеріс оқушының ӛз болжамдарына 
күмәнмен,  сын  тұрғысынан  қарай  оты-
рып,  сол  арқылы  әлем,  тіршілік,  жара-
тылыс  туралы  ӛзінің  түсінігін  тереңде-
тіп,  кеңейтуге  ұмтылу  мүмкіндігін 
ұлғайтады. 
Осы Бағдарлама құзырлы мұғалім-
нің  алдына  оқушының  жан  дүниесін 
жақсы  түсіне  білу  жӛнінде  нақты 
міндеттеме  қойып  отыр.  Құзырлы 
оқытудың маңызды факторы мұғалімнің 
оқушының  тақырыптың  мәнін  ӛз 
бетімен  меңгеруін  түсінуі  мен  бағалай 
алуы  болып  табылады.  Мұндай  тәсіл 
бұл  үдеріске  оқушының  ӛзінің  де 
қатысуын  талап  етеді.  Осылайша, 
оқушы  да  ӛзінің  оқуы  үшін  жауапты 
болады.  Оқушы  мұндай  жауапкерші-
лікті кӛбіне сабақ беру барысында мұға-
лім  қалыптастыратын  ортада  сезініп, 
қабылдайды. Сондықтан, мұғалім сабақ-
та  оқушылардың  ӛз  беттерінше  оқуға 
білім  алатындай  тиімді  орта  қалыптас-
тыруы қажет. 
Құзырлы оқытуды ұйымдастыруда 
Бағдарламада  қарастырылатын  оқушы-
ның ӛзін-ӛзі реттеу, ӛздігінен реттелетін 
оқуды  ұйымдастыру  тәсілдері,  Перри 
ұсынған  «Ӛздігінен  реттелетін  оқудың 
үш  элементі»  аса  маңызды  болып 
табылады: 
-  тапсырмамен  жұмыс  барысын-
да ӛздігінен бағытталушылығы; 
-  оқушының  проблемалар  мен 
мақсаттарды ӛздігінен айқындауы; 
-  проблеманы  шешу  мен  мақсат-
қа  жету  үшін  әдіс-тәсілдерді  ӛздігінен 
таңдауы. 
Таңдалып  алынған  тапсырмалар 
ӛзін-ӛзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыру-
ға  ықпал  етуі  қажет.  Ӛздігінен  реттелу 
тапсырмаға  қызығушылықтың  неғұр-
лым  жоғары  деңгейіне  ӛтуге  ықпал 
етеді».  Осы  орайда,  мұғалімнің  негізгі 
қызметі оқушылардың сабақта ӛздігінен 
орындайтын  құзырлылық  тапсырмалар-
ды  саралап,  дайындай  білуі  және  олар-
ды  орындау  бағытында  бағдар,  кеңес 
беріп отыруы болып табылады. 
Бағдарлама 
бір-бірімен 
тығыз 
байланысты  және  бірін-бірі  толықтыра-
тын  жеті  модульді  қамтиды.  «Оқыту 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
40 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау