1.4. ҮІ-ХІІ ғғ. Түркі халықтарының мәдениеті.
Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық және
этнографиялық деректер. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы. Қоныстар мен
қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр
бойы, Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы. Қала мәдениетінің дамуындағы
түркі-соғдылық синтез. Б.з.б. ІІ ғ. қалыптасқан Ұлы Жібек жолының сауданың күре тамыры
ретіндегі қызметі. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалалар - саяси өмір, сауда,
қолөнер және мәдениет орталығы. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениеті.
ҮІ-ХІІІ ғ. басы аралығындағы түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері,
әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері. Түркілердің басты құдайы. Түркілердің отбасы,
бала қамқоршысы және әйелдік бастау құдайы.
Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның
таралу аймағы, зерттелуі. Түрік әдеби "Күлтегін" ескерткішінің авторы. Түркі сына жазбасының
оқылуы және жарыққа шығуы. Ежелгі түркі алфавитінің белгілері. Көпшілікке танымал түркі
жазба ескерткіштерінің орналасқан жері. Тоныкөк, Күлтегін және Білге қаған құрметіне
қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.
Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене басталуы. Түркі елдерінің араб
халифатымен байланысының артуы. Ислам мәдениеті және оның негізі болған Құран Кәрім мен
Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.
ІХ-ХІІ ғғ түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Аристотельден кейінгі Шығыстағы екінші
ұстаз Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.
Орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Яссауидың ұстазы. Қожа Ахмет Яссауи,
Сүлейман Бақырғали және т.б. олардың қалдырған мұралараның маңызы мен ортағасырлық
мәдениетте алар орны.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік»
еңбегі, Өтміс қажының «Шыңғыс-намэ» еңбегі. «Кодекс Куманикус», «Ақсақ құлан».
«Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштеріне сипаттама. XIII ғ. Кетбұға, XIY-XY ғғ. Сыпыра
жыраулар.
ҚАЗАҚСТАН ОРТАҒАСЫРЛАРДА
2.1. Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.)
Алтын Орда (1243 – ХҮ ғ. ортасы). Монғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметі,
олардың түрлері. Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы.
Шыңғыс ханның «Ұлы Жасағындағы» «Жасақ» және «Білік». Шыңғыс ханның билік құрған
жылдары. Алғашқы жаулап алу соғыстары. Шыңғыс ханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды
басып алуы. Монғол әскері және Хоремшахтың армиясы Қазақстан жерінде алғаш кездесуі.
1218 ж. «Отырар оқиғасының» Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетуі. Хорезм
шах мемлекетін талқандау Орта Азиянының жаулануы. Дешті Қыпшақты бағындыру. Қазақстан
территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың жаулап алған елдерді
ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол
хандары құрған ұлыстар құрамында. Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарының территориялық
аймағы.
Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Ұлық Ұлысының Монғол империясынан
бөлінуі. Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндеті. Моңғол әскерін ұстау үшін
жиналатын «Тағар» салығы. Жошы ханның қайтыс болуы және оның мұрагері. 1235 ж.
монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiмінің қабылдануы. Батыйдың Бұлғар,
Орыс, солтүстік Кавказ елдерін бағындыруы. Шығыс Еуропаға шабуылы.
Алтын Орданың құрылуы (1243). Алтын Орданың Моңғол империясынан оқшаулануы.
Алтын Орданың территориясы, құрамындағы халықтардың этникалық және басқа
ерекшеліктері. Шаруашылығы, оның түрлері, діні, тілі, мәдениеті. Саяси құрылымы. Хандық
билік. Басқару жүйесі. Алтын Орда тарихындағы 1312 жыл. 1321 жылғы Өзбек ханның
жүргізген ақша реформасы. Мұрагерлік жол. Алтын Ордадағы салық жүйесі. Әскерінің
құрылымы. XII-XIV ғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi.
Өзбек және Жәнібек хандар тұсында Алтын Орданың күшеюі. ХІҮ ғ. 60-70 жж.
«дүрбелең кезең». Куликова шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда. Билік
үшін ішкі қырқыстар. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір әскерлері арасындағы шайқастар (1395).
Алтын Орданың ыдырауы. Қазан, Қырым, Аштархан, Әбілхайыр хандықтарының, Ноғай
Ордасының бөлініп шығуы.
2.2. ХІҮ –ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы
ортағасырлық мемлекеттер.
Орда Ежен ұлысын құраған Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері. Орда Ежен ұлысы,
территориясы мен тайпалық құрамы. Ұлыстың алғашқы саяси орталығы. Саяси орталықтың Сыр
бойына ауыстырылуы, оның себептері, салдары және маңызы. Сығанақ – астана. Сасы Бұқа,
Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай
хан (1344-1361). Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Ұрыс ханның тұсында Ақ
Орданың Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып жариялануы. Ақ Орданың Алтын Орда
құрамына енуі. Барақ хан (1423-24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі. Ақ Орда
тарихының Қазақстан тарихында алатын орны.
Көшпелi Өзбек мемлекетi (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы
және этникалық құрамы. Әбілқайырдың Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы
қалалар үшін күрес. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). XV ғ. ортасында Әбілқайыр
(“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі. Жәнібек пен Керей
сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.) Хандықтың ыдырауы.
Ноғай Ордасы (Маңғыт үйі) – ХІҮ ғ. – ХҮ ғ. Едігенің Ноғай Ордасының негізін салуы.
Ноғай Ордасының территориясы және ірі тайпасы. Ноғай Ордасының орталығы. Ноғай
Ордасын билеушілер. XIV-XV ғғ. Ноғай Ордасындағы «Қырымның қырық батыры» эпостық
жыры. Ұлыс билеушісі. Ноғай Ордасының көрші мемлекеттермен, Қазақ хандығымен қарым-
қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы.
Моғолстан мемлекеті (ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басы). Шағатай ұлысының солтүстік-
шығыс бөлігінің ерекшеліктері. 1348 ж. Моғолстан мемлекетінің құрылуы. Дулат тайпаларының
Моғолстанның саяси өмiрiндегі рөлі. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты, Мауреннахрды
жаулауы. Алмалық қаласы Моғолстанның астанасы. Моғолстанның қоғамдық-саяси құрылымы.
Хан кеңесі (мәжіліс). Әмір Темір және Моғолстан. ХІҮ соңы – ХҮ ғ басындағы Моғолстан.
Мұхаммед ханның тұсында Әмір Темірден тәуелсіздік алуы. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты.
Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүніс хан тұсындағы Моғолстан. ХҮ ғ
соңындағы ыдырау процестері. Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар саясаты.
Моғолстанның ыдырауы. Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына
ықпалы.
Әмір Темір жорықтары. Әмір Темірдің өмірі мен қызметі жөніндегі деректер мен
зерттеулер. ХІҮ ғ ортасындағы Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайы. Әмір Темірдің билікке
келуі (1370-1405), оны қолдаған саяси күштер мен топтар. Әмір Темірдің Мауреннахрда бір
орталыққа бағынған мемлекет құру саясаты. Моғолстан, Хорезм, Индияға жорықтары. Ақ
Ордамен күрес. Алтын Орда ханы Тоқтамыс әскерімен (1391, 1395), түрік сұлтаны Баязид
әскерімен Анкара түбіндегі (1402) шайқастары, олардың түркі халықтары үшін трагедиялық
зардаптары. Әмір Темірдің қайтыс болуы. Әмір Темірдің Түркістан тарихында алатын орны.
Мұхаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алуы. Орта Азиядағы Шайбанилер әулетінің
билігі. Әмір Темір және оның мұрагері тұсындағы мәдениет. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің
салынуы. Қала мәдениеті. Ұлұқбек мырза. Захараддин Бабыр. Әлішер Науаи және түркі тіліндегі