1. Информатика білім беру саласы ретінде


Информатиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері



жүктеу 152,18 Kb.
бет13/44
Дата07.01.2022
өлшемі152,18 Kb.
#36998
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Информатика сессия

9. Информатиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері.

Педагогикалық әрекеттерге қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне (ғылыми принцип, мұғалімнің материалды жүйелі түрде бере алу принципі, оқытудағы көрнекілік принципі, информатика сабағындағы тәрбиелеу принципі) сәйкестігін талдамас бұрын мыналарға ерекше көңіл бөлу керек: информатика қарастыратын проблемалардың көптігі сонша ма, тіпті компьютерлік техниканы қарастырумен қатар, білімнің физика, химия, биология, әдебиет сияқты бөлімдерінің проблемаларын да қарастыруға тура келеді. Себебі, информатика - басқа білім салаларын интегралдайтын білімнің мүлдем жаңа саласы болып табылады.

Информатика - басқа пәндердің де дамытылуын қамтамасыз ете алатын іргелі, әрі маңызды пән. Ол басқа пәндерде берілетін білімді бір ортаға жинақтап. сұрыптап, оларға жаңа мән беріп, әлемдегі болып жатқан үрдістер мен құбылыстарды жаңаша жүйелі түрде оқып білуіне, терең түсінуіне мүмкіндік береді. Информатика пәні - жаңа деңгейдегі және сапасы жағынан өзгеше пән болуы тиіс. Басқаша айтсақ "информатика - компьютердің көмегімен ақпаратты өзгерту және қолдана алу үрдістерімен байланысты адамзат әрекеттерінің бір бөлігі" (профессор Н. М. Макарова).

Информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық әрекеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сәйкестілігі мыналардан түрады:



мұғалімнің материалды берудегі ғылыми және жүйелілік принциптері;

- оқытудағы көрнекілік принциптері;

- информатика сабағындагы тәрбиелей оқытудың принциптері.

Дидактика принциптері - сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің және оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары. Кейбір принциптерді білу кейбір білмейтін принциптердің орнын оңай толтырады. (Гельвеций К.). Бұл принциптердің нақтылы ұғымының өрнектелуін информатиканы оқыту контексінде қарастырайық.

1) Ғылыми принцип бойынша(С. И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): "Барлық хабарланатын оқу мәліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сәйкес келуі керек", яғни, мұғалім берілетін (оқытылатын) материалдың дәлдігіне, шындылығына және нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұнын, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет. Ғылыми принципін сақтау, білім беру мазмұнында осы облыстағы жаңа жетістіктерінің қамтылуын қажет етеді. Мысалы, «Электрондық кестелердің мүмкіндіктері» тақырыбын қарастырған кезде ғылыми принципін сақтау есебінде оқушыларды "Microsoft Exсel" бағдарламасымен іс жүзінде таныстыруға болады, себебі бұл бағдарлама қазіргі уақытта электрондық кестелер тобының ең кең қолданылатын әрі ең жетілдірілген түрі. Оқытудың ғылыми негізі сол сияқты оқыту әдістемесінің дәл бүгінгі таңда сәйкестігін де білдіреді. Бұл информатикаға қолданғанда ең алдымен модельдеу, оқушылардың зерттеу қызметін білдіреді. Оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми негізінің тағы бір мысалы ретінде компьютерлік тестілеуді айтуға болады.

2) 0қудың жүйелілік принципі(М. И. Скаткиннің сөздері бойынша) "ұғымдар мен пән бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын және өзара алмаса алуын құрастыра алуында", яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен.

3) Басқа пәндерден информатиканың өзгешілігі-ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғынылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде әрбір оқушының және тұтас сыныптың білімді белсенді және саналы түрде ұғыну принципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру - оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын әдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде әрбір оқушының жеке өзі бір компыотерде жұмыс істеген кездерін келтіруге болады.

4) Оқытудың көрнекілік принципінің қағидасыбойынша білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының және көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тәжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау - мектеп қабырғасындағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатикадан жаңадан беріп жүрген жас мамандарда сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар аз, сол себептен көбірек қолдануға тырысу керек.

5) Тізбектілік және циклділік принциптері.Тізбектілік оқу материалының ұғымдардың логикалық тізбегі немесе қайталау материалдың бекітілу ретінде жүрілетін және ешқандай шеңберлері болмайтын ағаш ретінде берілуін білдіреді. Информатикада тек қана тізбектілік принципін қолдану жеткіліксіз, тізбектілік циклділік формасында жүзеге асырылуға тиісті. Бұл ұғымдардың барлық жаңа контекстерімен байытылып қайталанатындығын білдіреді. Егер өзге пәндер үшін бұл қалаулы жол болса, информатика үшін бірден-бір мүмкін жол болып табылады. Ол бәрінен бұрын информатика мазмұнын сипаттайтын күшті ішкі пәнаралық байланыстан туындайды. Циклді формада материалды тізбектей беру мысалы ретінде информатиканың календарлық (күнтізбектік) жоспарының үзіндісін келтіруге болады:


жүктеу 152,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау