Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1.
Тұлға, индивид, даралық дегенді қалай түсінесіздер?
2.
Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маңыз алады?
3.
Дүниетаным сапаларын атаңыз?
4.
Қажеттілік дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
5.
Қызығудың қандай түрлері бар?
Пайдаланатын әдебиеттер
1.
Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.
2.
Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6-ти т. Т.1: Вопросы теории и
истории психологии/ Гл.ред. А.В:Запорожец, М.; Педагогика, 1982г., -
425с.
3.
Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том,
-490с.
4.
Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
5.
Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
6.
Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері Алматы, «Дәнекер», 2001ж., -293б.
7.
Столяренко Л.Д. Основы психологии Ростов на-Дону, «Феникс» 1997, -
732с
8.
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
9.
Фресс П., Пиаже Ж. Зкспериментальная психология./СБ.статей Пер. С
фр.Вып.6-М: Прогресс 1978г., 262с.
6 дәріс:
Тұлға және топ, ұжым. Қарым-қатынас психологиясы
Жоспар:
1.
Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері
2.
Қарым-қатынас психологиясы
3.
Топтағы адамдардың қарым-қатынасы
1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері.
Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін ӛтеу үшін
бірлесу. Адам қоғамнан тыс ӛмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша
ұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, кӛзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі
бар, ӛзін-ӛзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде
ұйымдасқан түрі
ұжым
деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан,
оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады.
Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі
бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі
ұжым болып бӛлінеді. Контактілі ұжым – ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы
топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы
контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға
ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста
болады.
Топтардың ӛзі шартты және нақты болып 2-ге бӛлінеді.
Шартты топ
шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар
қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын
журналистер әлемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар әр
елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың
ешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командада жарысқа
түспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шартты түрде бар деп
есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та
бұл адамдар нақты топ ішінде ӛзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ
дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы ӛзара байланысқан, ӛздері
белгілі бір кеңістікте, азды-кӛпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін
адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден
мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен
тығыз қарым-қатынас жасайды.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар
үлкен
(макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған,
контактілі, оқшауланған, референт
т.б. болып бӛлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан кӛп емес, мүшелері бір-бірімен
тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі
шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған
жетуге жұмылдырған ортақ мақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі
жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде ӛзара қоян-
қолтық қатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды
және 30-40 адамнан аспайды.
Жанұя, ӛндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б.
контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы,
автобус салонындағы отырған адамдар
ұйымдаспаған
топқа жатады.
Студенттер тобы, сынып оқушылары ресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайын-
туыс, дос-жарандар ресми емес топқа жатады
Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы ӛз
сыныбының мүшесі, футбол камандасында және т.б. үйірме тобына мүше
болуы мүше болуы мүмкін.
Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және
формалды емес топтар болады.
Шартты және нақты топтар.
Нақты топ
-
адамдардың бір-бірімен ӛзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып,
алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, ӛмір сүріп тұрған
бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ ӛмір сүруі, мүшелерінің саны аз
не кӛп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде ӛмір сүріп қызмет
істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп
аталады.
Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар.
Формалды
(ресми) топ штат кестесі, және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады.
Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен
қызметшілер штаты - мұның бәрі ресми топқа жатады.
Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына
сәйкес әp түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан
жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы
жауапкершілікті сезіну ерекше кӛрінеді. Формалы топтарда (іскерлік
қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау,
менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы
іскерлік қатынасқа теріс әсерін тигізеді.
Формасыз (бейресми) топтар ұнату, кӛзқарас бірдейлігі сенім жақындығы
т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті
нұсқаулардың күші жүрмейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен
айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың
тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері
жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
Референт тобы.
Референт (эталон) тобы деп кӛзқарас, талаптары үлгі
болып саналатын ақиқат ӛмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам ӛзі
нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, ӛзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін
топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап-қана коймай, оны қорғайды
да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін адам бір
топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтын кӛзқарасын, нормасын
қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, тұлға үшін басқа топ
үлгі эталон
болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сынып оқушыларының немесе
ересектердің тобына мүше болуға тырысады. Егер бұған онын қолы жетпесе,
онда ересектер тобында орын алған мінез-құлық нормаларына еліктеп, соларға
ұқсауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |