Конфуцийшілдік. Бұл мектептің негізін салушы Кун-фу-цзы (Конфуций) (шамамен 551-479ж.ж.г.б.д.д.). Конфуцийдің басты еңбегі- «Лунь-юй»(Әңгіме мен кеңес) », ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады.
Легизм. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері - Шан Ян и Хань Фей-цзы.
Бұл мектеп өкілдерінің басты сұрағы, конфуцийшілдік ілім негізінде құрылды, атап айтсақ: «Халықты қалай басқару керек: мінез құлықтың этикалық ережелеріне сүйеніп па(ли), немесе заң талаптарын қатал орындау арқылы (фа) және жазалаумен ба?» – деген сұрақ легистердің алдында тұрды. Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.
Достарыңызбен бөлісу: |