1 II. Негізгі бөлім



жүктеу 68,23 Kb.
бет8/11
Дата12.05.2022
өлшемі68,23 Kb.
#38482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Назлы курсавои

«Денсаулық» білім беру саласы

«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны белсенді қимыл әрекетінің дағдыларын, дене сапаларын өздігінен жетілдіру қажеттіліктерін, балаларды салауатты өмір салтының негіздеріне баулуды қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Қимыл белсенділігін арттыру денсаулықты нығайтудың пәрменді құралының бірі ретінде қарастырылып, дене дайындығын жақсартады, қимыл тәжірибесін байытады, шығармашылық және танымдық әлеуетін арттырады.

Педагог басшылық етудің мынадай тәсілдерін қолдануды жалғастырады: көрсету, түсіндіру, көтермелеу, жетекші сұрақтар, балалардың өздерін де жаттығуларды көрсетуге баулиды. Дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда балаларды еріктік сапаларын танытуға ынталандырады.

16

Балалармен бірге жаттығуларды және ойындарды орындауда педагогтың жеке үлгісі маңызды болып табылады. Педагогтың өзі түрлі қимылдарды білуі және орындауы, шаңғымен жүре білуі, конькимен сырғанай білуі, жүзе алуы, түрлі спорттық жаттығулардың түрлерін үйретудің қажетті тәсілдерін жақсы білуі тиіс.



Бұл кезде сыныптың жалпы жағдайы, әр баланың жеке ерекшелігі ескерілуі тиіс.

Балалардың қимыл белсенділігінің алуан түрлерін жүргізу үшін, тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлардың болуы, қыста – жақсы желдетілген бөлмеде, жазда-терезелері ашық бөлмеде немесе далада өткізілгені дұрыс.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» бойынша апталық жүктеме – 2,5 сағатты құрайды, ұзақтығы - 25-30 минут.

Балалар ұйымдастырылған оқу қызметі барысында дене шынықтыруға арналған киімде болулары тиіс. Педагог ұйымдастырылған оқу қызметінің алдында ірі және ұсақ дене шынықтыру жабдықтарын дайындайды және оны белгіленген жерге орналастырады. Педагогтың нұсқауымен балалар өздері заттарды алады, жаттығуларды орындап болғаннан кейін оларды орнына қояды.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды. Бірінші бөлімнің мақсаты- ағзаны негізгі бөлімдегі тапсырмаларды орындауға дайындау. Балаларға жүрудің және жүгірудің, сапқа тұру мен қайта сапқа тұрудың түрлері, күрделі емес ойын жаттығулары ұсынылады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің екінші бөлімі (негізгі) жалпы дамытушы жаттығуларды, негізгі қимыл түрлерін және қимылды ойындарды қамтиды. Жалпы дамытушы жаттығулардың түрлі бастапқы қалыптары: тұрып, отырып, тізерлеп тұрып, шалқасынан және етбетінен жату қолданылады, жаттығулар реттілікпен орындаладыАлдымен қолға және иық белдеуіне арналған, содан соң денеге және аяқтарға арналған жаттығулар, бірқалыпты жүруге ауысатын секірумен немесе жүгірумен аяқталады.

Баланың бұлшық етіне салмақ түсіретін, нақты орындалатын жаттығуларды заттармен (гимнастикалық таяқшалармен, құрсаулармен және т.б.) орындау. Қайталануы - 8-10 рет. Балаларды негізгі қимылдармен таныстырғанда олардың меңгеруі тиіс 1 жаңа және бекітуге 3-4 элемент таңдап алынуы тиіс. Балалар тұрақты қимыл дағдыларын меңгергеннен кейін жаттығулардың жарыстық түрі қолданылады. Балаларды командада жұмыс істеуге, команда бойынша достарға көмектесу мен қолдау көрсетуге үйрету керек.

17

Келесі ұйымдастыру түрлерін қолдану ұсынылады: әңгімелесулер, дидактикалық және мазмұнды-рөлдік ойындар, ойын Ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытынды бөлімі көлемі бойынша шағын; онда қимыл белсенділігін біртіндеп төмендетуге ықпал ететін аз қарқынды ойындар мен ойын жаттығулары өткізіледі, тыныс алуды қалпына келтіретін жаттығулар, күрделі емес ойын тапсырмалары қолданылады.



Балаларды өз әрекеттерін дербес талдауға, оларды сипаттауға, сұрақтарға жауап беруге, жіберген қателіктерін байқап, түзетуге үйрету керек.

«Денсаулық» білім беру саласы «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметін қамтиды. Апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды.

Алға қойылған міндеттерді іске асырудың тиімділігі көбінесе заттық-дамытушы ортаның мазмұнына байланысты болады, ол: «Қиылыстар» макетін, «Жол жүру ережелері» тақырыбы бойынша картиналар сериясын, белгілер- апат кезіндегі қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету түріндегі бағдарларды (сурет, сызба, түс, графика), апаттық қызмет телефондарының нөмірін және т.б. қамтиды.

тренингтері, экскурсиялар және т.б.

Алынған әлеуметтік қауіпсіздік дағдылары, экологиялық сана-сезімі, өз денсаулығының маңыздылығын түсінуі балалардың өмірге бейімделуіне көмектеседі.Бағдарлама балалардың жеке, жас ерекшеліктерін және өңірлік айырмашылықты ескере отырып, оқытудың әдістері мен алуан түрлерін қолдану құқығын береді.Қимыл белсенділігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады: Денсаулық және спорт күні, дене тәрбиесі мерекелері мен сауық-кештері, жаяу серуен,қимылды және спорттық ойындар, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу және т.б. Педагог осы шараларды дайындап, өткізуде балалардың белсенділік танытуына жағдай жасайды. Мектепалды даярлық сыныптарында айына 1 рет, ұзақтығы 40 минутты құрайтын дене шынықтыру сауық-кештерін өткізу ұсынылады. Мазмұнына балаларға таныс жаттығулар, эстафета ойындары, ермек ойындары, аттракциондар енгізіледі. Дене шынықтыру мерекелері жылына 2 рет қыста және жазда өткізіледі, ұзақтығы 1 сағат. Мерекелерде балалар өздерінің дене дамуындағы жетістіктерін көрсетеді.
Педагог ұжымда балалардың бірінің сөзін бірі бөлмеуге, әдепті түрде қарсылық көрсетуге, дауласпауға, құрдастарын тыңдай білу білігін, олардың бір-бірімен сыпайы қарым-қатынас жасау дағдысын тәрбиелей отырып, қарым-қатынас мәдениеті мен өзара қарым-қатынасқа ерекше мән береді.

18

Педагог балаларда үлкендермен қарым-қатынас жасауда әдептілікпен сыйластық көрсету білігін қалыптастырады, оған назар аударады. Педагогқа балалар қылықтарының себептерін түсіну және оларды дұрыс бағалау маңызды. Педагогтың ықпалымен сол немесе басқа жағдаяттарда балалардың өз бетінше шешім қабылдау қабілеті дамиды. Оқу материалының мазмұнын игеру сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға: коммуникативтік міндеттерді шешу мен қажетті ақпараттарды өңдеу, алу, сұрыптау үшін күнделікті өмірде сөйлеу дағдыларын қолдану мақсатында сөйлеу қызметінің түрлері ретінде, тыңдалым және айтылым ықпал етеді.



«Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұны артикуляцияны, коммуникативтік-тілдік дағдыларды игеру мен қозғалыстарды үйлестіруді қамтиды.

Ересек мектепке дейінгі жаста театрландырылған-ойын тәжірибелерін тереңдету драматизация-ойындары мен режиссерлық театрландырылған ойындардың әр түрлерін игеру есебінен жүзеге асады.Драматизация-ойындары тәжірибесін тереңдету, ойын мазмұнын таңдауда балалар өз бетінше белсенділік танытады, таңдауға шығармашылықпен қарайды. Оларды негізгі екі топқа бөледі:драматизация және режиссерлік (олардың әрқайсысы, өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді).

Педагог ұжымда балалардың бірінің сөзін бірі бөлмеуге, әдепті түрде қарсылық көрсетуге, дауласпауға, құрдастарын тыңдай білу білігін, олардың бір-бірімен сыпайы қарым-қатынас жасау дағдысын тәрбиелей отырып, қарым-қатынас мәдениеті мен өзара қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Педагог балаларда үлкендермен қарым-қатынас жасауда әдептілікпен сыйластық көрсету білігін қалыптастырады, оған назар аударады. Педагогқа балалар қылықтарының себептерін түсіну және оларды дұрыс бағалау маңызды. Педагогтың ықпалымен сол немесе басқа жағдаяттарда балалардың өз бетінше шешім қабылдау қабілеті дамиды. Оқу материалының мазмұнын игеру сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға: коммуникативтік міндеттерді шешу мен қажетті ақпараттарды өңдеу, алу, сұрыптау үшін күнделікті өмірде сөйлеу дағдыларын қолдану мақсатында сөйлеу қызметінің түрлері ретінде, тыңдалым және айтылым ықпал етеді.

«Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұны артикуляцияны, коммуникативтік-тілдік дағдыларды игеру мен қозғалыстарды үйлестіруді қамтиды.

Ересек мектепке дейінгі жаста театрландырылған-ойын тәжірибелерін тереңдету драматизация-ойындары мен режиссерлық театрландырылған ойындардың әр түрлерін игеру есебінен жүзеге асады.

19

Драматизация-ойындары тәжірибесін тереңдету, ойын мазмұнын таңдауда балалар өз бетінше белсенділік танытады, таңдауға шығармашылықпен қарайды. Оларды негізгі екі топқа бөледі:драматизация және режиссерлік (олардың әрқайсысы, өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді).



Драматизация ойындарында бала, «әртіс» ретінде рөлді орындай отырып, өздігінен вербалды және вербалды емес мәнерлілік құралдары кешені көмегімен өздігінен бейне жасайды. Драматизация түрлері адамдар, әдеби кейіпкерлер, жануарлар бейнесіне еліктеу ойындары- болып табылады; мәтін негізінде рөлдік сұхбат; шығармалар қойылымдары; бір немесе бірнеше шығармалар бойынша спектакль қойылымдары; алдын-ала дайындықсыз (немесе бірнеше мәтіндегі) мәтінді ойнау ойын-импровизациялары.

Режиссерлік ойындарда «әртіс ойыншықтар немесе оларды алмастырушылар болып табылады, ал бала іс-әрекетті «сценарий жазушы және режиссер» ретінде ұйымдастырады, «әртістерді» басқарады.

Кейіпкерлерді «дыбыстай» және мәтінге түсініктеме бере отырып, ол әр түрлі вербалды мәнерлілік құралдарын қолданады. Режиссерлік ойындардың түрлері балабақшада қолданылатын түрлі театрларға сәйкес анықталады: үстел үсті, жазықтық және көлемді, қуыршақ (бибао, саусақ, марионеткалар) және т.б.

Ересек мектеп жасына дейінгілердің бірқатары бейнелік-ойын этюдтарымен, ойын-импровизацияларымен, ертегі қойылымдарымен соның ішінде әдеби шығармалардың бірнеше түрінен «коллаж» негізінде өздігінен спектакль көрсетуге қол жеткізе алады.Режиссерлік ойындардың тәжірибесі марионеткалар, «тірі қолмен» қуыршақтар, таяқ қуыршақтар есебінен байытылады.

Қойылымдар үшін мәтіндер күрделенеді. Оларды терең рухани адамгершілік мазмұнмен және жабық сөз астарымен, соның ішінде әзіл-сықақпен ажыратады. 6 жастан асқан балалардың ойынының айқын ерекшелігі олардың біртіндеп сөйлеу жоспарына ауысуы болып табылады. Бұл мазмұнды ойындардың әр түрлерін, соның ішінде қиял-ойындарын біріктірумен түсіндіріледі. Ол театрландырылған ойындардың негізі және маңызды бөлігі болып табылады, онда шынайы, әдеби және қиялдағы жоспарлар бір-бірін толықтырады.
«Таным» білім беру саласының мазмұны танымдық-зерттеу іс-әрекеті үшін жағдай жасауға бағытталған. Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындалу кезінде сенсорлық тәжірибені жинақтауға байланысты, алдын-ала жұмыстардың зор маңызы бар: қоршаған орта нысандарының түрлі ерекшеліктерімен танысу жаттығулары, зейін,

20

есте сақтауды дамыту ойындары, көркем әдебиетті оқу, әңгімелесу, серуенде бақылау жүргізу. Балалар іс-әрекетінің әр түрлері сәйкес келгенде балалардың барлық қабылдау жүйесі қосылады: көру, есту, қозғалыс, өнімді нәтиже сапасын арттыруға ықпал етеді (суреттер, қолдан жасалған заттар).



Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізе отырып, оның жекелеген бөліктерін органикалық байланыстыру маңызды, ақыл-ойға түсетін салмақты дұрыс бөлуді қамтамасыз ету, сабақтың түрлерін ауыстыру.

Дәстүрлі сабақ құрлымдарының нұсқалары:

1. Балаларды жаңа тақырыпқа енгізу мақсатында қайталау– 2-4 мин.

2. Жаңа материалды қарастыру -15-18 мин.

3. Игерілген материалды қайталау - 4-7 мин.

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы дәстүрлі ұйымдастырылған оқу қызметінен ерекшеленеді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің көлемі шағын, бірақ, нақты зат немесе құбылыс оның түрлі аспектілерімен қарастырылғанда, мағынасы кең болу керек. Оқу үдерісіндегі осындай ұйымдастырылған оқу қызметінде түрлі әдістер мен тәсілдер, оның ішінде:

-салыстырмалы талдау, салыстыру, іздестіру, эвристикалық әрекет;

-балаға жауап табуға көмектесетін, педагогтармен бірігіп «жаңалық ашуға» ынта таныту, мәселелік сұрақтар;

-мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін дамыту, сөздік қорды байыту үшін түрлі сөйлеу дидактикалық ойындары қолданылады.

«Жаратылыстану» ҰОҚ игеру барысында бақылау, саяхат, серуендеу уақытында педагог балалардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймайды, ең бастысы оларға табиғаттың маусымдық кезеңіндегі белгілі бір заңдылықтарды сезінуге көмектеседі. Мысалы, «ауа –райы жылы болғанда, қар жабысқақ болады; аязда қар қатты және сықырлақ болады; жылы ауа-райында шатырда сүңгі пайда болады, ұлпа қар жауады» және т.б.Балаларды үй және жабайы жануарлармен таныстыру кезінде оларды мекендеу ортасы, тигізетін пайдасы бойынша салыстыруға және жіктеуге тапсырма беруге болады. Балалар жануарлардың тіршілігі табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланыстылығын білу керек. Балаларды тұқымды топыраққа себу мен отырғызуға дайындыққа тартып, өсімдіктердің өсуі оның өсіп отырған жағдайына байланыстылығын түсіндіру керек.

21

Сондықтанда балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі міндеттердің бірі экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғау түсінігін қалыптастыру болып табылады.




жүктеу 68,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау