1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата29.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27736
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Қазақстан  жерінде  жасақталған  әскери  бөлімдер  (атқыштар  дивизиялары,  бриғадалар, 

батальон,  полк  т.б.).  Қазақстандықтардың  ірі  шайқастарға  қатысуы  және  ерлігі.  Москва, 

Сталинград,  Курск  түбіндегі  шайқастар.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  С.Баймағанбетов  А. 

Матросовтың  ерлігін  қайталаған  қазақ  жауынгері.  1942  ж.  қыркүйек  айында  Қазақстанның 

Орал,  Гурьев  (Атырау)  аймақтарына  соғыс  жағдайының  енгізілуі.  500-ге  жуық 

қазақстандықтардың Кеңес Одағы батыры атағын алуы. Елеусізов Кеңестер Одағының Батыры 

атағын  алған  ең  жас  қазақ.  Кеңес  Одағының  Батыры  Т.Тоқтаров  қаза  тапқан  шайқас. 

С.Нұрмағамбетовке  Кеңес  Одағының  Батыры  стағының  берілуі.  Кеңестер  Одағының  Батыры 

атағын  екі  мәрте  алған  қазақстандықтар.  Б.Момышұлы  ерлігі.  «Артымызда  Мәскеу»  еңбегі. 

Б.Бейсекбаев  –  «Ресей  батыры»  және  «Халық  Қаhарманы»,  Г.Ахмедьяров  –  Балтық 

жағалауындағы  партизандық  қозғалыстың  жетекшісі,  Қ.Мәденов,  Р.Қараманов  –  Берлин 

ратушасына  ту  тікен  сарбаздар.  Тоталитарлық  тәртіптің  соғыс  жылдары  нығая  түсуі.  Ұлт 

саясатындағы  озбырлықтар.  КСРО  территориясындағы  жеке  халықтарға  сенімсіздіктің 

көрсетілуі.  

Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігі. Ыбырай Жақаев, Шығанақ, Берсиев, 

т.б.  Майдан  мен  тылдың  тұтастығы.  Қазақстан  еңбекшілерінің  соғыста  қираған  аудандарға 

берген көмегі. Ұлы Отан соғысының аяқталуы. Адамзат қоғамының соғыстан шеккен зардабы. 

ХХ-ғасырда  болып  өткен  екі  дүниежүзілік  соғыстардың  әкелген  қасіреті.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыстың қорытындылары мен сабақтары. 

 

4.6. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1956 жж.) 

Кеңес халқының бейбіт  тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен 

қатынастың күрделі  сипаты.  Соған байланысты  ішкі  дамуда  әскери-өнеркәсіптік базаны жедел 

дамыту  бағытын  көздеу.  Қазақстанда  өнеркәсіп  өндірісінің  жаңа  салаларының  қалыптасуы. 

Транспорт.  1947  ж.  азық-түлік  және  өндірістік  тауарларды  бөлудің  карточкалық  жүйесінің 

жойылуы.  

Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін 

басу  шаралары.  Жеке  меншіктегі  мал  санын  өсіруге  тыйым  салу.  Нарықтық  қатынастарға 

қойылған шектеулер. «Тың және тыңайған» жерлерді игерудің басталуы.  

Тоталитарлық  тәртіптің  күшеюі.  Барлық  өмір  саласын  қамтыған  бақылау.  Соғыста 

тұтқынға  түсіп  оралғандардың  ауыр  жағдайы.  Жалпыға  бірдей  жеті  жылдық  білім  талабының 

енгізілуі.  Жоғары  және  арнаулы  орта  білім  беретін  оқу  орындарының  ашылуы.  Кәсіптік-

техникалық  білім  беру  жүйесі.  1946  ж.  Қазақстанда  республикалық  Ғылым  Академиясының 

ұйымдастырылуы.  Қ.И.Сәтпаев  Қазақ  КСР  ҒА  тұңғыш  президенті.  1949  ж.  қазақ  жазушысы 

М.Әуезов  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  үшін  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты 

атағының  берілуі.  «Қазақ  КСР  тарихы»  атты  еңбектің  жарық  көруі  және  авторлары. 

Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» еңбектері.  

«Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясы  тіл  және  әдебиет  институты  жұмысындағы  өрескел 

саяси қателер туралы» қаулысына сәйкес, ұлтшыл деп айыпталған зиялылар. Қазақстандағы ұлт 

зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы 

қаулысы.  «ХІХ  ғ.  20-40  жылдарындағы  Қазақстан»  Е.Бекмахановтың  саяси  зиянды  деп 

танылған  еңбегі.  1952  ж.  Е.Бекмаханов  Ғылым  Академиясынан  қуылып,  Қаз  КСР  жоғары 

сотының  қылмысты  істер  жөніндегі  коллегиясының  үкімімен  буржуазиялық-ұлтшылдық 

көзқарастары  үшін  25  жылға  бас  бостандығынан  айрылуы.  Орыс  халқына  қатысты  бұрынғы 

концепцияның  өзгеріске  ұшырауы.  1948  ж.  КСРО  Министрлер  кеңесінің  қаулысы  бойынша 

Қазақстан  жерінде  (Семей,  Павлодар,  Қарағанды  обл.  түйіскен  жерінде)  салынған  ядролық 

полигон.  1949  ж.  Семей  полигонында  өткізілген  ядролық  сынақ.  Республикадағы  транспорт 

жүйесі (Мойынты-Шу темір жол торабы).  



 


4.7. Қазақстан Хрущев реформалары тұсында (1956-1964 жж.) 

Сталиннің  өлімі.  Жоғарғы  билік  үшін  күрес.  Н.С.Хрущевтың  билікке  келуі.  Партияның 

ХХ-съезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Елдегі  «жылымық» кезеңі. 

Партияның  ХХІІ-съезі,  оның  шешімдерінің  волюнтаристік  сипаты.  «Американы  қуып  жетіп, 

басып  озу!»  ұраны.  Ж.Шаяхметов  Қазақ  КСР  КПОК  1-ші  хатшысы  қызметінде.  Қазақстан 

Компаритиясының  ҮІІ  съезінде  Ж.Шаяхметовтың  орнына  Понамаренконың  келуі.  1954  жылы 

Қазақстанның «тың және тыңайған» жерлерін игеру. Эксперименттің алғашқы нәтижелері. 1954 

жылы  тамыз  айының  басына  қарай  Қазақстанда  жыртылған  жер  көлемі.  Қазақстандағы  тың 

игерудің  экологиялық,  экономикалық  және  демографиялық  салдары.  Табиғи  жайылымдардың 

жойылуы, жер қыртысының эрозияға ұшырауы. Мал шаруашылығындағы жағдай. 1962 ж.  

Экономиканы  басқарудағы  реформалар.  Қазақстан  өнеркәсібіндегі  жаңа  салалар. 

Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық, отарлық бағытының тереңдей түсуі. 1959 жылғы «Теміртау 

оқиғасы».  1960  ж.  Мәскеуде  құрылған  «Жас  тұлпар»  бейресми  бірлестігі  және  оның 

ұйымдастырушылары.  Семейде  қазақ  жастары  құрған  ұйым.  Қазақстан  Коммунистік 

партиясының Беғазы атты қола және темір ғасырының керемет археологиялық ескерткіштерін 

ашқан  белгілі  тарихшы  Ә.Марғұланның  ғылыми  көзқарасының  «жалған»  деп  танылуы.Еңбегі 

лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғылымы. 

 

4.8. Қазақстан «кемелденген социализмнің» дағдарыс жылдарында 

(1965-1985 жж.) 

1960-жылдардың  ортасынан  бастап  80  жылдардың  ортасына  дейінгі  мерзімнің  шартты 

атауы.  Л.И.Брежнев  бастаған  топтың  билікке  келуі.  Идеологиялық  саясаттағы  консерватизм 

және экономикадағы реформалар. Д.А.Қонаев 1964-1986 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің І 

хатшысы.  Қазақстан  КСРО-ның  ірі  өнеркәсіп  аймағы.  Өнеркәсіптің  айқын  шикізаттық  бағыт 

алуы.  Отын-энергетикалық  комплексі,  түсті  және  қара  метал,  химия  және  мұнай  химиясы 

өндірістерінің  дамуы.  Өнеркәсіптегі  машина  жасау  өндірісінің  үлесі.  Жұмысшы  кадрлар 

санының  өсуі,  олардың  әлеуметтік  жағдайы.  Республикадағы  келеңсіз  жағдайлар.  Кеңестік 

Қазақстанның соңғы Конституциясы. 1979 ж. Қазақстан территориясында Неміс автономиясын 

құру  туралы  шешім  қашан  қабылдануы,  оның  құрамына  енгізілмек  болған  облыстар.  1979  ж. 

«Целиноград оқиғасы».  

Қалалар.  Урбанизация  және  оның  салдары.  Ауыл  шаруашылығы.  Еңбек  өнімділігінің 

деңгейі.  Тиімділік  мәселесі.  Халықтың  тұрмыс-жағдайы.    Тұрғын  үй  мәселесі.  Экологиялық 

дағдарыстар.  Арал  теңізінің  тартылуы.  Семейдегі  ядролық  қаруларды  сынау  полигонының 

зардаптары.  Батыс  Қазақстандағы  атом  полигоны.  Инфляция.  Тұрмысқа  қажет  тауарлар 

дефициті. 

Мәдениет  және  ғылым.  Мәдени  өмірдегі  қайшылықтардың  тереңдей  түсуі.  1975  жылы 

Олжас  Сүлейменовтың  «АЗиЯ»  кітабының  тағдыры.  Тұңғыш  ғарышкерге  арналған  «Адамға 

табын,  Жер,  енді»  поэмасы.  Мәдениеттің  ұлттық  негіздерінің  әлсіреуі.  Қазақ  тілін  қолдану 

аясының  тарылуы.  Ғылым  саласындағы  жетістіктер  мен  қайшылықтар.  1974 ж.  «Қан  мен  тер» 

пьесасының қойылуы, «Гүлдер», «Дос мұқасан», «Айгүл» ансамблдері «Жас тұлпар» қоғамдық 

бірлестігінің ықпалымен құрылған 



 

4.9. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан (1985-1991 жж.) 

М.С  Горбачев  (1985-1991  жж).  Елді  басқаруда  реформалық  бағыттың  үстемдік  алуы. 

Жариялылық.  Экономикалық  реформалар.  Экономикалық  тәуелсіздікке бағытталған  жартыкеш 

шаралардың  іске  асырылуы.  Республикада  экономикалық  өзін-өзі  басқару  және  өзін-өзі 

қаржыландыру  концепциясының  қалыптасуы.  Экономиканы  басқару  жүйесіндегі  өзгерістер. 

Одақтық  басқаруға  жататын  мемлекеттік  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  Қазақстан  үкіметінің 

қарауына өтуі, т.б. шаралар. 



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау