1 бөлім Оқу құралы Қостанай, 2014



жүктеу 1,02 Mb.
бет4/6
Дата01.01.2018
өлшемі1,02 Mb.
#6523
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Интесификация деген не?

2. Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресске түсініктеме

беріңіз.


3. Интенсивті және экстенсивті даму факторларын атаңыздар.
6 тақырып. Аграрлық өндірістегі тауарлық және жалпы өнім, оны өткізудің формалары. АӨК орналастыру, мамандандыру, концентрацияландыру, кооперация және интеграция.
Мақсаты: Өндірісті орналастыру, ауыл шаруашылығын мамандандыру, аграрлық өндірісті шоғырландыру түсінігін, ұстанымдарын және экономикалық тиімділігін игеру.
Жоспары:

1.Жалпы және тауарлық өнімдер түсінігі.

2.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсінігі және өткізу шарттары.

3.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің тораптары мен жолдары.

4.Ауыл шаруашылығы өндірісінің орналасуы мен кооперациясының мәні.

5.Агроөнеркәсіптегі өндірісті орналастыру факторлары мен қағидалары.

6.Агробизнестегі өндірісті мамандандыру оның түрлері.
1.Жалпы және тауарлық өнімдер түсінігі. Жалпы өнім дегеніміз – барлық өндірістік ресурстарды қоса алғандағы шығарылған өнімдердің құны. Ол, ауыл шаруашылығы өнімінің белгілі бір кезеңдегі өндірілген жалпы санын көрсетеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, кәсіпорынның өндірістік қызметінің анықтаушы нәтижесі болып, табылады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрамына мыналар кіреді:

- кәсіпорынның негізгі өнімі: астық, картоп, көкөніс, сүт, ет, жүн;

- мал және құс төлдері және оның тірі салмағының артуы;

- көп жылдық көшеттердің, аяқталмаған құрылыстардың құны;

- негізгі өніммен бір мезгілде алынатын қосалқы өнім.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін табиғи және құндық түрде есепке алады.

Жалпы өнім табиғи өлшемде центнер, тонна, дана және басқада түрлерде

есептеледі. Ауыл шаруашылығы өнімдері өздерінің арналымына қарай екі бөлікке бөлінеді:

- ауыл шаруашылығында өндірістік қажеттілікке тікелей тұтынылатын өнімдер;

- өткізу үшін пайдаланылатын өнімдер.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің жиынтық белгісі құндық көрсеткіштерде көрінеді. Ауыл-шаруашылығы жалпы өнімдерін құндық өлшемде есептеу,келесі көрсеткіштерді анықтау үшін қажет:

- елдің жиынтық жалпы өніміндегі ауыл шаруашылығының құрлымдық үлесін анықтауда;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымының динамикасы мен деңгейін анықтау;

- өнім өндірісіндегі жекелеген шаруашылықты жүргізу түрлерінің рөлі және маңызын;

- өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.

Тауарлық өнім барлық тораптар бойынша өткізілген ауыл шаруашылығы

өнімдерінің сатылған көлемін көрсетеді. Тауарлық өнімдер табиғи және құндық

түрінде болады. Табиғи түрде кәсіпорындар өндірілген өнімнің жеке түрлерін өткізеді: астық, картоп, көкөніс, сүт, ет.Кәсіпорынның өткізілген өнімінің жиынтық көлемі құндық түрде анықталады.

Ауыл шаруашылығының және жеке өнім түрлерінің тауарлығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге: кәсіпорынның тауарлық өнімінің жалпы мөлшері, 100 гектар пайдаланылатын жерге немесе мал басына есептегендегі тауарлық өнімнің саны жатады.Тауарлық деңгейі тауарлық өнім мөлшерінің жалпы өнімге пайыздық қатынасы арқылы анықтайды:
Дт=(Өтж)*100%,
бұл жердегі Өт – тауарлық өнімнің мөлшері, теңге немесе центнерге

шаққанда;

Өж–жалпы өнімнің көлемі, теңге немесе центнерге шаққанда.

Жеке өнім түрлерінің (астық, картоп, сүт және т.б) тауарлық деңгейін анықтау үшін жалпы және тауарлық өнімдер мөлшерінің табиғи өлшемі (кг, т және сол сияқты) қолданылады. Барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тауарлық деңгейін анықтауда жалпы және тауарлы өнімдердің құндық көрсеткіштері қолданылады. Осыған байланысты, жалпы және тауарлық өнімдердің бірыңғай бағада есептелгені өте маңызды болады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің басты өсу бағыты химияландыру, мелиорациялау және кешенді механизациялау негізінде, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларын жүйелі интенсивтендіру болып табылады.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өндірісінің тауарлық деңгейін арттырудың негізгі жолдары мыналар:

- өндіріс қажеттілігіне өнімнің ішкі шаруашылық шығындарын қысқарту;

- тұқым және азық сапасын жақсарту, оларды үнемдеп жұмсау;

- өндіріс, сақтау, тасымалдау және өткізу үрдісіндені өнім шығындарын қысқарту.



2.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсінігі және өткізу шарттары. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату оны өндірушіден тұтынушыға қозғалысы жолындағы өткізу үрдісіндегі экономикалық белсенділікті көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу келесі шарттарға байланысты болады: ауыл шаруашылығы шикізаттарының және дайын азықтық өнімдердің табиғи қасиеттеріне; тұтынушы шығындарының артықтығы және мақсаттылығы; -ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және тұтынушыларды аумақтарға қарай бөлу; сауда және өңдеу секторларындағы өндіріс технологиялары және шығындары. Аграрлық өнімдердің жекелеген түрлерінің сауда кезеңдері арқылы өтуі, олардың өндіріс орындарының аумақтық бөлінісіне және өнімдердің әртараптануына байланысты болады. Көтерме азық-түлік нарықтарының жүйесі келесі міндеттерді орындауы тиіс:

- халықты жоғары сапалы азық түлік өнімдерімен үздіксіз және тәулік бойы қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін және олардың өнімін тұтынушыларды бәсекеге қабілетті нарыққа тұрақты шығуын қамтамасыз ету;

- ірі қалаларға және өнеркәсіптік орталықтарға азық түлік өнімдерінің тиімді таралуын арттыру;

- тауардың соңғы тұтынушыға қозғалыс үрдісін жылдамдатуға жағдай жасау;

- сатып алушылар және сатушылар арасындағы өзара есептесуді және төлемдерді оңайлату.

Осы жағдайлардың барлығын бәсекеге қабілетті ауыл шаурашылығы өнімдерінің нарығын құруда есепке алу қажет.

Нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығында өнімді өткізу үшін бірқатар салықтар пайда болды және олардың қызмет етуі үшін қажетті жағдайлар жасалды.



3.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің тораптары мен жолдары. Өнімді өткізу тораптары дегеніміз қандайда тауар түрінің меншік құқығын өзіне немесе өзге тұлғаға беру үшін делдалдар немесе қатысушылар түрінде болатын ұйымдар мен тұлғалардың жиынтығын білдіреді. Бұл, өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізу мақсатындағы экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және басқа да үрдістер жүйесінің өзара әрекеті.

Өткізу тораптары тура және жанама болып бөлінеді. Тура тораптар, тәуелсіз делдалдарсыз,тауардың өндірушіден тікелей тұтынушыға ауысуындағы тауар қозғалысын білдіреді.

Жанама тораптар өнімді тауар өндірушілерден сатып алып, тұтынушыға жеткізетін, тәуелсіз делдалдарды пайдалану арқылы өткізеді. Делдал ретінде мемлекеттік ұйымдар, тұтынушылар кооперациясы, сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындар болуы мүмкін.

Нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің негізгі тораптары мыналар жатады: мемлекетке сату және кәсіпорынның қалауына қарай еркін өткізу.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің тораптары мен жолдарын таңдау,өткізу саласында трансакциондық шығындар атауын алған, бірқатар шығындарға байланысты. Трансакциондық шығындар серіктестіктерді таңдау, келісім-шарттар жасау, сонымен қатар меншік құқығын алуға қатысты шығындарды көрсетеді.

Трансакциондық шығындарды төмендетуге айырықша әсер ететіндер:

- ақпараттық нарықтар жүйесінің болуы;

- тауарөндірушілерді заң актілерімен,басқа да құқықтық және нормативтік құжаттарымен қамтамасыз етілуі;

- экономикалық кеңістіктегі өнімнің ауысу мүмкіндігі;

- өнімді өткізу жолдарын таңдау.


4.Ауыл шаруашылығы өндірісінің орналасуы мен кооперациясының мәні. Ауыл шаруашылығында белгілі бір өнім өндіруде, өндіріс тиімділігі мен рентабельділігін көтеру, өнімнің өзіндік құқын түсіру және қоғамдық еңбекті үнемдеу мақсатында түрлі территориядағы табиғи және экономикалық жағдайлардың артықшылығын пайдаланудың ғылыми-техникалық және әдістемелік негізі болып территориялық еңбек бөлінісі саналады.

Ауыл шаруашылығының орналасуы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісінің нақты аймақтық формасы (түрі). Сонымен ауыл шаруашылығының орналасуы деп – түрлі ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің және салалардың экономикалық аудандарға, табиғи – шаруашылық зоналарға, ауыл шаруашылық мекемелерге, ал шаруашылық ішінде бөлімшелерге, бригадаларға территориялар бойынша бөлінуін айтады.

Мысалы: өнеркәсіппен сауданың жер өңдеу ісінен бөлінуі қаланың ауылдан бөлінуіне алып келді. Бұл бірінші ірі еңбек бөлінісі. Ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығының жер өңдеу ісінен бөлінуі – екінші ірі еңбек бөлінісі болып табылады.

Кооперациялану деп – мекемелердің өзіндік дербестігінің сақтай отырып, белгілі бір өнім түрін бірлесіп өндіру үшін бірігуін айтады.

Шаруашылықтардың кооперациясы мен шаруашылық аралық кооперация-интеграцияның маңызды түрі болып саналады.


  1. Ауыл шаруашылық мекемелері арасындағы кооперациясы, яғни шаруашылық аралық кооперациясы деп аталады.

  2. Бүкіл ауыл шаруашылығының байланыстары агроөнеркәсіп кешенінің басқа сфераларымен (ауыл шаруашылығына өндірістік-техникалық қызмет көрсету, оны тұтынушыға дейін жеткізу сияқты) дамиды. Мұндай кооперациялану – агроөнеркәсіптік интеграция деп аталады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың негізгі мақсаты – әр бір өнім бірлігіне ең аз шығын жұмсай отырып, өнім өндірісін ұлғайту үшін республикасын барлық шаруашылықтарын олардың материалдық өндіріс сферасына тарту.

Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыруда мынадай факторлар әсер етеді:



  1. Жалпы факторлар:

  1. Барлық шаруашылықтардың мәдени жағынан көтерілуін қамтамасыз ету.

  2. Экономикалық аудандардың қоғамдық, еңбек бөлінісі базасының кешенді дамуын қамтамасыз ету.

  3. Тиімсіз тасымалдауды жою үшін өнеркәсіптің шикізат көзіне, ауыл шаруашылығының тұтынушыларға жақындалуы.

  4. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласын жақын және алыс шетелдермен экономикалық, байланысын дамыта түсу.

Өзіндік ерекшелік факторлары.

  1. Ерекше өндіріс құралының (жердің) болуы.

  2. Тірі организмдерге (өсімдіктер, мал) байланыстығы.

  3. Табиғи-климаттық жағдайлар.

Мысалы: елімізде алты түрлі табиғи-шаруашылық зоналары бар:

  • Дала;

  • Шөл;

  • Шөлейт және т.б.

5.Агроөнеркәсіптегі өндірісті орналастыру факторлары мен қағидалары. Экономикалық факторлар. Оларға: ауыл шаруашылығын орналастыруға әсер ететін өнеркәсіптің дамуы, халықтың тығыздығы және өмір сүру деңгейі мен тұтыну құрылымы, аграрлық өндірістегі техника мен технологияның өзгеруі, электр энергиясының, машина жасау т.б. өндірістердің даму барысы, ауыл шаруашылығын механикаландыру мен милиорациялау деңгейі, өнімге деген ішкі және сыртқы сұраныстың өзгеруі, мал шаруашылығы мен оны өңдеу мәдениеттілігінің жалпы жағдайлары жатады. Ауыл шаруашылық өндірісті орналастыру қағидалары деп – өндіргіш күштердің орналастыру әдістерінің бастапқы жағдайын түсіну қажет. Өндіргіш күштердің орналастырудың негізгі қағидалары:

  1. Республиканың халық шарушылығының кешенді дамытуы;

  2. Әртүрлі табиғи – экономикалық жағдайындағы шаруашылықтардың экономикалық даму деңгейінің теңестірілуі;

  3. Халық шаруашылық салалары (оның ішінде қайта өңдеу мен өнімдерді сақтау) тиісті ауыл шаруашылық шикізат көздеріне жақындатуы;

  4. Қоғамдық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын оңтайлы пайдалану;

  5. Қоғамдық, еңбекті барынша үнемдеу қағидасы;

6.Агробизнестегі өндірісті мамандандыру оның түрлері. Ауыл шаруашылық өндірісінің мамандандырылу негізі (ауыл шаруашылық өндірісті орналасуы сияқты) қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің мамандандырылуы – бұл жекелеген аудандарда, шаруашылықтарда, бір немесе бірнеше таңдаулы өнімдерді өндіруге барлық мүмкіндіктердің бағыттауы сонымен қатар мекемелердің өндірістік құрылымын сипаттайды. Мамандандырылуы келесідей бөлінеді:

  1. Зоналық немесе аудандық мамандандырылу;

  2. Шаруашылық және шаруашылық аралық;

  3. Ішкі шаруашылық және сала ішілік зоналық мамандандырылу.


Бақылау сұрақтары:

1.Жалпы өнім туралы түсінік.

2.Жалпы өнімнің құрамы.

3.Жалпы өнім қандай түрде есептеледі?

4.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі қалай бөлінеді?

5.Жалпы өнім құндық теңдеуде не үшін есептелінеді?

6.Тауарлық өнім түсінігі.

7.Ауыл шаруашылығы және жеке өнім түрлерінің тауарлығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер.

8.Тауарлылық деңгейі дегеніміз не, оның мөлшеріне қандай факторлар әсер етеді?

9.Жалпы және тауарлық өнімдерді ұлғайтудың негізгі жолдары.

10.Өнімді өткізуге әсер ететін факторлар.

11.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетін негізгі тораптар.

12.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жолдары.

13. Қандай шығындар трансакциондық деп аталады?

14.Трансакциондық шығындарды төмендету факторлары.
7 тақырып. Өндіріс шығындары және бағаны белгілеу және баға жүйесі.
Мақсаты: Нарықтық қатынастар жағдайындағы өндіріс шығындарының қалыптасуын қарастыру
Жоспары:

1.Ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығындары, шығындар құрамы және жіктелуі.

2. Өндіріс шығындарын есептеу методикасы.

3.Өнімнің өзіндік құнын төмендету факторлары.

4.Бағаның түсінігі, мәні және функциялары.

5. Ауылшаруашылығындағы бағалар жүйесі және оның түрлері.



1. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығындары, шығындар құрамы және жіктелуі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде тірі және өткен (затқа айналдырылған) еңбек жұмсалады. Өнімді жасауда өндіріс құрал жабдықтарында затқа айналдырылған тірі және өткен еңбектердің жиынтығы өндіріс шығындарын құрайды.

Шығындар қоғамдық және жеке шығындар, немесе нақты кәсіпорын шығындары болып бөлінеді.



Өндірістің қоғамдық шығындары бұл берілген өнім өндірісі үшін қоғаммен жұмсалған затқа айналдырылған және тірі еңбектің сомасын көрсетеді. Олар кез келген өндіріс тәсілінде өнімді жасау үшін қажет және жұмыс уақытымен өлшенеді. Тауарлық өндіріс жағдайында қоғамдық шығындар өнім өзіндік құны сапасында болады. Құнды (Сn) мына формуламен көрсетуге болады:

n­=c +v+m,


бұл жердегі:

c – өнім жасауда өндіріске жұмсалған өткен және тірі еңбектердің құны;

v+m – тірі еңбекпен қайта жасалған құн, соның ішінде v – жұмыс күшінің ұдайы өндірісі үшін қажетті еңбек, m – қосымша еңбекпен жасалған.

Тірі және затқа айналған еңбектің қатынасында, соңғысының үлесі ғылыми - техникалық прогресстің жетістіктерін енгізу арқасында келе-келе ұлғайып отыр.

Нарық жағдайында шығындарды жіберілген мүмкіндіктер қағидасы бойынша да анықтайды. Жіберілген мүмкіндіктер шығындары дегеніміз -шаруашылық операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін таңдауда және мүмкін болатын екінші тәсілден бас тартқанда қалыптасатын шығындар мен табысты жоғалтуды айтамыз. Жіберілген мүмкіндіктер шығындары таңдалатын блғандықтан, оларды сонымен бірге балама – аталады.

Өндіріс үшін таңдап алынған кез-келген ресурстың құны оның жақсы нұсқада пайдалану құндылығына тең болады. Бұл, нарықты экономиканың ең маңызды қағидаларының бірі болып табылады.

Жіберілген мүмкіндіктер шығындары әдісі бойынша есептелетін шығындарды, көп жағдайда экономикалық деп атайды. Оларға пайдаланылатын ресурстардың барлық төлемдері кіреді және ол екі түрден тұрады: айқын сыртқы және айқын емес ішкі түрлері болады.

Сыртқы (айқын) шығындар өндірісте пайдаланатын факторларға төленетін кәсіпорын шығындарын көрсетеді. Бұл еңбекақы, негізгі және айналым қорлары, сонымен қатар, өндіріс пен өткізудегі ұйымдастырушылардың кәсіпкерлік қабілеттеріне төленетін ақыдан тұрады. Айқын шығындар тобы бухгалтерлік шығындар-өнімнің өзіндік құнын құрайды.Өндірістік факторлардың орнын толтыруға байланысты, өндірілетін өнім көлеміне байланысты емес шығындар тұрақты деп аталады.

Бұл негізгі құралдар амортизациясы, өндірісті ұйымдастыру және басқару,жалға беру төлемі, сақтандыру төлемдері және басқада шығындардан тұрады.

Ауыспалы шығындарға, өнім өндірісінің көлеміне қарай өзгеріп отыратын шығындар жатады. Оған, еңбекақы, пайдаланатын шикізаттар мен материалдар төлемдері, жем-азықтар, тыңайтқыштар, өсімдіктер мен жануарларды қорғау құралдары, отын, электроэнергия жатады.

Тұрақты шығындар негізіне, негізгі қорды пайдаланумен байланысты құрайды, ал ауыспалы шығындар негізін айналым қорларын пайдаланумен байланысты шығындар құрайды.

Тұрақты және ауыспалы шығындардың қосындысы кәсіпорынның жалпы шығындарын құрайды.Орташа шығындар дегеніміз өндірілетін өнім бірлігіне келетін шығындарды атаймыз. Сонымен қатар, орташа шығындар да анықталады. Орташа шығындар жалпы шығындарды өндірілген өнім көлеміне бөлу арқылы есептеледі.

Шығындар құрамы және жіктелуі

Өнімнің өзіндік құнына кіретін өндірістік шығындар әртүрлі белгілеріне қарай жіктеледі

1-кесте

­Өнім өндірісіндегі шығындардың жіктелуі


Жіктеу белгілері

Шығындар құрамы

Экономикалық мазмұны бойынша

Еңбек заттарының шығындары.

Еңбек құрал-жабдықтарының шығындары (амортизация).



Өндіріс үрдісіндегі рөліне байланысты

Негізгілері.

Үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру және басқару шығындары).



Өзіндік құнға ендіру тәсіліне қарай

Тікелей.

Жанама (бөлінетін).



Құрамы бойынша

Қарапайым (бір элементті).

Кешенді .



Өндіріс көлемінің қатынасы бойынша

Тұрақты – шартты.

Ауыспалы – шартты.



Өндіріске қатысу уақытына қарай

Өткен жылдар шығындары

Ағымды жылдағы шығындар.




Негізгі шығындар – өнім өндірісіндегі үрдістергі тікелей байланысты келесі шығындардан тұрады: азық, негізгі құралдарды ұстап тұру үшін жұмсалатын шығындар, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы және басқа да шығындар, бұларға жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар қосылмайды.

Үстеме шығындар – ұйымдастырумен, өндіріске қызмет көрсетумен және оны басқарумен байланысты қалыптасады. Олар жалпы өндірістік және жалпы шаруашылықтан тұрады.

Тікелей шығындар нақты өнім түрінің өндірісінде жүзеге асырылады: олардың түрлеріне сәйкес жатқызады.

Жанама шығындарға бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты шығындар жатады (қосалқы өндірістер, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындары).

Қарапайым (бір элементті) шығындар – бұл біртекті элементтерден тұратын шығындар (азық пен тұқым құны, еңбекақы).

Кешендік шығындар бірнеше қарапайым шығындардан тұрады.

Шартты-тұрақты шығындар, бұл өндіріс көлеміне байланысты өзгермейтін немесе азғантай өзгеретін шығындар.Оған үй және ғимараттың амортизациясы, өндірісті және кәсіпорынды толық басқару шығындары жалға төлеу және т. б. жатады.

Ауыспалы-шартты шығындар, өндіріс көлемінің өзгерісіне тура пропорционалды түрде өзгеріп отырады (тұқым, отын, еңбек ақыы).

2. Өндіріс шығындарын есептеу методикасы. Өзіндік құн дегеніміз - өнім өндірісі кезінде пайдаланылған табиғи ресурстар шикізаттар, материалдар, отын, энергия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары, сонымен қатар өнімді өндірісі мен өткізудегі басқада шығындарды көрсетеді. Ол кәсіпорындағы жай ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыз ететін шығын өлшемін білдіреді. Өзіндік құн –тұтынылатын өндіріс факторларының орнын толтыру түрі.

Экономикалық категория сапасында өнімнің өзіндік құны бірқатар маңызды қызметтерді орындайды:

- өнім өндірісі мен өткізудегі барлық шығындардың есебі мен бақылауын қамтамасыз етеді;

- өнім бағасының деңгейін қалыптастыру, пайданы анықтау, рентабельдікті және салықтарды есептеу үшін негіз болып табылады;

- инвестиция салудың мақсаттылығын экономикалық негіздеу үшін қызмет етеді.

Өзіндік құн дегеніміз – кәсіпорынға қандай да өнім өндіріс түрін қалай болатын анықтауда, шаруашылықты жүргізудің нақты экономикалық жағдайында қаншалықты пайдалы екенін обьективті бағалау туралы мүмкіндік беретін экономикалық тиімділіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оның ішінде, өндіріс жағдайы және кәсіпорын қызметінің нәтижелері: техникалық жарақтану, еңбектің өнімділігі және ұйымдастырылуы, қолданылатын технологияның прогрессивтілігі, негізгі және айналмалы қорларды пайдаланудың деңгейі, үнемдеу тәртібінің сақталуын, жетекшіліктің сапасын және басқалар көрсетіледі.

Есептеу кезінде жалпы өнімнің және өнім бірлігінің өзіндік құндары пайдаланады.

Өнім үшін кәсіпорындағы (ӨШ) барлық өндірістік шығындардың сомасы жалпы өнімнің өзіндік құнын көрсетеді (Св):


ӨШ=Св=А+МШ+ЕА,
бұл жердегі:

А – негізгі қорлар амортизациясы;

МШ – материалдық шығындар;

ЕА – еңбек ақы.



Өнім бірлігінің өзіндік құны (С) қандайда өнім түріндегі өндірістің жалпы шығындарын оның табиғи өлшемдегі көлеміне бөлу арқылы есептейді:
С= ӨШ /ЖӨ.

Мұндағы, ЖӨ – жалпы өнім көлемі (кг, дана);

Өнімнің өзіндік құнынан басқа, жұмыс бірлігінің өзіндік құнын (тракторлар үшін - шарт.эт.га, автомобилдер үшін - ткм, жұмыс малы - ат-күндер және т.б) анықтауға болады, оны 1 гектар ауыл шаруашылығы дақылының егістігін және 1 мал басын өсіруін есептейді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде, жеке және орташа салалық өзіндік құндарды ажыратуға болады. Жеке өзіндік құнды - әрбір кәсіпорында жеке өнім түрлері бойынша анықтайды. Орташа салалық өзіндік құнды – еліміздегі шығарылатын әрбір өнім түрі бойынша орташа салмақталған түрде есептейді.

Өзіндік құнға кіретін шығындардың түрлеріне байланысты оның келесі түрлері есептеледі: технологиялық, өндірістік және толық (коммерциялық).

Технологиялық өзіндік құн технологиялық (шартты өнім өндірісінің технологиясы) және жалпы өндірістік (саланы ұйымдастыру және басқару бойынша) шығындарды көрсетеді.

Өндірістік өзіндік құн технологиялық шығындардан бөлек жалпы шаруашылық шығындары кіреді (кәсіпорынды ұйымдастыру және басқару шығындары), яғни, бұл өнім өндірісімен байланысты шығындар.

Толық (коммерциялық) өзіндік құн өнім өндірісі мен оны өткізудегі барлық шығындарды көрсетеді, өндірістік өзіндік құн мен өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындардың қосындысынан тұрады.

Мәлімет көзіне байланысты өзіндік құнның келесі түрлері есептеледі: жоспарлы өзіндік құн, ол нормативтерге сәйкес есептеледі; есептік (нақты) өзіндік құн, ол кәсіпорынның материалдық есебі бойынша анықталады; провизорлық (алдын-ала) өзіндік құн, оны есептеу үшін үш тоқсандағы нақты мәліметтер және төртінші тоқсандағы күтілетін көрсеткіштер (пайдаланылған нормативтер) алынады.
3.Өнімнің өзіндік құнын төмендету факторлары. Нарықтық жағдайда өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселесінің маңыздылығы артады. Экономикалық және әлеуметтік ұстаным бойынша өзіндік құнды төмендету мүмкіндік береді:

- пайданы ұлғайту;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту;

-жұмысшыларды материалдық ынталандыруды және әлеуметтік бағдарламаларды шешуді жақсарту;

-өзінің өнімінің бағасын төмендету, осыған сәйкес өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өткізу көлемін ұлғайту;

-акционерлік қоғамдарда дивиденд бойынша төлемдерді ұлғайту және оның мөлшерін жоғарылату.

Өзіндік құнды төмендетудің көзін табу үшін оның құрылымын білу керек.

Өзіндік құнның құрылымы дегеніміз жалпы шығындар сомасындағы жеке элементтердің немесе баптардың үлесін білдіреді. Өзіндік құнның құрылымы оған әсер ететін келесі факторларға байланысты тұрақты өзгеріп отырады:

1.Өнім өндірісінің өзіне тән ерекшелігі.Осыған байланысты еңбексыйымды салаларға (өнімнің өзіндік құнында еңбек ақы шығындарының алатын үлесі жоғары), материалсыйымды (материальдық шығындардың үлесі үлкен), қорсыйымды (амортизация үлесі жоғары), энергосыйымды (отын мен энергия үлесі жоғары) салаларға бөлінеді.

2. Ғылыми-техникалық прогресс.

3. Еңбекті шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау деңгейі.

4. Кәсіпорынның географиялық орналасуы.

5. Инфляция, банк несиесінің пайыздық мөлшерінің өзгерістері.

Өзіндік құнның құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:

- тірі және затқа айналдырған еңбектің қатынасы;

-жеке элементтердің немесе баптардың жалпы шығындар сомасындағы үлесі;

- тұрақты және ауыспалы шығындар, негізгі және үстеме шығындар, тікелей және жанама, толық өзіндік құндағы өндірістік және коммерциялық шығындардың арасындағы қатынастары сипаттайды.

Өзіндік құнның құрылымын талдау оны төмендетудің негізгі көздерін анықтауға мүмкіндік береді. Шығындар құрлымын талдауда элементтер бойынша, сонымен бірге баптар бойынша жасау қажет. Өзіндік құнды төмендетуде әлеуметтік-экономикалық факторлар маңызды рөл атқарады, атап айтқанда, өз еңбегінің нәтижелеріне жұмысшылардың материалдық қызығушылық білдіреді.

Қарастырылған факторлар өзіндік құнды төмендетудің жалпы бағытын ғана ашады. Әрбір кәсіпорында, өндірістің табиғи - экономикалық жағдайлары есепке алу арқылы үнемдеуді жүзеге асырудың нақты іс-шаралары жасалуы қажет.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау