1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата29.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27736
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


 


1.Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері: 

-  Магистратураға түсушілердің теориялық білім деңгейін бағалау. 

-  Тарихи  процесстердің  себеп-салдарлық  байланыстарын  және  тарихи  процесстердің  түсіну 

тереңдігі орнату. 

-  Магистратураға  түсушілердің  тарихи  және  тарихнамалық  деректері  туралы  білімінің 

деңгейін  ашып көрсетуі. 

-  тарих  ғылымының  қазіргі  заманғы  теориялық-әдістемелік  тәсілдерін  анықтау  үшін 

магистратураға түсушілердің түсініктемелерін ашу. 

-  фактілер  және  өмірбаянын,  тарихи  процестерді  талдай  білуін,  объективтілікке  ұмтылуын, 

презентация логикасын, сауаттылығын, жазу дағдыларын анықтау. 

 

2. Емтихан өткізу формасы және ұйымдастыру 



Жазбаша емтихан 

 



билеттер құрастыру және таратылатын материалдардың дайындалуы (керек болған 

жағдайда); 

 

сараптама жүргізу. 



 

3. Балдық 4,0-3,67 , Әріппен А - А-, % жүйемен 95-100 - 90-94 

Магистратураға  түсушілер  оқытушының  барлық  сұрақтарына  нақты  жауап  беруі  тиіс.  Пән 

бойынша  қойылған  сұрақтарға  толық  жауап  алынады.  Монологтық  әңгіме  тудыру  үшін  еркін 

сөйлеуге  үйрету;  логикалық  ойлау  арқылы  нақты  жауап  беруге  дағдыландыру.  Пәнді  меңгеру 

үшін пәнаралық байланысты игерту. 

Балдық_3,33_-2,67,_Әріппен_В+В,В-_.,_%_жүйемен_85-89.80-84,75-79'>Балдық 3,33 -2,67, Әріппен В+В,В- ., % жүйемен 85-89.80-84,75-79 

Терминологиялық  аппараттарды  игеру;  тақырыптың  маңыздылығын  ашып  көрсету;    тақырып 

бойынша  қорытынды  жасауға  үйрету;  дәлелді  жауап  беруге  дағдыландыру;  Егер 

Магистратураға түсушілердің жауабында 1 қате 

кетсе бұл жауаптың толық еместігін көрсетеді.  

 Балдық 2,33 -2,0,1,67-1,33,1,0., Әріппен С +,С, С-, D+, D, D-.,% жүйемен70-74, 65-69, 60-64, 



55-59, 50-54 

Егер толық емес жауап болса, бұл қателік болып саналады.  Магистратураға түсуші белгілі бір 

тақырыптың  себебі  мен  салдарын  толық  аша  алмаса,  онда  қорытынды  да  нақты  болмайды. 

Магистратураға түсушінің сөйлеуінен үнемі түзету қажет етіледі. 



Балдық 0., Әріппен F.,  % жүйемен 0-49 

Сұрақ бойынша жауап білім деңгейін көрсетеді. Фрагментарлық нақты емес жауаптың болуы, 

магистратураға  түсушінің  пәнге  қатысты  сұрақтарға  жауап  таппауы  қорытынды  жасауға 

нақтылығын жоғалтады. 

 

4.  Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі 

Ежелгі  және  ортағасырлардағы  Қазақстан  тарихы,  Қазақстанның  жаңа  және  қазіргі 

заман тарихы, Қазақстан тарихының тарихнамасы мен дерекнамасы, Дүние жүзі тарихы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ  ОРТА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. 

 

1.1.  Тас  ғасыры.  Палеолит  дәуірі  (ерте  тас  ғасыры).  "Тарихқа  дейінгі"    ұғымның 

ғылымға  енгізілуі.  Адамның  пайда  болуы  (антропогенез).  Африка  және  Азия 

территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп 

адамы).  Қазақстан  палеолитінің  зерттелу  тарихы.  Ежелгі  адамдардың  Қазақстан 

террриториясын  қоныстану  уақыты.  Х.Алпысбаев  жетекшілігімен  Оңтүстік  Қазақстандағы 

Қаратауда  ашылған  ежелгі  палеолиттік  тұрақтар  (атауы,  хронологиясы).  Төменгі  палеолит 

ескерткіштерінің  табылуы.  А.Г.Медоевтың  Батыс  Қазақстан  мен  Балқаштың  Солтүстік 

жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер және 

Ж.Таймағамбетовтың  басшылығымен  зерттеген  экспедиция  нәтижелері.  Ерте  тас  ғасыры 

тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері. 

Мезолит  (орта  тас  ғасыры).  Дәуір  ерекшеліктері.  Қазақстандағы  мезолит  дәуірінің 

ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын 

өзгерістердің  археологиялық  деректермен  дәлелденуі.  Садақ  пен  жебенің  пайда  болуы.  Тас 

еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағалауларынан 

табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер. 

Неолит  (жаңа  тас  ғасыры).  «Неолит  революциясы».  Дайынды  иемденуден  өнім 

өңдіруші  шаруашылық  түрлерінің  қалыптасуы.  Мал  шаруашылығы  мен  егіншіліктің  пайда 

болуы.  Қазақстандағы  неолит  тұрақтары.  Қара  үңгір  тұрағы.  Батыс  Қазақстан 

территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай 

жырасындағы  Мақанжар  мәдениеті.  Энеолит.  Ботай  мәдениеті.  (В.Ф.Зайберттің  зерттеулері). 

Аңшылық.  

Неолит дәуірінде тас өңдеу технологиясының дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, 

кесуді,  тесуді  үйренуі.  Рулық  құрылыстың  тууы.  Матриархаттық  рулық  қоғамның  дамуы.  Ер 

адамдар  үстемдігінің  артуы,  матриархат  орнына  патриархаттың  келуі.  Неолит  өнерінің 

көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.  



Қола  дәуірі  (б.з.б.  ХҮІІІ-ҮІІІ  ғғ.).  Дәуір  ерекшеліктері.  Қазақстан 

тайпаларының  шаруашылығы  мен  тұрмысындағы  өзгерістер.  Металлургия  мен  мал 

шаруашылығының  дамуы.  Малды  бағып  өсіру,  жайылымдық  жерлерді  пайдалану, 

көшпелі  мал  өсірушілікке  ауысу.  Мүлік  теңсіздігі,  жеке  отбасының  пайда  болуы,  

тайпалык үстем топтың бөлініп шығуы.  Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, 

кезеңдерге  бөлінуі  және  мәдениеттері.  Андронов  мәдениеті  алғаш  табылған  жері  таралу 

аймақтары.  Орталық  Қазақстандағы  Андронов  мәдениетінің  даму  кезеңдері  Беғазы-Дәндібай 

мәдениеті.  К.В.Сальниковтің  кезеңдерге  бөлуі.  Археологиялық  ескерткіштер,  тасқа  салынған 

суреттер (петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым 

т.б. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы.  

Керамика.  Қола  қорыту  өндірісінің  жоғары  дәрежесі.  Қолөнершілер  мамандығының 

бөлінуі. Дін. Жерлеу салты. 



 

1.2. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік 

құрылымдар 

Сақтар  (б.з.б.  ҮІІ-ІІІ  ғғ.).  Ерте  темір  дәуірі.  Көшпелі  мал  шаруашылығына  жаппай 

көшу. 


Еуразия 

кеңістігінде 

сақ-скиф 

қауымдастығының 

орналасуы. 

Қазақстан 

территориясындағы  сақтар  мен  савроматтар.  Сақтардың  тайпалық  одақтарына  қатысты 

жазба  мәліметтер:  «Тарих  атасы»  Геродот,  Страбон,  Ксенофонт,  Птоломей,  Ахаменидтік 

(ежелгі  парсы)  сына  жазбалар.  Сақтардың  тарихын  оқып  үйренудегі  ежелгі  ирандықтардың 

қасиетті  кітабы  «Авеста».  Сақ  одағындағы  тайпалар  және  олардың  орналасу  ареалы: 

тиграхауда,  парадарая  сақтары,  массагеттер,  Батыс  Қазақстан  аймағын  мекендеген  сармат-

савроматтар.  

Сақтардың  тарихын  зерттеудегі  археологиялық  ескерткіштер.  Бесшатыр,  Тасмола 

мәдениеттері, Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны және оны зерттеуге үлес 




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау