1 бөлім Оқу құралы Қостанай, 2014


Мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы орны



жүктеу 1,02 Mb.
бет6/6
Дата01.01.2018
өлшемі1,02 Mb.
#6523
1   2   3   4   5   6

3.Мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы орны. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып табылады. Бұл салада тұрғындардың негізгі тағамдық азықтары жасалады, адам орта есеппен тағамға қолданылатын калорияның 30%-ға жуығын және белоктың 60%-ға жуығын мал шаруашылығы өнімі есебінен алады.

Мұнымен қатар мал шаруашылығы өнеркәсіптің ет-сүт, тағам, жеңіл және басқа салалары өндірісін шикізатпен қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығы егіншілікпен өзара тығыз байланыста болады. Егін шаруашылығы мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етеді: елдің ауыл шаруашылық алқабының үштен екісіне жуығы мал азығын алу үшін пайдаланылады. Өз кезегінде өсімдік шаруашылығының әртүрлі қалдықтарын пайдалана отырып, оны органикалық тыңайтқыштармен қамтамасыз ете отырып, мал шаруашылығы егін шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Мал шаруашылығы деген ұғым ауыл шаруашылығының бір топ салаларын: ірі қара мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын, шошқа шаруашылығын, бал арасы шаруашылығын, аң шаруашылығын және басқаларын қамтиды.

Бұл салалар адамға керекті өнім алу мақсатында мал мен құстың түр-түрін өсіру және жетілдіруге арналған. Олар сүт, ет, жұмыртқа, бал және басқа маңызды тағамдар алынатын көз болып табылады.

Мал шаруашылық өнімін ұйымдастыру кезінде шаруашылықта қабылданған мал шаруашылығы жүйесін ескеру керек.

Мал шаруашылығы жүйесі деп мал басын неғұрлым өнімді пайдалануға, еңбек пен қаржы шығындары төмен болған жағдайда бәсекеге қабілетті өнім өндіруді үлғайтуға бағытталған, ғылыми негізделген ұйымдастыру-экономикалық және зоотехникалық шаралар кешені түсініледі.

Мал шаруашылығы жүйесі егіншілік жүйесімен ажырамас байланыста болады, ол табиғи-экономикалық аймаққа және шаруашылықтың даму деңгейіне тәуелді.

Мал шаруашылығы жүйесі материалдық-техникалық, технологиялық және ұйымдастыру — экономикалық элементтерден тұрады.

Элементтердің бірінші тобына (материалдық-техникалық): мал ұстауға арналған қора-қопсы түрлері, бұларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыс үрдістерін орындайтын мәшинелер, фермалардың жабдықтары, өндірістік басқа құралдары жатады.

Жүйенің технологиялық элементтеріне мал басын ұдайы өсіру жүйесі, малдың тектілік, асыл тұқымдық сапасын, азықтандыру түрін, мал ұстау әдістерін, сондай-ақ мал ауруларымен күрес шараларын жақсарту жатады.

Жүйенің ұйымдастыру-экономикалық элементтеріне мал шаруашылығы құрылымы мен салалардың бағыты, жер алаңының бірлігіне есептегенде мал басының тығыздығы, табын құрылымы мен тектілік құрамы жатады.

Бұған сондай-ақ, фермалардың мамандандырылуы, мөлшері мен орналасуы, еңбектің, жоспарлау мен есептің ұйымдастырылуы жатады.

Жүйенің осы үш элементі өзара байланысты және өзара сабақтас.

Ғылыми мекемелердің деректері бойынша, мал шаруашылығы өнімін өндіру деңгейі 59%-азықтандыруға, 24%-өсіру жағдайына жөне 17% басқа технологиялық факторларға тәуелді.

Мал шаруашылығы жүйесінің жекелеген элементтерінің маңызы әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтар үшін және жан-жануардың түр-түрі үшін бірдей емес.

Азықты пайдалану әдістері және мал ұстау тәсілдері бойынша мынадай мал шаруашылығы жүйелерін бөлуге болады:



1. Жайылымдық ~ ұдайы көшпелі, отарлық-жайылымдық, тұрақты-жайылымдық, екпе-жайылымдық жүйе;

2. Қоршаулы-жайылымдық жүйе малға көбінесе табиғи азық беріледі; орташа өнімділік құрамы жем-азыққа негізделеді; мол өнімділік негізінен егістік немесе жоғары өнімді табиғи азықпен қоректендіру арқылы болмақ.

З. Коршаулы бағу мады жыл он екі ай қора - қоршауда ұстап күту, қоршаулы - лагерлік жүйе.

Мал шаруашылығының жайылымдық жүйесі Қазақстанның оңтүстік, орталық, батыс облыстарындағы аудандарда кең тараған. Оның сипаты сол, мал жыл он екі ай маусымдык, жайылымдарда болады. Жайылымдағы мал өнімділігі шамалы, сондықтан мал басы тығыздығы мен алаң бірлігіне есептегенде алынатын өнім онша үлкен емес. Бұл жүйе бойынша көбінесе қылшық жүнді, қаракөл мен ет-сүт бағытындағы қой шаруашылығы, табындағы жылқы шаруашылығы және түйе шаруашылығы дамытылады.

Бұл жүйенің бір түрі отарлық жайылым болып табылады, жайылымдар көктемгі-жазғы уақыттарында, олардың ең көп өнімділік көрсеткіш кезінде пайдаланылады, ал басқа уақытта жан-жануар азық қорымен, мал жаппай паналармен қамтамасыз етіледі, малшылар үшін кажетті тұрмыстық жағдайлар көздестіріледі.



Екпе-жайылымдык, жүйе табиғи немесе шөп және басқа дақылдар егу арқылы жақсартылған азық алқаптарында малды жыл он екі ай жайылымда ұстауды ең жауапты кезеңдерде өндірістік үрдістерге (бағып-күтуге, азықтандыруға, өсіруге) адамның белсене араласуымен үйлестіреді. Қыста мал шөппен, сүрлеммен, құнарлы азықпен қосымша қоректендіріледі. Жас төлдер жаппа-паналарда ұсталынады және т.б.

Қосымша шығындар салыстырмалы түрде аз жұмсалған жағдайда бұл шаралар мал өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.



Коршаулы жайылымдық немесе жайылымдық - қоршаулы жүйе. Мал шаруашылығының бұл жүйесі Қазақстанның оңтүстік аудандарында таралған. Мал қысқы кезенде - негізгі жұмыстар механикаландырылған, арнайы жабдықталған орындарда, ал жазғы уақытта - қажетті қосымша жемі бар жайылымдарда ұсталады.

Бүл жүйе азық алаңының 100 гектарына есептегенде мал басының жоғары тығыздығымен, азықтандыру мен ұстау жағдайларының жақсартылуын жылдам сезінетін жоғары өнімді мал тұқымын пайдаланумен, азық алаңының гектарынан алынатын мал шаруашылық өнімін өңдірудің жоғары деңгейімен және өнімнің жыл бойына біркелкі алынуымен сипатталады.

Қоршаулы-жайылымдық жүйенің жоғары өнімді түрі мал шаруашылығында кеңінен қодданылады.

Қоршаулы жүйе. Бұл — мал шаруашылығының ең өнімді жүйесі. Бұл жүйе кезінде азықтандыруды қатаң нормалау, жан-жануарды іргелі қысқы қоралар мен жазғы лагерлерде ұстау, ұрықтаңдыру мен төлдету мерзімдерін рттеу, жыл бойы жоғары және біркелкі өнім алу жүргізіледі

Осы жүйе бойынша жан-жануар жылдың көп мерзімінде қораларда болады, тек әлсіздену мен ауруға ұшырауды болдырмау үшін сыртқа сейілге шығарылады, жыл он екі ай қоршауда ұстау кезінде қоршаулы-лагерлік деп аталатын жүйе қолданылады, яғни жан-жануар жүйе жайылымдары маңында құрылған лагерлерде жаздай ұсталды.

Жыл бойы қоршаулы жүйе негізінен өнімі мол етті-сүтті мал шаруашылығында, шошқа өсіу шаруашылығында, бөлектеулі өсірілетін құс шаруашылығына, ал бордақылау кезінде қолданылады; ал қоршаулы-лагерлк жүйе сүтті мал шаруашылығында, әсіресе шұрайлы жерлері көп жыртылған аудандарда және қала төңірегіндегі аймақтарда қолданылады.

Бұл жүйе мал шаруашылық кешендері мен өнеркәсіптік тұрпаттағы фермаларға тән. Бұл жүйені фермерлік шаруашылықтарда сүт өңдіруді ұйымдастыру және мал бордақылау кезінде қолдану әбден жөн болады.


5. Республикада мал шаруашылығының жағдайы және даму ерекшеліктері. Мал шаруашылығын дамытуда мамандандырылуды тереңдету және өндірісті шоғырландырудың өсуі үлкен рөл атқарады. Бұлар өндірісті өнеркәсіптік негізге жан-жақты көшіруді қамтамасыз етеді. Индустриалдық технология кезінде еңбек нәтижесі технологияның өз шамасымен анықталады.

Мал шаруашылығын дамытуда шаруашылықаралық кәсіпорындар құрудың маңызы зор. Мұндай кәсіпорындар негізіне мал басының оңтайлы шоғырландырылу кезінде тар көлемде, сала ішінде мамандандырылу ұстанымы алынған.

Мал шаруашылығындағы шарушылықаралық кооперациялаудың кең таралған түрі іс-әрекеттері технологиялық ұстанымға негізделген өндірістік бірлестіктер болып табылады.

Кәдімгі мал шаруашылығында (ірі қара өсіруде), мысалы, бір шаруашылықтар - сүт өндіруге, басқалары — төлдеп көбейетін мал басын өсіруге, үшіншілері — мал бордақылауға, төртіншілері — азық өндіруге және тағы басқаша мамандандырылады.

Бұл шаруашықтардың жұмысы біріңғай технологиялық үлгі бойынша жүреді. Олар дербес нeмece кooпepaтив (ассоциа­ция және тағы басқалардың) құрамында бола алады. Шаруашылықаралық немее көлбеу интеграция ауыл шаруашылығы мен өндіуші өнеркәсіп, яғни аграрлық-өнеркәсіп кәсіпорындары байланыстарын тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Шаруашылық аралық және аграрлық-өнеркәсіп бірлестіктерінің тиімді жұмыс істеуінің міндетті шарты - бірлестіктерге кіретін шаруашылықтардың, зауыттар мен цехтардың іс-әркетін дәл үйлестіру болып табылады.

Ұдайы табын толықтырудың сипаты мен қарқыны биологиялық және ұйымдастыру-экономикалық факторларға байланысты болады. Биологиялық факторларға: малдың өсімталдығы, жыныстық және шаруашылық кемел жасы, буаздық ұзақтығы, төлдеу маусымдылығы жатады. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар аналық мал басын шаруашылыққа пайдалану ұзақтығьн, бір жылғы төл санын, ұрықтандыру мен төлдеудің күнтізбелік мерзімдерін, іске жарайтын төлдің жасын қамтиды.

Табын жөндеу табындағы малдың табиғи кемуін қайтадан толтыру мен кеңейтілген ұдайы толықтыру шараларының жүйесі. Табын жөндеуге тұқым-тегінің өнімді қасиеттері және сыртқы мүсіні бойынша ең жақсы төл таңдап алынады да, олар оңтайлы мерзімде негізгі табынға қосылады.

Ұдайы табын толықтыруға жарамсыз төл табыны жөндеуден тыс саналып бордақылаудан соң союға жіберіледі.



Табын құрылымы, табын айналымы. Кез келген шаруашылық табынында малдардың әртүрлі жастағы және жыныстық топтары болады. Мысалы, ірі қара мал табынында — бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, тайыншалар, торпақтар және тағы сондайлар. Шошқа өсіру шаруашылығында — еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, бір жылғы шошқалар, екі айға дейінгі торайлар мен 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар, бордақы шошқалар.

Табындағы малдың жас және жыныстық топтары ара қатынасы — жалпы мал басына қатысты түрінде есептелген мөлшері — табын құрылымы деп аталады. Ол кеңейтілген ұдайы толықтыру міндеттеріне сай болуға, яғни табын жөндеуге лайық төлді неғұрлым көбірек алу мен өсіруге және сапалы өнім өндіруді ұлғайтуға жағдай жасауы тиіс.

Табын құрылымы саланың бағытына тәуелді. Табын құрылымына ықпал ететін факторларға іске жарамды, жөндеуден тыс төл жасын, шаруашылықтың жоспары бойынша табынның жылдық өсімінің белгіленген пайызын жан-жануардың өңдірістік жарамдылығының мерзімі мен соған байланысты оларды істен шығару пайызын; төлдеу жиілігін; төлдің алынуын; төлдеу мерзімдерін жыл бойына бөлуді; алғашкы шағылыстыру сәтіндегі жан-жануар жасын жатқызуға болады.

Мал шаруашылығында табынның анық нақты және ұйымдастыру құрылымын ажыратады. Табынның анық нақты құрылымы деп малдың жас және жыныстық топтарының нақтылы күнтізбелік мерзімге қалыптасқан қатынасын айтады.



Табынның ұйымдастыру құрылымы — болашағы мол оңтайлы құрылым. Бұл құрылымды құрастыру кезінде мал шаруашылығының бағыты, малдың тұқым-тегі, тез жетілуі, өнімділігі, жан-жануардың жарамдылық мерзімі, ұдайы толықтыру жоспары, азықтандыру тұрпаты және тағы сондайлар ескеріледі. Табынның ұйымдастыру құрылымы:

- әрбір мал басына шаққанда жыл сайын барынша мол өнім

алынуын;

- мал шаруашылығы өнімін керекті күнтізбелік мерзімде алу жөніндегі бизнес-жоспарды шаруашылықтың жүйелі түрдеорындауын;

-мал басын ұдайы кеңейтілген түрде толықтыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Дұрыс жинақталған табындағы нақты құрылым ұйымдастыру құрылымына дәл келеді. Саланың әртүрлі өндірістік бағыттарына және басқа жағдайларға сәйкес табын кұрылымының бірнеше ұтымды тұрпаттары белгілі.

Әртүрлі мал табынында үнемі өзгерістер болады: мал төлдейді, асыл тұқымды мал және кәдімгі мал сатып алынады, малды етке сату жүргізіледі, жетілген төл үлкен мал топтарына қосылады.

Малдың әртүрлі жастағы және жыныстық топтарындағы мал басының жыл бойына немесе басқа бір уақыт мөлшеріндегі (жартыжылдық, тоқсан, ай сайынғы) қозғалысы табын айналымы деп аталады. Табын айналымын құрастыру кезінде мал мен құсты мынандай топтарға бөледі:

- мал шаруашылығында — бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, екі жылдан асқан тайыншалар, бір жылдан асқан тайыншалар, торпақтар, өгізшелер және әр жастағы кестірілген мал, бордақтағы ересек мал, өгіздер;

- шошқа өсіру шаруашылығында — тұқыдық еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, тексерістегі ұрғашы шошқалар, 2 айға дейінгі торайлар, жас шошқалар, бордақтағы шошқалар;

- қой шаруашылығында - қошқарлар, ересек ісектер мен еркек тоқтылар, саулықтар, ұрғашы тоқтылар, бір жасқа дейінгі тоқтылар мен ісектер, биылғы жылғы қозылар, бордақыдағы ересек қойлар;

- кұс шаруашылығында: тауықтар, оның ішінде - жұмыртқалайтын тауықтар, тәуліктік балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 150 тәулікке дейінгі тауықтар, етті және етті-жұмыртқа бағытындағы сондай-ақ 151 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі тауықтар; үйректер бойынша — ересек үйректер, тәуліктік балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі үйректер.


Бақылау сұрақтары:

1 Фермердің қысқа мерзімдік мәселелері.

2 Фермердің ұзақ мерзімдік мәселелері.

3 Аграрлы өндірісті мемлекеттік реттеу.

4 Бидай өндірісінде өнімнің еңбек сыйымдылығын және еңбек өнімділігін

сағаттық анықтау әдісі деген не?

5 Сүт шаруашылығында өнімнің еңбек сыйымдылығын және еңбек

өнімділігін сағаттық анықтау әдісі деген не?


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР TIЗIMІ
1. Конституция РК г.Алматы, изд. «Дәуір», 1995

2.Государственная агропродовольственная программа Республики Казахстан на 2003-2005 годы. // Правительственный бюллетень, №3 (3), сентябрь-октябрь, Астана-2002, 495с.

3.Закон РК «О крестьянском (фермерском) хозяйстве». Алматы, «Фермер», 1998.

4.Гражданский кодекс. Алматы «Қайнар», 1994.

5.Закон «О труде». Алматы, «Казахстанская правда» от 24 декабря 1999.

6.Бельгибаев К.М. Экономика аграрного сектора (учебное пособие). «Ұлағат», 2001.

7.Макконел К.Л. Экономикс, перевод с англ. Таллин: Реферто, 1995.

8.Ертазин Х.Е. Становление и развитие агробизнеса в Казахстане, Алматы: Білім, с 192, 1999.

9.Попов Н.А. организация сельскохозяйственного производства, Учебник Мосвка, 1999.

10.Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики, Учебное пособие, Москва, 1999.

11.Абдильдин С.А. и др. Организация агробизнеса. Алматы, КазНАУ, 2001.

12.Абдильдин С.А. Индикативное планирование социально-экономического развития (методические рекомендации). Алматы, 1997.

13.Власова В.М. Основы предпринимательской деятельности. М., 1994.

Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы, 1997.

14.Фермерское дело. Под редакцией Сагадиева К.А. Алматы, Казсагру, 2000.

15.Норматив прямых производственных затрат на гектар посева, одно животное, единицу продукции. КазНИИИЭО АПК, Алматы, 2001.

16.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. Алматы, 2010.

17.Глухов В.В. Менеджмент. Учебник, СПб, 2010

18.Мескон М., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. М, 2012.

19.Котлер Ф. Основы маркетинга. Пер. с англ. М.:Прогресс, 2000

19.Нысанбаев С.Н. Маркетинг негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2012

20.Ілиясов Д.К.Маркетинг теориясы мен практикасы. Алматы, 2012 ж.






жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау