Номиналаизм (лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл-құдайы, рух - құдай. Номинализм өкілдері - П.Абеляр, Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон.
Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлер» пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады.Құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың заты да, өзі де бар. Реализм өкілдері: А.Кентерберийский, Шампо.
Пьер Абеляр(1079–1142 жж.) –француз философы,теолог, реалистер мен номиналистер арасындағы делдал болды.Оның концепциясы «концептуализм»деген атау алды.
Христиан философиясының дәстүрлі тақырыбы – Құдай кемелін және оны жаратқанның жамандық әлемі алдында қорғау мәселелері ортағасырлық батысевропалық көрнекті схоласт философ Фомы Аквинскийдің (1225–1274 жж.) еңбектерінде қарастырылған.
Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф.Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский - теоретикалық теологияның негізін салушы.Негізгі еңбектері: «Теология жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:
1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;
2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;
3. кездейсоқтық пен қажеттілік;
4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;
5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі. Ф.Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген католиктік философияның бағыты.
VII ғасырдан бастап Түркістаннан Испанияға дейінгі орасан зор аумақты арабтардың жаулап алу әсерінен көпұлтты теократтық мемлекет-Араб халифаты пайда болды.Бұл мемлекеттегі үлкен жетістік философияның негізі көне грек философиялық ойларын игеру барысында дамыды. Мұнда схоластикамен қатар V-ХII ғасырларда араб философиясыда дамыды, бірақ батысевропалық схоластикамен салыстырғанда мүлде басқа бағытта дамыды.
Араб философиясы исламға негізделген. Исламның қасиетті кітабы- Құран. Құран араб тілінен аударғанда «оқу» деген сөзді білдіреді. Ол 114 сүреден тұрады.Сүре-Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметі жайында хадис жинақтарынан тұрады.
Араб-мұсылман философиясының бағыттары: шығыстық перипатетизм, қалам, суфизм.
Шығыстық перипатетизм – араб философиясының бағыты, яғни Аристотель ілімін жалғастырушы бағыт.
Шығыстық перипатетизм өкілдері – Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд және т.б.
Әл-Кинди (800-879 жж.) – көрнекті шығыс перипатетизм өкілі, «араб философы» деген құрметті атаққа ие болған. Әл-кинди 200-дей шығарма жазған, «Алғашқы философия туралы», «Бес мән туралы». Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыстырды және философиямен айналысқысы келетін адам міндетті түрде математиканы білуі керек деп санады. Ол философияға рационалды түсіндірме берді. Аристотельдің ілімін жалғастыра отырып, философия - барлығы жайында білім деп айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |