39
табиғи жинақылығы, жеке түрде жағдай жасау, гуманизм,
мәдени жинақталған әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің
нәтижелілігі және кәсібиліктің өзара байланысы және т.б.
3.
Әлеуметтік-педагогикалық
үрдіс
және
оны
жетілдірудің жолдары
Әлеуметтік-педагогикалық үрдістің түсінігі, мәні мен
мазмұны.
Әлеуметтік-педагогикалық
үрдістің
негізгі
компоненттерінің сипаттамасы: ішкі және сыртқы әлеуметтік-
педагогикалық үрдіс.
4. Тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы
Әлеуметтену әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде.
Баланың әлеуметтік дамуының көздері. Әлеуметтік дамытудың
қозғаушы күштері. Әлеуметтік өзін-өзі жетілдірудегі бала
тұлғасының рөлі. Әлеуметтенушілік, тәрбиелілік. Адамның
өзінің өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі жас ерекшелігіне
байланысты әлеуметтену ерекшеліктері. Әлеуметтік тәрбие беру
– бұл тәрбие беру ұйымдарындағы
жекелей көмек көрсету, білім
беру және тәжірибелердің жиынтығы.
5. Әлеуметтену факторлары
Мемлекет, этнос және ұлт, менталитет. Әлеуметтік
құрылым, қоғам. Экономиканың, идеологияның және т.б.
әлеуметтік
мәні;
макрофакторлары,
мезафакторлары,
микрофакторлары. Ұлт, халықтық және олардың баланы
тәрбиелеудегі менталитеті, этномәдениет және әлеуметтену.
6. Адаптация, дезадаптация және реадаптация
Әлеуметтік дамудағы, әлеуметтенудегі адаптацияның рөлі;
дезадаптация, себептері, белгілері және оны жеңу жолдары.
Адаптация мен әлеуметтенудің өзара байланысы, адаптация
баланың әлеуметтенуінің алғы шарты ретінде. Жеткіншек пен
баланың әлеуметтік-мәдени әлемі. Балалық субъмәдениет; бала
мен жеткіншекті әлеуметтендіруде әлеуметтік-мәдени әлемді
ескерудің
қажеттілігі;
балалар
мен
жеткіншектерді
әлеуметтендіру қағидалары.
7. Балалардың, жеткіншектердің және жастардың
дамуындағы әлеуметтік ауытқушылықтар
Адамның әлеуметтік дамуындағы қалыптылық пен
ауытқушылық, әлеуметтік ауытқушылықтың себептері, балалар
мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу
40
және
жоюдағы
әлеуметтік-педагогикалық
іс-әрекеттің
бағыттары.
8. Девиантты және делинквентті мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық түрлері. Делинквентті мінез-
құлықтың сипаттамасы. Балалар мен жасөспірімдердің
девиантты
мінез-құлықтарды
жоюдағы
әлеуметтік-
педагогикалық
іс-әрекеттің
негізгі
бағыттары.
Қиын
тәрбиеленетін балалар: мәні, себептері, мәселелері. «Қиын
тәрбиелену» түсінігі. Қиын тәрбиеленетін балалар тұлғасы мен
топтарының сипаттамасы. Қиын тәрбиеленушіліктің көріну
формалары
және
олармен
жүргізілетін
әлеуметтік-
педагогикалық жұмыс.
9. Отбасы тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың ортасы
ретінде
Отбасының әлеуметтік мәдени ортасы. Отбасының
тәрбиелеу мүмкіндіктерін көтеру жолдары.
10. Көше тәрбиелеу ортасы ретінде
Көше тәрбиелеу факторы ретінде; «көше баласы» ұғымы.
Көше балаларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық
жұмыстар. Көше балаларының қаңғыбастығы мен ұрлығы.
Вандилизм – мінез-құлық ауытқуының көрінуі ретінде. Мінез-
құлық ерекшеліктері және оларды тәрбиелеу.
11. Өмірдегі қиын жағдайлар және оған тап болған
балалардың орнығуы
«Өмірдегі қиын жағдайлар» түсінігінің мәні және олардың
типологиясы. Өмірдегі қиын жағдайларға тап болған
балалардың сипаттамасы. Өмірдегі қиын жағдайға тап болған
балалардың асырап алушы және орын басушы отбасылары.
Тәрбиелеу ұйымдарындағы тұрмыс пен өмірлік әрекеттің өзара
әрекеттестігін (топаралық, тұлғааралық, жапппай, топтық)
ұйымдастыру. Ресми емес топтар арасында жүргізілетін
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері. Мінез-
құлқында ауытқушылығы бар балалармен жеке жұмыс.
12.
Пенитенциар
мекемелердегі
әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстың мәселелері
Пенитенциар мекемелеріндегі жұмыстың түрлері мен
ерекшеліктері. Балалар мен жеткіншектерді әлеуметтендірудегі
тәртіп пен дәстүрлер және олардың мәні. Пенитенциар