18. Информатиканың негізгі ұғымдары және оны оқыту әдістері.
Информатика – ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар, ол – ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттық құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкелді. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп атба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі «Informatigue» деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі «Computer science» деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады.
Сонымен, ақпараттың түрлену жолдарын зерттейтін ғылымды информатика дейміз. Оның негізгі аппараты электрондық есептеуіш машинасы болып саналады. Сол себепті ЭЕМ-ді зерттеу ілімдерін де информатика деп түсінген жөн. Информатикада 1.1-суретте көрсетілген үш бөліктен тұрады.
ИНФОРМАТИКА
Алгоримдік Программалық Техникалық
бөлік бөлік бөлік
1.1-сурет. Информатиканың құрамы
Техникалық жабдықтар (ағылшынша hardware) мен программалық жасақтар (ағылшынша software) осы екеуінің негізі болып болып есептелетін алгоитмдік бөлік соңғы кезде ғана толық түрде бір жүйеге келтіріліп, информатиканы оқытудың өзекті мәселесі ретінде кеңінен қарастырыла бастады.
Егер информатиканың мағынасын толық ашатын болсақ, онда оны
ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау, іздеу және тасымалдау;
ақпаратты өңдеу және түрлендіру тәселдерін жасау (ойлап табу);
ақпаратты өңдейтін электрондық есептеуіш техникасын дамыту жолдары деп түсіну керек.
Оқытудың әдістері- білім алушының танымдық қызметін басқаруға арналған әдіс. Оқыту әдістерінің жіктелуі: - оқытудың мазмұны бойынша; - ақпаратты қабылдау тәсілі бойынша; - білімді қабылдау тәсілі бойынша; -Кері байланысты жүзеге асыру тәсілі бойынша(өзіндік бақылау, компьютер көмегімен бақылау).
3. Білімді алу көзі бойынша: • ауызша(дәріс, әңгімелесу, инструкция, кітаппен жұмыс, саяхат, түсіндіру, әңгімелесу, өзіндік жұмыс); • практикалық(лабораториялық және практикалық жұмыстар, жаттығулар, шығармашылық жұмыстар); • көрнекілік(көрнекі құралдар, иллюстрация).
4. Білім алушының танымдық сипатына байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі Түсіндірмелі- иллюстративті (диафильм, әңгіме) Репродуктивті (дағды қалыптастыру (бағдарламалау)) Эвристикалық Проблемалы Зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |