Еңбек өнімділігін арттырудың тәсілдері:
- кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылардың өзара мүдделерін есепке алуға негізделген паритеттік басқару (тең);
- жаңа техника мен технологияларды енгізумен, еңбекті жағымды жағдайын жасаумен қамтамасыз етілетін еңбекті ізгілендіру;
- ұжымдық шешімдерді қабылдау, кәсіпорынды басқарудың демократиялық стилі;
- жұмысшыларды кәсіптік оқытуға және олардың кәсіптік біліктілігін арттыруға жағдай жасау.
Сандық әдістер мектебі.
Нақты ғылымдардың дамуының салдары ретінде пайда болды, ол өндірістегі үдерістердің, қызметкерлердің еңбек қызметінің күрделенуінің әсерінен пайда болды. Статистикалық әдістер кәсіпорынды басқарудың нақты, сандық деректерін пайдалауға, өнім сапасына әсер ететін мәнді, маңызы бар және мәні жоқ, маңызды емес себептерді айыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |