БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ҒЫЛЫМ БӨЛІМІ ӘДІСКЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Ғылым бөлімі әдіскері Шымкент университетінің мамандар санатына жатады.
1.2 Ғылым бөлімі әдіскері – жоғары оқу орнындағы яғни университеттің ҒЗЖ-ның
жоспары мен есебінің біркелкі дайындалуына жауапты тұлғалардың бірі. Ғылым бөлімінің
әдіскері – студенттердің ғылыми тақырыптарының тізімін алады және оның жоспарлы
орындалуын бақылауға алады.
1.3 Ғылым бөлімінің әдіскері ғылыми істері жөніндегі проректор ұсынысы негізінде
университет ректорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.4 Өз қызметі барысында ғылым бөлімінің әдіскері төмендегі құқықтық нормативтік
актілер мен құжаттарды басшылыққа алады:
- Өз қызметіне байланысты құқықтық және нормативтік құжаттарды;
- Университет жарғысын;
- Ішкі еңбек тәртіп ережелерін;
- Университет ректорының бұйрықтары мен проректордың өкімдерін;
- Осы қызметтік нұсқауды.
1.5 Ғылым бөлімінің әдіскері тікелей ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорға бағынады.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Ғылым бөлімінің әдіскері қызметіне тәжірибелі оқытушылар қатарынан, білімі
жоғары, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеті бар тұлға
тағайындалады.
2.2 Ғылым бөлімінің әдіскері білуге міндетті:
- ҚР Білім туралы заңы;
- ҚР ғылым туралы заңы;
3 МІНДЕТТЕР
Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен орындалатын студенттер мен жас
ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тематикалық жоспарын бақылау,
университет кафедраларында орындалатын іргелі және қолданбалы зерттеулердің
жылдық, болашақтағы және жалпы жоспары бойынша мәліметтер дайындау;
Жоспарға сәйкес міндеттердің орындалуын бақылау, нормативті талаптарға сәйкес
келісімшарт міндеттерін, келісілген құжаттардың толық және сапалы орындалғанын
бақылау;
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мониторингін жасау;
Студенттердің ғылыми шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференциялар,
семинарлар, симпозиумдар ұйымдастыру;
Қызметтік нұсқау бойынша бұйрықтарды, нұсқауларды және жоғары ұжымдардың
тапсырмаларын, университеттің Ғылыми кеңесінің және ректораттың ғылыми-техникалық
бағдарламалары бойынша шешімдерін орындау жұмыстарын ұйымдастырады;
Университетте орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тематикалық жоспарын
жасауды, іргелі және қолданбалы зерттеулер жұмыстарының жылдық, перспективалық
және жалпы жоспарлары бойынша есепті дайындауды бақылауды; құжаттардың
нормативті талаптарға сай сапалы әзірленуін және тапсырмалардың орындалуын
қадағалайды; ғылыми зерттеулердің ақпараттық және құқықтық қамтамасыз етілуін
бақылайды; университеттің ғылыми-техникалық және онымен байланысты негізгі
сұрақтарды шешуде ұсыныстар жасайды; ғылыми конференциялар, мәжілістер,
дискуссиялар ұйымдастыруға, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауға қатысады.
4 ҚҰҚЫҒЫ
4.1 Университет басшыларының өзінің қызметіне қатысты шешімдерімен танысуға.
4.2 Осы қызметтік нұсқауда көрсетілген жұмысты жақсартуға байланысты ұсыныстарын
университет басшыларының қарауына беруге.
4.3 Өзінің жұмысына қатысты құрылым басшыларынан, мамандардан ақпарат мәліметтер
алуға.
4.4 Басқа құрылым мамандарын, қызметкерлерін өзіне жүктелген міндеттерді шешуге
қатыстыруға.
4.5 Университет басшыларынан өзінің құқықтары мен міндеттерін орындауға байланысты
көмек талап етуге.
4.6 Қызмет барысында ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жылына 1 рет кезекті демалысқа
шығуына және емделу ақысын алуға.
4.7 Қызмет барысында үстінен арыз-шағымдар түскен жағдайда, ҚР заңдарына сәйкес өз
құқығын қорғауға және өз құқығының қорғалуын талап етуге.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
5.1 Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының шегінде өзінің қызметтік міндеттерін
атқармаса.
5.2 Өзінің қызметін атқару барысында: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңдарға сәйкес
құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда.
5.3 Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңдарына сәйкес материалдық
зиян келтірген жағдайда.
5.4 Бөлімнің ұйымдастыру жұмыстарының деңгейі төмен болған жағдайда.
5.5 Университеттің ішкі ережесіне өз міндеттері шегінде немқұрайды қараса.
5.6 Жұмыс барысында қызмет этикасын сақтамаған жағдайда.
5.7 Техникалық қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда.
5.8 Университеттің басшыларының тапсырмаларын уақтылы орындамаған жағдайда.
5.9 Конфиденциальды қызметтік ақпаратты сақтамаған жағдайда.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |