2.3 Ересек топтағы балаларға дербестігін,тапқырлығын қалыптастыру
Педагог мектепке дейінгі ересек жаста адамгершілік әрекеті тәжірибесінің қалыптасуына жағдай жасайды және қойылған міндеттерді шешуді арнайы ұйымдастырылған оқу қызметі: экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, өзін-өзі тану арқылы, сондай-ақ күнделікті өмірде жүзеге асырады.
Ойын әрекетін ұйымдастыру
6 жастағы балаларға өзінің рөлін ерекше ойлаумен, тапқырлықпен, бөлшектерге қызығушылықпен орындау ниеті тән. Оларды көркем материал, әсем құрастырылым, құрылыстарды безендірудің ерекше элементтері қызықтырады. Ойынның мазмұнын дамыту үшін балалар өздерінің техникалық біліктерін ойдағыдай қолданады, мысалы конструктордан қажетті ойыншықты құрастыру. Олар ойындардың тақырыбы туралы келіседі, кім рөлді жақсы ойнайтынын ескеріп, даусыз өздері рөлдерді бөліседі.
Cюжетті-рөлдік ойындар
Аталған жас кезеңінде ұйымдастырылуы, шынайы өмірді бейнелеу құралдарының қолданылуы, мазмұны бойынша неғұрлым күрделі ойындар пайда болады. Бұл апта, ай бойы жалғасатын және біртіндеп мазмұны дамытылып, күрделенетін сюжетті-рөлдік ойындар; балалардың қызығушылықтары мен сезімдеріне барынша әсер ететін ойындар.
Ұзақ мерзімді сюжетті-рөлдік шығармашылық ойындар ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттерін кешенді шешуде ерекше маңызға ие.
Ұзақ мерзімді шығармашылық сюжетті-рөлдік ойындар баланың ойлауын дамытуда зор мүмкіндіктерді қамтиды.Ұзақ мерзімді сюжетті-рөлдік шығармашылық ойындардың міндетті шарты - балалардың топ болып ойнай білуі, бір- бірімен кеңесуі және бір-біріне көмектесуі, алға қойылған мақсатқа бірлесіп жетуі болып табылады.
Қимылды ойындарТәрбиеші осы жас кезеңінде балалардың кіші топтарда қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіруі, қимылдарды орындаудың неғұрлым тиімді тәсілдерін жылдам таңдауға үйретуі; жиі өзгермелі ойын жағдайларында қимыл үйлесімділігін дамытуы қажет
11
Тәрбиеші негізгі қимылдарды жетілдіруге, дене сапаларын қалыптастыруға ықпал ететін қимылды ойындарды балалардың дербес ойнауын қолдап отыруы тиіс. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар қимылды ойындар кезінде достық сезімге, шыдамдылыққа және ұйымдастырушылық дағдыларға, ойын ережесін орындай білуге, әділ болуға тәрбиеленеді.
Тәрбиеші қимылды ойындарға мақсатты түрде балаларды әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерімен таныстыруға мүмкіндік беретін ойындарды енгізуі тиіс.
Дидактикалық ойындар
Ересек топта дидактикалық ойындарға басшылық ету тәрбиешіден оларды дайындау және өткізу барысында ауқымды, ойластырылған жұмысты талап етеді.
Бұл балаларды қажетті білімдермен байыту, дидактикалық материалды таңдап алу, кейде балалармен бірге материалдарды дайындау, ойынға арналған жағдайды ұйымдастыру. Ойындағы өзінің рөлін басынан соңына дейін нақты анықтап алу қажет.
Дидактикалық ойынға материалды таңдап алуда оның келесі шығармашылық ойынға қолданылуын қарастыру маңызды. Мысалы, «Дүкен» ойынында тек ойыншықтар ғана сатылмайды, сондай-ақ спорт жабдығы: доптар, ракеткалар, воландар, төрешінің ысқырығы,секіртпелер және т.б. сатылады. Балалар осы заттарды сатып алады да, серуенге алып шығып, спорттық ойындарды ұйымдастырады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеу, ойынға арналған материалды дайындауда өздерінен кіші достарына көмек көрсетуге, қызықты ойындарды өткізуге үйрету қажет.
Еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру
Ересек жастағы балаларды шамасы жететін еңбек міндеттерін жүйелі орындауға қажеттілікті және бірлесіп еңбек ету біліктерін тәрбиелеу.Ересек топта өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуіне басшылық етудегі басты тәсілдің бірі-бақылау болып болып табылады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетудің еңбек әрекеттері ұқыпты орындалмаса, жағымсыз нәтиже беруі мүмкіндігін (пальтоның түймесін салмасаң- тоңасың, аяқ киімді тазаламаса-лас болып көрінеді, қолыңды тазалап жумаса- орамал ластанады) түсіну үшін, дағдыларды саналы түрде қолдануына ерекше көңіл бөлу керек.
12
Өзіне-өзі қызмет көрсету барысында балаларда адамгершілік сезімдерді және оңтайлы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, мейірімділікті, елгезектілікті, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу жалғастырылады. Тәрбиеші үнемі балалардың алдында бір-біріне қамқорлық көрсеткен, мейірімділік танытқан балаларды басқаларға үлгі ретінде айтып отырады.
Ересек топта тұрмыстық-шаруашылық еңбектің мазмұны кеңейтіледі. Ұжымдық еңбек әрекетін ұйымдастыру дағдыларын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Балаларды тапсырманы тыңдауға, жұмыс жоспарын ойластыруға, оның орындалуына барлық қажетті құралдарды дайындауға, алаңдамауға, басқалардың еңбек етуіне кедергі келтірмеуге, құрдастарына көмектесуге, жұмысты соңына дейін жеткізуге, көмек сұраудан қысылмауға баулиды.Осы топта балалар тапсырманы орындағанда, барлық қатысушылардың нәтижелерін жалпылауды талап ететін бірлескен еңбек ұйымдастырылуы тиісЕресек топта балалар мен ересектердің бірлескен еңбек әрекеті жиі ұйымдастырылады. Тәрбиешімен бірге балалар ойындарға атрибуттар дайындайды, бөлмені безендіруге, мерекелерге костюмдерді әшекейлеуге қатысады.
6 жастағы балалардың жұмысты орындау сапасына, дербестігіне жоғары талаптар қойылады. Тәрбиеші көбінесе олардың тәжірибесіне, білімдері мен біліктеріне сүйену керек, балаларға шығармашылығын, тапқырлығын, ерік-жігерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Табиғат бұрышындағы еңбек
Оқу жылының басында балалар табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауда күнделікті тапсырмаларды орындайды. Табиғат бұрышындағы кезекшілік қыркүйектің соңында – қазанның басында енгізіледі. Алдын-ала бөлме өсімдіктері, жануарлар, оларға күтім жасау тәсілдері, олардың өсіп-өнуіне қажетті жағдайлар туралы әңгімелесу жүргізіледі. Тәрбиеші жануарларды қалай қоректендіруді, азықты қанша мөлшерде беру керектігін көрсетеді. Күн сайын кезекшілер тағайындалады. Тәрбиеші кезекшілерге жұмысты бөлісуге көмектеседі. Балаларды жағымсыз жұмысты да орындауға, мысалы теңіз шошқасының торын тазалауға үйрету керек. Тәрбиеші жұмыстың қиын бөлігін өзі орындайды. Ол балаларға табиғат бұрышын мекендеушілер тазалықта тіршілік етуі және оларға күтім керектігін түсіндіреді. Тәрбиеші үнемі кезекшілердің жұмысына назар аударып, әсіресе алғашқы апталарда қажет кезінде көмектесіп және қолдап отыруы қажет.Табиғаттағы еңбекОсы топта тәрбиеші балаларды табиғатты қорғаудағы ересектердің еңбегімен, мәдени дақылдары өсірумен және жануарларға күтім жасаумен таныстыру жұмысын жалғастырады.
13
Достарыңызбен бөлісу: |