әдебиеттің дамуы. Әмір Темірдің Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдыруы. ХҮІ ғасырда
исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар. Жошы хан кесенесі.
Сібір хандығы (ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және
сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының
құлауы.
2.3. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
Этногенез мәселесі. Этникалық процесс туралы түсінік. Этникалық процеске қажет
негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы. "Қазақ" атауының алғаш
жазба деректерде қолданылуы. Қазақстан территориясындағы этникалық процестің кезеңдері.
Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі
қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан нығая түсуі.
Өзін-өзі тану процесі. Қыпшақ дәуіріндегі этникалық процестер. Саяси-территориялық ұғым
және оның этно-генетикалық процесте алар орны.
Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығы тұсындағы этникалық
процестер. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ халқының қалыптасуы және Керей мен Жәнібек
хандар ұлысына қазақ этнонимінің орнығуы жөнінде. Дешті Қыпшақ тайпаларына қазақ
этнонимінің таралуы. ХҮ-ХҮІ ғғ. ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның
этникалық территориясының қалыптасуының аяқталуы.
2.4. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы (1465-66 жж.). Қазақ хандығы құрылуы туралы жөніндегі
жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. М.Дулати “Тарихи Рашиди”. Қазақ хандығының
құрылуының алғышарттары. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері. Жәнібек, Керей
хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы. ХҮ ғ ортасындағы Әбілхайыр
Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына
көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс
болуы. Жүніс хан. Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына жорығы. Қазақ хандығының Дешті
Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ
хандығының құрылуының тарихи маңызы. Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр
бойы – дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік,
экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы
жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы,
оның кезеңдері. Бұрындық хан. ХҮ ғ. 90-шы жж. шиеліністі жағдайлар және 1495/96 жж.
келісімдер.
Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында Қазақ хандығының күш-қуатының артуы. Сыр
бойы үшін жүрген күреске қатысуы. Мұхаммед Шайбани Орта Азия жерiнде мемлекеттiң
негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн
ұзақ уақыт күрес жүргiзуі. Қазақ халқы санының 1 млн. адамға жетуі. Шайбани ханға қарсы
күрес. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы. ХҮІ
ғ. басындағы Моғол және Мауреннахр билеушілерімен арадағы қатынас. Еділ мен Жайық
аралағының Қазақ хандығына өтуі. Орыс мемлекетімен қарым-қатынасты орнату. Третьяк
Чебуков басқарған орыс елшілігі. Қасым ханның «Қасқа жолы». Оның қызметі туралы
мәліметтер. Степанов басқарған орыс елшілігінің Тәуекел ханға келуі.
ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. 30-шы жылдары аралығындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының
Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы. Мамаш хан (1518-1523). Тахир хан билігі (1523-
1533). Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Бұйдаш хан (1533-1534). Мауреннахр және
Моғолстанмен ара-қатынасы. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид әскерінің 1537 жылғы Қазақ
хандығына жорығы. Бұйдаш хан әскерінің жеңіліске ұшырауы. Хақназар хан (1538-1580). Қазақ
хандығының қайта өрлеуі. Мауреннахрмен және Ноғай ордасымен арадағы қатынас. Орыс
патшалығымен байланыстың қалыптаса бастауы. 1574 ж. 30 мамырдағы ағайынды
Страгоновтарға берілген Иван Грозныйдың грамотасының мәні. Хақназар ханның өлімі.
Шығай ханның (1580-1582) билігі. Билікке
Тәуекел ханның (1586-1598) келуі.
Мауреннахр билеушісі Абдолла ІІ-мен қатынасы. Сібір хандығымен байланысы. Қазақ
елшілігінің Москваға баруы (1594). Оның мақсаты. Тәуекел ханның 1598 ж. Мауреннахрға
жорығы, оның қорытындылары. Абдаллах хан әскерінің талқандалған жері. Ташкенттің 200
жылға Қазақ хандығына берілуі.
Есім ханның (1598-1628) билікке келуі. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы
қайшылықтар. Тұрсын ханның өзін Ташкент билеушісі жариялауы. Есім ханның Шығыс
Түркістанның ішкі өміріне араласуы. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрестің шиеленісуі.
Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге қырғыздардың қолдау көрсетуі. Тұрсын ханның
өлімі. Есім ханның қайтыс болуы. Есім хан мен Рабиға бегімнің кесенелері орналасқан қала.
Салқам Жәңгір ханның билікке келуі. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
Жоңғарларға қарсы күресте Жалаңтөс баһадүрдің Жәңгір ханға көмегі. 1613 жылы өзін
Ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарған хан.
Тәуке ханның (1680-1718 жж.) билікке келуі. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі
саяси өміріндегі өзгерістер. Батырлар мен билердің рөлі. Хандық Кеңес. «Жеті жарғы» заңы.
Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан атақты билер. Харадж, соғым, сауын,
бадж, зекет салықтары. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. Сібірге
барған бес елшілік. Тобыл қаласына барған Тәшім батыр елшілігі. Қазақ-орыс, қазақ-жоңғар
қатынасы. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты.
1710 жылы Қарақұмда үш Жүз өкілдері жоңғарларға қарсы күшті жұмылдыру мәселесін
қарастыруы. Бөгенбай батыр қазақ жасағының қолбасшысы. Тәуке ханның қайтыс болуы, қазақ
қоғамында феодалдық бытыраңқылықтың етек алуы. Қазақ жеріне шапқыншылық барысында
қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі. 1718 жылы Аягөз бойында қазақ сарбаздарының
жоңғарлардан жеңілу себебі. Жоңғарлардың 1723 жылғы басқыншылығы. «Ақтабан
шұбырынды» оқиғалары. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі. 1723 ж. қыркүйек
айында Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына қарсы жорығының мақсаты. 1726-жылы
Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып Әбілқайырдың
сайлануы. Біріккен қазақ жасақтарының жоңғарларға ойсырата соққы берген жері. 1726-жылғы
Бұланты өзені бойындағы «Қалмақ қырылған» шайқасы. 1729-жылғы «Аңырақай» шайқасы,
олардың тарихи маңызы.
2.5. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мәдениеті.
Қазақ халқының этникалық құрамы. Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын
білдіретін сөз. Жүздік бөлінудің алғаш рет жазба мәліметтерде көрінуі. Қазақ жүздері мен оларға
тән тайпалар. Жүздердің территориясы. Жүздердің шығуы туралы мәселе. "Төлеңгіттер". ХҮІ-
ХҮІІІ ғғ қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Ақсүйектер тобы: хандар, сұлтандар және
төрелер, олардың қазақ қоғамындағы орны. Билер, батырлар, байлар, қожалар мен ишандар,
оларға сипаттама. Қарапайым халық: шаруалар, кедейлер, жатақтар.
Қазақ халқының тіршілік көзі – мал шаруалығы. Қазақ даласының климаттық және
топырақтық ерекшеліктері – көшпелі шаруашылық негізі. Көшіп-қону ауқымы мен
бағыттарының табиғат өзгерістерінен тәуелділігі. Егіншілік, оның дамыған аймақтары.
Суландыру жүйесі, дәнді-дақыл түрлері. Қолөнер. Сауда және айырбас.
Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері жөніндегі пікірталастар.
Меншік мәселесі. Жерге, жайылымдарға, қыстауларға меншік түрлері. Малға меншік.
ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. мәдениет. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақстандағы қалалық аймақтар. Қалалардың
атқарған ролі мен маңызы. Сыр бойы қалалары: 1513 жылғы Сығанақ (Көк кесене), Сауран,
Түркістан, Отырар, Сайрам. Ташкент қаласындағы «Көкемнің көк күмбезі» ескерткіші.
Қалалардың ішкі құрылымы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қалалардың құлдырауы және оның себептері.
Қалалар мен қоныстардағы құрылыстар. Мал шаруашылығына қатысты еңбек құралдары
және олардың түрлері. Егіншілікке қатысты еңбек құралдары. Әскери қару-жарақтар. Қолөнер,
кәсіпшілік, тігіншілік.