Әл-Фараби Әбу Наср ибн Мұхаммед (870-950жж.) философ, ғалым-энциклопедист, белгілі шығыс аристотелизмінің өкілдерінің бірі, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз». Ол Бағдатта, Алеппода, Дамаскте тұрған.
Әл-Фарабидің шығармашылығындағы басты маңызды бағыттырының бірі антикалық мұраны тарихи-философиялық талдауы. Платон мен Аристотельдің іліміне ерекше қызығушылық көрсетті, ол олардың іліміндегі айырмашылықты емес, керісінше ортақ ақиқатқа деген ұмтылысты яғни, ұқсастықты атап көрсетті.
Әл-Фараби ілімі арабтілді перипатетизімнің дамуына үлкен әсерін тигізді, Ибн Синаны философ ретінде, Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Рушд, сонымен қатар Маймонд теориясының қалыптасуына өз үлесін қосты.
Ибн Сина (латын тілінде – Авиценна, Avicenna) философ, энциклопедист, дәрігер, поэт, математик. Ибн Синаның атақты және ерекше маңызға ие шығармалары «Емдеу кітабы», «Құтқару кітабы», «Білім кітабы», өлең кітабы «Медицина жайындағы поэма». Оның негізгі еңбектері латын тіліне аударылған, ХIIғ. Еуропада кеңінен таралған «Медицина каноны». 30-дан аса баспаханаларда басылып шыққан,бірнеше ғасырлар бойы Батыс дәрігерлерінің басты кітабы болды.
Ибн Рушд( латын тілінде Аверроэс) Averroes) Абу-л-Валид Мухаммед ибн Ахмед(1126-1198)-философ,ғалым,дәрігер,шығыс перипатетизмнің көрнекті өкілі, ұлы комментатор құрметті атағына ие, Аристотель шығармаларына түсіндірме ретіде шағын және кең көлемде талдау жазған. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды».
Қайта Өрлеу философиясы (Ренессанс) XIV - XVI ғ.ғ. қамтиды. Ренессанс философиясы ортағасырлық теоцентрлік сипаттың орнына атропоцентрлік принципті қояды. Ренессанс философиясын анықтайтын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Олар: гуманистік, утопиялық, реформаторлық, натурфилософиялықжәнеәлеуметтік-саясикөзқарастар. Қайта Өрлеу дәуірі философиясы антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынды.Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады.
Қайта Жаңғыру кезеңі әлеуметтік – утопиялық көзқарастармен танымал. Томас Мор (1478-1535 жж.) – утопиялық коммунизмнің негізін қалаушы. «Утопия...» (1516) - оның қоғамдық өмірге көзқарасын баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: |