Қазақстанда экологиялық талдау өту барысында нәтижеде экологияның зардабының ауқымды мәселелері?
дәріс7-8.
ҚР-дағы қоғамның тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы
Қоршаған ортаны қорғау Конференциясының құжаттарында көрсетілген ұсыныстар мен принциптерге сәйкес және оларды негізге ала отырып, ҚР-да тұрақты дамуға өтуді қамтамасыз ету керектігі қажет болып отыр. Ол бүгінгі және келешек ұрпақтың өмірлік қажеттілктерін қанағаттандыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен жайлы қоршаған ортаны сақтау мәселелерін дұрыс шешуді қамтамасыз етеді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, әсіресе, экономикалық өсудің жоғары қарқындылығына негізделген, сондай-ақ ол қоршаған табиғи ортаға зиян тигізу процесін ұзартады. Адамзаттың тап болған қарама-қайшылығы әлемдік қоғамның өспелі қажеттілігі мен биосфераның бұл қажеттіліктерді қанағаттандыра алмау проблемасы.
Табиғаттың байлығы мен оның өзін-өзі реттеуі және қоғамның дамуын тұрақты ұстап отыру мүмкіндігі шектеулі екен. Экономиканың өте қарқынды дамуы биосфера мен адам үшін үлкен қиратпалы күш болды. Сөйте тұра, цивилизация көптеген технологияларды пайдалана отырып (экожүйені бұзушы), биосфераның реттеуші механизмінің орнын алмастыратын ештеңе де ұсына алмады. Келешек адамзаттың өмірлік маңызды қызығушылықтарына деген шынайы қауіп туды.
Бұл қарама-қайшылықтарды жеңу тек қана өзінің табиғи негізін бұзбайтын біртекті әлеуметтік экономикалық дамуы кезінде ғана іске асуы мүмкін. Адам өмірінің сапасын жақсарту биосфераның шаруашылық сыйымдылығында қамтамасыз етілуі тиіс.
Биосфераның шаруашылық сыымдылығы – биосфераға шекті рұқсатты антропогендік әсер. Олар қалыптыдан асса, биосферада уақыт өте қайтымсыз деградациялық процесске әкеліп соғатын жағымсыз жағдайы. Биосфераның шаруашылық сыйымдылығының қалыптан асуы энергия ағынының реттеліп орналасуын бұзуға және биогендердің биохимиялық айналымының деформациясына, биоәртүрліліктің азаюына, биотаның реттегіш қабілетінің әлсіреуіне, қоршаған ортаның глобальды бұзылуына әкеледі. Осы шарттарды орындау ғана болашақ ұрпақтың бар болуына және оларға жайлы қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттің шаруашылық іс-әрекетке қатыу сипатының өзгеруі, мемлекеттік меншіктің үлесінің азаюы жоғары іскерлік белсенділікті қамтамасыз ететін жайлы жағдайлар тудыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттің, яғни қоршаған орта мен экономикалық қауіпсіздікті сақтаудың гарантының ролі өседі. Қоғамдық өмірді демократиялау экологиялық яакторларды есепке ала отырып, шаруашылық, және басқа да мәселелерді шешуде адамдар мен мемлекеттер емес мекемелердің ролі де өспек. Нарықтық механизмдер мемлекеттік реттеудің мөлшерімен тіркескенде шаруашылық әрекеттің субъектілері үшін табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың экономикалық ынталандыруды қалыптастыру керек.
Болып жатқан үрдістердің сипаты Қазақстанда тұрақты дамуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жүйені құруға болатынын көрсетіп отыр. Республикада қалыптасып отырған нарықтық қарым-қатынастар экологиялық қауіпсіздіктің концепциясына байланысты республиканың бүгінгі және болашақ ұрпағына жағымды қоршаған ортаны сақтау мақсатында табиғатпайдалануды құқықтық реттеу керектігін қажет етеді.
Экологиялық қауіпсіздік – ҚР-ның тарихи негізі және ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөдшегі. Қоршаған ортаға антропогендік әсердің көбеюімен, сондай-ақ, стихиялық апаттардан, өндірістік авариялар мен катастрофалардан мемлекеттің, қоғамның, жеке адамның қауіпсіздік деңгейімен анықталады. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі субъектілері болып мемлекет және заңды тұлға табылады. Экологиялық қауіпсіздік концепциясына мемлекетпен мойындалған жайлы қоршаған ортаны сақтау мен қамтамасыз етуге керекті іс-әрекет бағыттары немсе сыртқы және ішкі саясат, құқықтық-экономикалық механизмдер жүргізілетін қағидалар мен приоритеттер жүйесі кіреді. Тұрақты даму, адамзаттың дамуы, стихиялық апаттарды және өндірістік авариялардың алдын-алу. Бұл концепция биологиялық әралуандылықты сақтау міндетті шарт болып табылатын, адам үшін оптималды жағымды деңгейдегі қоршаған ортаны қамтамасыз ету және сақтаудың механизмдерін, стратегиялық мақсаттарын, қызметтенрі мен қағидаларын анықтайды. Оның негізіне адамдар өміріне жайлы жағдайларды - өндірістің оптималды дамуы, табиғи ресурстарды рационалды пайдалануды қоршаған ортаны қорғау базасында құру стратегиясы кіреді.
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздік саясаты:
«табиғатпайдаланушы мен ластаушы төлейді» қағидасын енгізу, экологиялық себептерге байланысты адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін зардабы үшін ақы төлеу және әлеуметтік қорғаумен;
тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігіне қауіп тудыратын өндіріс және басқа да іс-әрекеттерге жол беру не бермеумен;
құртылған территориялар, экожүйелер және табиғи кешендерді мезгілінде анықтау және қалпына келтірумен;
адам мен ұйымдарды экологиялық қауіпсіздік саласында жүргізілетін іс-әрекеттер мен экологиялық қауіпсіздік туралы толығымен, дәлелді түрде әрі уақытылы хабардар етуімен сипатталады.
Экологиялық қауіпсіздік стратегиясының мақсаттары:
қоршаған ортаның жағдайларына арналған бірыңғай мониторинг жүйесін енгізу;
ҚР-ның арнайы картографиялы территориялары мен экологиялық аудандастыру және қоршаған орта сапасының жадайын бағалау;
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатпайдалануды басқаруды қамтамасыз ететін табиғатқорғау заңнамасының жүйесін құру;
Экологиялық бақылау және нормалау жүйесін жүргізу;
Табиғатпайдалануды жоспарлау, экологиялық бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты табиғат пайдаланудың схемаларын құру.
Осы концепциялардың негізгі стратегиялық бағыты – ресурстарды
сақтайтын экологиялық таза технологияларды ендіру, қазіргі уақытта бар өндірістік процесстерді жаңалау мен қайта қалпына келтіру жолымен республиканың тұрақты әлеуметтік-экономикалық және адамзаттық дамуын қамтамасыз ету.
Экологиялық жағдайлар адамның денсаулығы мен өмір ұзақтығын
анықтайтын факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, олар адамның денсаулығы мен оған байланысты шешімдер шешуіне әсер етеді, экономикалық даму мен әлеуметтік интеграцияның жетістіктерін анықтайды. Экологиялық ауытқулар: қоршаған ортаның қасиеттерінің бұзылуы мен нашарлауы, климаттық ауытқулар және экстремалды ауа-райы құбылыстары, сонымен қатар, олардаму мен денмаулық перспективаларын өзгертеді. Экологиялық жағдайлар белгілі бір деңгейде жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады: жылына барлық өлімнің 20-25%-ы осыған байланысты.
Жерді пайдаланудағы ақаулар аурутудырғыш организмдердің көбеюі үшін жаңа жерлер тудырады, мысалы, ирригация жұмыстары мен дамба құрылысы суда өмір сүретін организмдер тудыратын ауруды таратуы мүмкін. Адам денсаулығының деңгейін анықтайтын жағдайлардың өзгеруі даму перспективалары мен кедейлікті жеңуге тікелей әсер етеді, ал олар болса, адамды қоршаған орта мен әлеметтік ортасының бірталай факторларына байланысты.
Демографиялық өзгерулер мен денсаулық. Экологиялық өзгерістер қала жағдайын лезде сауықтыруы мүмкін. Мысалы, ХІХ ғасырда Еуропада су құбыры мен канализация бұрыннан болған холера қауіптілігін жойып тастаған. Қалалрға тән тар тұрмыс жағдайы, инфекция таралуына мүмкіндік береді. Табыс мөлшері аз адамдар, әсіресе зардап шегеді, себебі отьасның үлкендігі және тұрғын үйдің қымбаттылығы. Қаланың адам көп шоғырланған және кедей бөліктерінде балалар өлімі саны одан гөрі жағдайы жақсы аудандарға қарағанда төрт есе көп. Мұндай айырмашылық экологиялық жағдайлармен байланысты туберкулез немесе тиф ауруларының болуымен түсіндіріледі.
Орталықпен орнаған жақсы транспорттық қатынастар жыныстық жолмен тарайтын аурулардың таралуына себеп, мысалы СПИД(ВИЧ). Ашық территорияларға көшу, қала маңындағы жерлерді стихиялы түрде иемдену, сол сияқты жаңа ауылдық жерлерді иемдену денсаулық сақтау инфрақұрылыс жүйесі жоқ аудандарда өмір сүретін адамдардың санын көбейтті. Денсаулық қорғау саласы мен оған қол жетіспеушілік бұл аудандарда аналар арасындағы өлім мен жоспарсыз аяқ ауырлау мәселесін көбейтіп отыр.
Қоршаған ортаны ластау және денсаулыққа қауіп. Ауа ластануынан әлемде жыл сайын 2,7-3млн-ға жуық адам қайтыс болады, солардың 90%-ы дамушы елдерге тиесілі. Едәуір қауіпті ластағыштарға күкірт тотығы (құрамында күкірті көп мұнай мен көмір жануы кезінде пайда болатын газ), ауада ұшатын бөлшектер (тұрмыстық мақсатта, энергетикалық және өндірістік мекеме жұмыстарында және дизельді қозғалтқыштарды қолдануда ашық отты пайдалануда пайда болатын заттар), көміртек тотығы (автокөлік шығаратын газдарда), озон (Күн жарығының автокөлік шығаратын газдарымен туындаған смогқа әсер етуі нәтижесінде пайда болады) және атмосфералық ауада болатын қорғасын (этилді бензин мен көмір жаққанда пайда болады) жатады. Атмосфералық ауаның ластануы адам денсаулығына ғана кері әсерін көрсетпейді. Атмосферада химиялық заттардың еруі қышқыл жаңбырларға себеп болады. Бұл жағдай ғимараттар мен құрылыстардың үгілуіне, топырақ пен судың өнімділігіне әсер етеді. Топырақ пен судың химиялық құрамының өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де әсерін тигізеді. Атмосфераның ластануы сондай-ақ, тағам өндірісінің азаюына және ағаштардың керекті мөлшерінің нашарлауына әкеледі.
Органикалық табиғаты бар берік ластағыш заттардың әсері. Қоршаған ортаның автокөлік пен өндіріс шығарындыларымен ластануы, тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану, қалдықтарды көму адамдарды көптеген химиялық зататрдың осы уақытқа дейін болған өте көп концентрациясымен улануына әкеліп соғады. Осыдан 50-100жыл бұрын өмірде болмаған химикаттар қазір біздің айналамызды қоршап тұр.
Өзінің сауда пирамидасының жоғары нүктесінде тұрған адам (ауылшаруашылық заттарын, жануарлар, құстар мен балықтарды тағам ретінде пайдаланатын, әсіресе химикаттармен ласталған түрлерімен) ластағыш заттардың концентрлі түрінің әсеріне тап болады. Осы жаңа заттардың өндірішілері, яғни ірі дамыған елдер бұл мәселеге көп бас қатыра қоймайды.
Эндокринді бұзушылар – организмге түскен кезде гормондардың қалыпты бөліну процесіне араласып, кейде тіпті олардың мөлшерінің өзгеруіне әсер етіп немесе гормондардың әсерін қайталап не ісерін мүлде болдырмайтын химиялық синтетикалық заттектер. Бұндай араласулар интеллектуалдық қасиетті, репродуктивті функцияға кері әсер етуіне не қарсылықты әлсіретуіне әкеледі. Эндокринді бұзушылардың құрамында болатын химиялық зататр дамыған және дамушы елдер жиі пайдаланатын материалдарда бар леген тұжырым бар.
Фталаттар – пластикалық пакеттер, ішкі иньекцияға аранлаған жүйелер, сондай-ақ, сабын, шаш пен тырнаққа арнлаған лактарда, басқа да косметикалық өнімдер жасауға пайдаланатын поливинилхлорид құрамында болатын пластификаторлар.
ПХД (полихлорлы дифенил) – бұрын электроқондырғылар жасауда пайдаланылатын, қазір ласталған өзен хауыздарында, қоқыста және қалдық көму полигонында бар заттар.
Диоксиндер - өндіріс қалдықтарын жағу, мысалы қағаз өндірісі, нәтижесінде пайда болатын заттектер.
Биоәралуандылықты жоғалту және адам денсаулығы. Әсері күшті деген фармацевтикалық заттардың көбі өсімдіктер мен жануарлар организмінен алынған қосылыстардан жасалады. Жиірек, олар тропикалық климатты аудандарда шоғырланады, биоәралуандылығы өте бай және «биоәртүрлілік аумағындағы жоғарғы нүктелер» адамдар есебінен биоәртүрлілік көбейіп жатқан жерлерде. Ауылшаруашылық мәдениетінің генетикалық өзгеріс қасиеттерінің төмендеуі сауда өндірісін жаңа аурулар тудыратын организмдердің көбеюімен нашарлатады. Түрлердің алуандылығының жеткіліксіздігі олардың ауылшаруашылық зиянкестері мен климаттық өзгерістерге төтеп беру қасиетін жояды. Егер өнім қиын жағдайға душар болса, ол ашаршалақ бастамасы мен ауру таралуына әкеледі.
Экологтар жергілікті тұрғындарға бұрыннан белгілі болған жерді пайдалану саласындағы мәселені қайта ашты: алқапта өсірілген өсімдіктердің әралуандылығы олардың өнімі мен ауылшаруашылық зиянкестеріне төтеп беруін жоғарылатады. Гендік инженерия көмегімен жасалған топырақ, климат ерекшелігі жағдайына немесе ауылшаруашылық зиянкестерінің әсеріне байланысты қиындықтарға төтеп бере алатын мәдениеттердің өсуіне үлкен үміт артылып отыр. Адамдар табиғатқа жасап отырған ауыртпашылықтардың азаюы да мүмкін болып отырған келеңсіздік пен факторлардың әсерін жұмсартуы мүмкін еді.
Әдебиет: нег.: [163-164], қос.:[248-249], [6-12].
Бақылау сұрақтары:
Биосфераның шаруашылық сыйымдылығына анықтама беріңіз.
Экологиялық қауіпсіздіктің концепциялары қандай?
Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен қызметі қандай?
Экологиялық қауіпсіздікте мемлекеттің саясаты.
Адам денсаулығының жағдайы мен өмір сүру ұзақтығының көрсеткішін анықтайтын факторларды атаңыз.
Органикалық табиғаты бар берік ластағыш заттар әсері қандай?
Эндокринді бұзғыш деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |