Цемент маркасын анықтау
Цемент маркасы массасына қарай 1:3 созымды цемент құрамынан дайындалған өлшемі 40x40x160 мм арқалық-нұсқаларды иілуге және сығуға беріктік шегінің көрсетулері бойынша айқындалады.
Аспаптар: сілкілеу үстелі (1-сурет), конус-қалып, сфералық аяқ, қырғыш,
40x40x160 мм металл қалыптар (2-сурет), МИИ-100 машинасы, гидравликалық пресс.
Материалдар: портландцемент, вольск құмы.
Цемент өндірісінің созымды консистенциясын анықтау үшін:
1500 г құм және 500 г цемент өлшенеді, сфералық аяққа салады, содан соң 1 мин бойы цемент пен құм күрекшемен араластырылады, содан-соң оған су құйылып, қоспа тағы 5 мин бойы араластырылады.
1-сурет. Сілкілеу үстелг және конус-қалып
1 - жұдырықша; 2 - диск; 3 - шток; 4 - табан; 5 – ортаға келтіретін құрылғысы бар конус-қалып
2-сурет. Арқалық-нұсқаларды дайындауға арналған қалып
Араластыру аяқталған соң сілкілеу үстелін шыны дискісінің ортасына орнатылған конус-қалыпты тең қалыңдықтағы қабаттармен екі қабылдауда толтырады. Сынау жүргізу алдында конустың ішкі бетін және стел дискін аздап сулау керек. Ерітінді металл найзалаумен тығыздалады: астыңғы қабаты - 15, үстіңгі - 10 найзалаумен. Ерітінді нығыздалған соң конус ақырын тік бағытта алынады, осыдан кейін конус 106-110 мм шегінде жайылу үшін үстелде 30 рет сілкіленеді.
Алынған 6 жарты престе қиратылады. Аралықтардың жартыларын 2 болат пластинкалар аралығына орналастырады.
Сығуға беріктік шегі 6 нұсқалар сынауының ең үлкен төрт, нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде есептеледі. Сығуға беріктік шегі келесі формула бойынша анықталады
мұндағы Р - қиратушы жүктеме, кгк;
F- нұсқа ауданы = 25 см2.
Нәтижелер 2-кестеге енгізіледі
2-кесте Беріктікті анықтау нәтижелері
№
|
Иіліске беріктік, кгк/см2
|
Нұсқа
ауданы,
см2
|
Мано-
метр
көрсетуі
|
Қиратушы
жүкте-ме,
кгк
|
Сығудағы беріктік,
кгк/см2
|
Цемент
маркасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Алынған нәтижелер МСТ10178-85 талаптарымен салыстырылады (3-кесте).
3-кесте Портландцементке қойылатын талаптар (МСТ 10178-85)
Цемент түрінің белгісі
|
Кепілді маркасы
|
Беріктік шегі, МПа (кгк/см2)
|
Иіліс жасында, тәулік
|
сығу жасында, тәулік
|
3
|
28
|
3
|
28
|
ПЦ-Д0
ПЦ-Д5
ПЦ-Д20
ЩПЦ
|
300
400
500 550 600
|
-
-
-
-
-
|
4,4(45)
5,4(55)
5,9(60) 6,1(62) 6,4 (65)
|
-
-
-
-
-
|
29,4(300)
39,2 (400)
49,0(500) 53,9(550) 58,8(600)
|
ПЦ-Д20-Б
|
400
500
|
3,9 (40) 4,4 (45)
|
5,4(55)
5,9 (60)
|
24,5(250)
27,5 (280)
|
39,2(400)
49,0 (500)
|
ШПЦ-Б
|
400
|
3,4 (35)
|
5,4(55)
|
21,5(220)
|
39,2 (400)
|
№6 сабақта орындайтын тапсырмалар
{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)}
Цемент маркасын анықтау жолдары қандай?
Портландцементке қойылатын қандай талаптар бар?
Құрылыста портландцементтің қандай түрлері кеңінен қолданылады және олардың негізгі қасиеттері қандай?
Зертханалық сабақтың тақырыбы №7 Бетон қоспасының жылжымалылығын анықтау
№7 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}
Бетон қоспасының негізгі қасиеттерінің бірі - жайылу қабілеттілігі.
Жайылу қабілеттілігі - бетон лайының бетондалатын бұйымының формасына толуы және және ауырлық күші немесе сыртқы механикалық әсерлерден нығыздалу қабілеті. Бетон лайының бұл қасиеті жылжымалылық қабілетімен және қатаңдығымен бағаланады.
Бетон лайының жылжымалылығы стандарт конустың көмегімен анықталады.
1-сурет.
Бетон қоспасының шөгуін анықтау:
1 - шөккен бетон қоспасы; 2 -сызғыш; 3 - металл сызғыш; 4 - конус-қалып.
Стандартты конус - биіктігі 300 мм, жоғарғы кернеуінің диаметрі 100 және төменгісі - 200 мм конус түрінде металдан жасалған қалып. Тәжірибенің басында қалыпты ішкі жағынан сумен ылғалдап сүртіп алады, сонан соң ылғал өткізбейтін қабаттың үстіне қояды (линолеум немесе қаңылтырдың үстіне). Бетон лайы қалыптың жоғарғы жағынан тең үш қабат түрінде салынып, әр қабат 25 рет нығыздалады.
Конустың шөгуінің мәні бетон қоспасының жылжығыштық қасиетін сипаттайды. Жылжығыштық қасиетіне қарай бетон қоспасы қатаң және өте катаң бетон (КШ = 0 см), аз жылжитын(КШ =1-3 см), жылжитын (КШ - 4-15 см) және құйылатын (КШ - 15 см) болып бөлінеді.
№7 сабақта орындайтын тапсырмалар
{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек
Бетон лайының жылжымалылығын қалай анықтайсыз?
Жайылу қабілеттілігі дегеніміз не және оның көрсеткіштері қандай?
Бетон қоспасының тағы да қандай негізгі қасиеттерін білесіз?
Зертханалық сабақтың тақырыбы №8 Құрылыстық ауа әгі. Әктің температурасын және сөндіру уақытын, әктегі сөндірілмеген түйірлердің мөлшерін анықтау
№8 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}
Ауа әгі кальций-магний жыныстарын: борды, әк тасты, доломитталған және мергель әк тастарын, доломиттерді күйдіру арқылы өндіріледі.
Майда тартылған ауа әгі сөндірілмеген әкті сумен сөндіру немесе тарту арқылы шығарылады. Егер әкте 5% магний оксиді болса, онда ол кальцийлі (аз магнезиалды), 5-тен 25% магний оксиді болса, жоғары магнезиалды немесе доломитті әк болады.
Әктің температурасын жене сөндіру уақытын анықтау
Әк пен су араласқанда кальций оксидінің гидратациясы мына реакция бойынша болады:
Сынау нәтижелері 1-кестеге жазылады.
-
Су құю кезеңінен басталған уақыт
|
Су құю кезеңінен басталған қоспа температурасы
|
1
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |