Дәріс 1.2. Философияның негізгі даму кезеңдері
1. Ежелгі және ортағасырлық философия.
2.Қайта Өрлеу және Жаңа заман философиясы.
3.Қазақстанда философияның қалыптасуы.
Көне Үнді философиясының әдеби ескерткіші Ведалар болып табылады, санскриттен аударғанда ”білім” деген мағынаны береді.Ведалар біздің заманымызға дейінгі 1500-600ж.ж. құрылған.Олар өзіндік кең көлемде діни әнұрандардың жиынтығы, діни ілімдерді,табиғатты бақылау, дүниенің пайда болуын қарастырады.Осылайша, көне үнді философиясының бірінші кезеңі ведалық деп аталады. Қазіргі таңда Веданың 4 белгілі бөлімі бар: Ригведа,Самаведа,Яджурведа, Атхарведа. Ортодоксалды мектептер (астика): Веданта(шамамен б.з.д. VI ғ.п.б.)., Миманса (б.з.д.VI ғ.)., Ньяя (б.з.д.IIғ.)., Вайшешика (б.з.д.IVғ.)., Санкхья (VII в. до н.э.)., Йога (б.з.д.II ғ.).
Ортодоксалды емес мектептер (настикалық): Жайнизм (б.д.д.V ғ.).,Буддизм (б.з.д.VIғ.).,Чарвака-локаята (б.з.д.VII – VI ғ.ғ.).
Достарыңызбен бөлісу: |