1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет28/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89

         
30           
ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ 
 
 
Р.Қасымханова 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, «Мұғалімнің кәсіби дамуын  
педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету»кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев 
ӛзінің 
дәстүрлі  Жолдауында  білім  саласына 
айрықша  басымдық  берді.  Дуальдық 
жүйе  –  маман  даярлауда  ӛндіріс,  білім 
алушының  және  мемлекеттің  мүдде-
лерін  біріктіруге  бағытталған  кәсіптік 
білім  берудің  түрі.  Бұл  ӛндіріс  орны 
үшін  экономикалық  жағынан  тиімді. 
Маманды  қайта  даярлауға,  жұмыс 
орнына  бейімдеуге  уақыт  кетпейді. 
Білім  алушы  жастар  үшін  ӛмірдегі  ӛз 
орнын  ерте  табуға  мүмкіндік  туады, 
жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. 
Қазіргі  кезде,  әлемде  оқытудың 
дуальды  жүйесі  кәсіптік-техникалық 
кадрлар 
даярлаудың 
ең 
тиімді 
жолдарының  бірі.  Оның  ерекшелігі  сол 
кәсіптік  оқыту  үдерісінің  басым  бӛлігі 
оқу  орнында  емес,  кәсіпорындарда 
технологиялық, 
диплом 
алдындағы 
тәжірибелерден ӛтеді. 
Шаруашылықтың  қай  саласын  да 
ӛздері  таңдаған  мамандықтарын  кәсіби 
тұрғыдан  жан-жақты  игеріп,  озық 
технология  мен  заманауи  техника  тілін 
меңгергендер  ғана  дамыта  алады. 
Сондықтан, еліміздегі ӛндіріске қажетті 
мамандар  әзірлеу  деңгейін  кӛтеру 
міндетін  әлеуметтік  серіктестік,  теория 
мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. 
Бұл  үйлесімділік  дуальды  білім  беру 
жүйесінде жан-жақты ӛрістей алады. 
Дуальды 
жүйемен 
оқытудың 
жетістігі кӛп. 
Біріншіден,  бітіруші  түлектердің 
жұмысқа  орналасу  кӛрсеткіші  жоғары 
болады,  себебі  оқу  барысында  ӛндіріс-
пен  тығыз  байланыста  болған  оқушы 
жұмыс  берушінің  барлық  талаптарын 
игеріп,  меңгерген  жұмысшы  маман 
болады. 
Екіншіден,  жақсы  білімді,  бола-
шақ  жұмысшы  маман  психологиялық 
жағынан  жаңа  ортаға  бейімделген 
дайын маман болып шығады. Ӛндірісте 
ӛздігінен  шешім  қабылдай  алады. 
Теория  мен  тәжірибені  меңгеріп,  бекі-
тілген  жұмысқа  деген  жауапкершілік 
сезімі  жоғарылайды.  Ӛндірісте  болған-
дықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және 
ӛндірістегі жұмыстарға бейімделеді. 
Үшіншіден,  «Тәжірибеден  теория-
ға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы 
теориялық,  яғни  текстпен  айтудан  гӛрі, 
ӛндірістегі  жағдаяттарға  сәйкес  жұмыс 
жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін 
терминдер  мен  есептерді  тәжірибе 
жүзінде шешеді. 
Тӛртіншіден,  жұмыс  берушінің 
оқушыға  берген  бағасы  дайындалған 
маманның  біліктілігімен  байқалады. 
Алғашқы  күннен  бастап  ұзақ  уақыт 
ӛндірісте  жұмысшы  болған  оқушы, 
ӛзінің білім мен ынтасын кӛрсетеді. 
Бесінші, 
оқытушы 
тек 
қана 
теорияны  ғана  меңгермей,  ӛндірістегі 
соңғы  жаңалықтарды  біліп,  заманауи 
талаптарды меңгереді. 
Алтыншы, 
бюджеттік 
шығын 
азаяды,  себебі  оқуға  кеткен  шығынның 
біраз  бӛлігі  ӛндірісте  болғандықтан 
оқушы оны күнделікті кӛріп, игереді. 
Жоғарыда  аталған  мәселелердің 
барлығы  дуальды  оқыту  технологиясы 
енгізіліп,  жүзеге  асқан  кезде  қол 
жеткізетін нәтижелер. 
Бүгінде  отандық  білім  беру  мен 
бизнес  саласы  арасындағы  әріптестік 
байланыс  күшейіп  келеді.  Оған  ел 
экономикасының 
дамуына 
қажетті 
мамандықтар 
даярлаудың 
себепкер 
екенін  ескерсек,  бұл  арнадағы  жұмыс-
тар  ӛз  ретімен  орындалуда.  Бұл  бағыт-
тағы  жүйелі  жасалған  жұмыстар  екінші 
жағынан  аймақтық  бәсекені  арттырары 
сӛзсіз.  Дей  тұрғанмен,  жасыратыны 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
55 


         
30           
жоқ,  елімізде  кәсіптік  білім  беруді 
кӛздейтін стандарттарға енді  ғана кӛңіл 
бӛлініп 
келеді. 
Осы 
ретте 
ірі 
кәсіпорындар  кәсіптік  білім  беру 
жүйесіне  қыруар  қаржы  салып,  жас 
мамандарды  даярлау  ісіне  белсене 
қатысуда.  
Осылайша  аймақ  экономикасына 
қажетті  техникалық  және  кәсіптік 
білімді  мамандарды  даярлау  мәселесі 
қолға алынды. Нәтижесінде техникалық 
және  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде 
түбегейлі  реформалар  басталды.  Кәсіп-
тік-техникалық  оқу  орындары  индус-
триялық-инновациялық  сала  үшін  кадр-
лар даярлауға баса назар аударуда. 
Білім  беру  жүйесін  дамыту  үшін 
елімізде  аталмыш  сала  құрылымдық, 
мазмұндық  бағытта  жаңаруда.  Озық 
әлемдік 
технологиялар 
енгізіліп, 
ауқымды  жұмыстар  жасалып  жатыр. 
Білімнің  жоғары  деңгейге  кӛтерілген 
заманында  адамның  білімі  мен  кәсіби 
біліктілігі  экономика  дамуының  басты 
тетігіне  айналып,  мұның  ӛзі  заманауи 
техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби 
білікті 
мамандардың 
қажеттілігін 
туғызуда.  Осы  мақсатта  қабылданған 
білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламалары  аталған  мәселелерді 
шешуге  арналған  ұлттық  мамандар 
даярлаудағы  негізгі  қарқынды  жоба 
болып табылады. 
Техникалық  және  кәсіптік  білім 
беруде  оқу  орындары  мен  әлеуметтік 
серіктестіктердің  байланысының  жақ-
сарғандығын  осы  секілді  игі  баста-
малардан  аңғару  қиын  емес.  Техни-
калық және кәсіптік білім беруге қазіргі 
уақытта  ел  кӛлемінде  айрықша  мән 
беріліп 
отыр. 
Кәсіптік-техникалық 
білімнің  бәсекеге  лайық  ілгерілеп 
дамуы  мемлекет,  бизнес  құрылымдары-
ның  және  азаматтардың  әлеуметтік 
жағдайына  орасан  серпін  берері  сӛзсіз. 
Елдің  экономикалық  қуаты  да  осы 
аталып  отырған  сала  мамандарына 
тәуелді  екені  ақиқат.  Жалпы  бұл  сала 
мамандарына  біздің  ӛңірімізде  де 
сұраныс  жоғары.  Үкіметтің  арнайы 
қаулысымен  бекітілген  тұжырымдама-
сында  жастардың  халықаралық  стан-
дарттарға  сәйкес  келетін  отандық 
кәсіптік  білім  алуына  жағдай  жасау, 
жастарды 
жұмыспен 
қамту 
және 
жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру 
мәселелері жіті қарастырылған. Ал, оны 
іске  асыру  ортақ  мүдде  болғандықтан 
сала  мамандарының  әріптестік  жұмысы 
игі  нәтижелерге  бастайтыны  хақ. 
Кәсіптік  білім  жастарымыздың  маман-
дық  таңдауы  үшін  қажетті  ӛрісті  қам-
тамасыз  етуге,  ал  ересек  тұрғындар 
үшін  олардың  жаңа  жоспарлы  іспен 
айналысуына, 
кәсіби 
шеберлігін 
жетілдіруіне 
бейімделген. 
Қазіргі 
жастардың  кәсіптік  білімге  деген 
қызығушылықтарының арта бастағанын 
байқаймыз. 
Теориялық  білім  тәжірибемен 
ұштасқанда ғана маман кәсібіне тӛселіп, 
кӛш  ілгері  жұмыс  атқаруға  қабілеті 
артады.  Осыған  байланысты,  ӛндірістік 
тәжірибеге  тарту  жұмысына  да  елеулі 
кӛңіл  бӛлініп  отырғаны  айтылды. 
Қазіргі 
таңда 
жұмыс 
берушілер 
кадрларды мақсатты даярлауға кӛптеген 
қаражат бӛліп отыр. 
Білім  жүйесін  жаңғырту  аясында 
дуальды  кәсіби  білім  беруді  дамыту, 
жұмысшы  кадрларының  зәрулігін  еңсе-
ру  үшін  қолданбалы  мамандықтардың 
заманауи орталықтарын құру міндеттері 
қойылды.  Дуальды  жүйенің  негізі  оқу 
орны  мен  ӛндірісте  қатар  оқыту  болып 
табылады.  Бұл  кәсіптік-техникалық 
білім  берудегі  басты  проблема  –  оқу 
орнындағы теория мен заманауи ӛндіріс 
практикасы  арасындағы  алшақтықты 
жоюға  мүмкіндік  береді.  Дуальды 
оқытуда  теория  мен  практиканың  ӛзара 
байланысы  принципі  жүзеге  асырыла-
ды,  мұның  ӛзі  болашақ  маманға 
кәсіпорында  жұмыс  істеу  кезінде 
қажетті  біліктілікке  ие  болуға  кӛмекте-
седі.  Мұндай  оқыту  ӛндірістің  нақты 
сұраныстарына  барынша  жақындатады 
да жұмыс берушілер дайын мамандарға 
ие  болады.  Бүгінгі  таңда  еңбек 
нарығында  жоғары  білікті  мамандар 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
56 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау