1. Іскерлік ойын 7


Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру



жүктеу 0,64 Mb.
бет3/5
Дата17.11.2017
өлшемі0,64 Mb.
#872
1   2   3   4   5

1.2 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру



Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқущылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен бері кұштастыруға қолайлы.

Мысалы: математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі — баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.

Бір дегенім - білім,

Екі дегенім - егеу т.б.

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру - мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Сөз ойла,тез ойла», «Балықшы», «Сәйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?» т.б.



Бірнеше ойындар ойнатуға болады. «Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумнен балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап (қармақ басында,балықтың астыңғы жағында магнит болады), сонымен балықты алып, ондағы сұраққа жауап беруге болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда мынандай ұлттық ойын түрлерін ойнатамын. «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т.б. ойындар.

Бәйге ойынында екі топтан екі оқушымен ойналады. Екеуі келіп сұрақтар алады, Кім тез жауап берсе, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.

Хан талапай, Балаларды үш топқа бөліп, алдыларына асық шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.

Орамал тастамақ ойынында ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кез келген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын. Сол окушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек. Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. Міне, осындай ойындарды өз сабағымда пайдалана отырып, балаларға дәріс беремін.

Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Ойын - тиімді тәсіл.



Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі ісі ойын болғандықтан оқып үйрету барысында олар біртіндеп ойын әркетінен таным әрекетіне турлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс.

Я.А.Каменский: «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.



Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады.

1.3 Ойын арқылы баланың

психикалық ерекшеліктерін қалыптастыру

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бірі - ойын. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің танымдык және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім - тәрбиелік мыңызы осы заманғы тәлім -тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл - ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.

Ойын - әрекеті тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық сипатқа ие болады. Ал жоғарғы сатыда дамып жетілген сана - сезім мен ақыл - ой иесі - адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кезінен дамып, баланың өсіп - жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Білім - тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік кажеттілігі ретінде қарастырады

Осы бағытта негізгі бір құрамды білігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеу, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.

Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады.

Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл - қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.

Осы заманғы педагогикалық психология ғылымының даму барысында мектепке дейінгі баланың ойыны, ең алдымен, өзінің қатар құрбыларымен, ата - аналары және өзге адамдармен қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден балалар ересек адамдармен қарым - қатнас жасап, әр түрлі пайдасы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым - қатнасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды.

Елімізге әйгілі психолог ғалым Т. Тәжібаевтің педагоикалық психология саласындағы ой - пікірлері қазіргі күннің талабына сай жалғасып табуы міндетті нәрсе. Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Балалардың танымдық әрекеті - олардың өткен ұрпакқтың өмір тәжірбиесін, белгілі білім жүйесін меңгереді. Осыған байланысты баланың танымдық белсенділігін арттыруда ойындардың алатын орны ерекше.

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қатынастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар - құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара карым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да кандай үлкен маңызды. Ойында бала кандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады."



«Оқу құралдарының мінезі -мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек.Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлык, іскерлігін дамытатындай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен кызығуы.




жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау