1 баспа 09. 2013 беттің беті


Зертханалық сабақтың тақырыбы



жүктеу 0,77 Mb.
бет8/11
Дата14.11.2018
өлшемі0,77 Mb.
#19493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Зертханалық сабақтың тақырыбы №3 Кеуектілікті және су сіңіргіштікті, жылу өткізгіштікті анықтау

№3 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар

{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}

Жұмыстың мақсаты:

Материалдардың кеуектілікті және су сіңіргіштікті, жылу өткізгіштікті анықтау



Кеуектілік - материал көлеміне саңылаулар толтыру дәрежесі. Кеуектілік

көбінесе материал көлемінің пайызымен көрсетіледі.
Кеуектілікті анықтаудың тікелей әдісі материалдағы саңылау кеңістік орнын сұйылған гелиймен немесе басқа ортамен толтыруға негізделген. Кеуектілікті анықтаудың эксперименттік - есептік әдісі шын мәніндегі және орташа тығыздықтың мағыналарын анықтау үшін пайдаланылады. Кеуектілік мына формула бойынша анықталады.



мұндағы К - кеуектілік, %;

ро - орташа тығыздық, г/см3;



р - нақты тығыздық, г/см3

Су сіңіруді анықтау

Жұмыстың мақсаты: Құрылыс материалының су сіңіруін анықтау

Қажетті аспаптар: кептіргіш шкаф, салмағы әр турлі гірлері бар таразы,

суы бар сыйымдылық.

№3 сабақта орындайтын тапсырмалар

{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)}


  1. Кеуектілік деген не және ол қалай көрсетіледі?

  2. Кеуектілікке байланысты құрылыс материалдарының қасиеттері?

  3. Материалдың су сіңіргіштігі және жылу өткізгіштігі қалай анықталады?



Зертханалық сабақтың тақырыбы №4 Сырт көзбен байқап кірпіш сапасын анықтау

№4 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар

{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}

Жұмыстың мақсаты:

Сырт көзбен байқап қыш кірпіштердің сапасын анықтау



Қажетті материалдар: ағаш тұқымдарының коллекциясы,

өлшемі 20×20×30мм ағаш нұсқасы


Қажетті аспаптар:

Аспаптар: өлшеуіш сызғыш немесе штангенцир­куль, үшбұрышты сызғыш.

Әр партиядан (көлемі мекеменің тәуліктік өнімінің мөлшерінде белгіленеді) 0,5% мөлшерінде, бірақ 100 данадан кем емес нұсқалар таңдап алынады.Таңдап алынған нұсқалардың санынан 10 данасы сығуға беріктігін, 5 данасы аязға төзімділікті, 5 данасы су сіңіруін және орташа тығыздығын, 5 данасы әк қосылыстары болуын анықтау үшін пайдаланылады.

Аса дымкылды күйде таңдап алынған кірпіш сынау алдында зертхана белмесінде 3 тәуліктен кем емес не кептіргіш шкафта +105°С температурада 4 теулік бойы ұсталады.

Кірпішрің МСТ талаптарына сәйкестілігін анықтау үшін оны байқап көреді және содан кейін көрсетілген көрсеткіштер бойынша тексереді:

Жарым деп екі қос жартыдан тұратын не толық денелі кірпіштің төсемі бойынша ұзындығы 30 мм астам, қуыс денелерде - кірпіштің барлық қалыңдығы бойын­ша қуыстардың бірінші катарына дейінгі артық бұйымдар саналады;





4-сурет. Қырлар мен қабырғалардың түзу сызықты болмауын және бұрыштар мен қырлардың сынықтары мен жапырылуын анықтау

Сырт көзбен бақылау бойынша алынған нәтижелерді 1-кестеде келтірілген МСТ талаптарымен салыстырып, осы партия кірпішінің сапасы туралы қорытынды жасау керек.

1-кесте


Кірпіш сапасына қойылатын незігі талаптар



Сапа өлшемдері



Пластикалы және жартылай құрғақ тайлау кірпіші үшін мүнкін ауытқулар,мм

Нұсқаларды байқап көргенде анықталған ауытқулар

1

2

3

1

2

3

4

5

Ұзындығы 250 мм

Ені 125мм

Қалыңдығы 65мм

±5

±4

±3










Қырлары мен қабырға ларының түзу сызықты болмауы,

артық емес,мм

төсемі бойынша

бүйірі бойынша


±3

±3

±4










Бұрыштардың (қырлардың) сынулары 10-15 мм, дана

2










Қуыстарға жетпейтін қырлардың сынулары мен жапырылулары,тереңдігі 5 мм астам, 10-нан 15 мм дейін, дана



2










Толық денелі кірпіштің төсемі бойынша ұзындығы 30 мм дейін, қуыс денелі бұйымдарға қуыстардың бірінші қатарына дейін артық емес, дана

бүйір қырларында

үшкір қырларында

1

1










Күйдіру дәрежесі

эталон










Әк қосылыстарының ең үлкен өлшемі бойынша 5-тен 10 мм дейін болуына рұқсат етілмейді, дана

3










№4 сабақта орындайтын тапсырмалар

{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)}
1.Сырт көзбен байқап қыш кірпіштердің сапасын қалай анықтайсыз?

2.Кірпіш сапасына қойылатын негізгі талаптары қандай?

3.Әк қосылыстарының болуын анықтау үшін қандай амалдар жасайсыз?


Зертханалық сабақтың тақырыбы №5 Құрылыс гипсі. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау

№5 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар

{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}

Сынаулар МСТ 23785-79 сәйкес жүргізіледі.



Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау

Ұстасу басы - гипс қамырының қатаю кезеңінен бастап Вик аспабының инесі әйнек пластинкасына 0,5 мм жетпейтін кезеңге дейінгі уақыт.



Ұстасу соңы сумен гипсті қатайтатын кезеңнен Вик аспабының инесі қамырдан 1 мм аспайтын мөлшерде түсетін кезеңге дейінгі уақыт (2-сурет).

2-сурет. Вик аспабы

1-цилиндрлі металл шыбық; 2-табан құрсауы; 3-тоқтатқыш құрылғы; 4-көрсеткіш; 5-шәкілі; 6-келсап; 7-ине

Көрсеткіш тілі бар Вик аспабының жылжымалы металл шыбығы 0-ден 40 мм дейін бөліктері бар шәкілі маңында тік бағытта қозғалады. Шыбықтың төменгі бөлігінде диаметрі 1 мм және ұзындығы 50 мм болат ине бекітілген. Шыбық пен иненің 300 грамм. 2-кесте.



Ұстасу мерзімі

Байланыстырғыштар түрлері

Ұстасу мерзімдері, мин

Басы, ертерек емес

Соңы, кешірек емес

1

2

3

Тез қатаятын, А

Әдеттегі қатаятын, Б

Баяу қатаятын, В

2

6

20

15

30

мөлшерленбейді

Сынақ алдында көрсеткіш тілдің қалпы тексеріледі, ол ине аспап сақинасының астындағы пластина бетіне жанасатын мезгілде шәкілінің нөлдік бөлігімен беттесу керек. Ұстасу мерзімдерін анықтау үшін әдеттегі қою қамыр пайдаланылады, ол аспап сақинасына құйылады. Артығы пышақпен кесіледі. Сақина қамырмен бірге аспап инесінің астына орналастырылады. Ине ұшы гипс қамырының бетімен беттестіріледі. Шыбықтың бұрандасын түсіргенде шыбық инесі емін-еркін қамырға батырылады. Инені батыру әрбір 30 секундтан кейін жаңа жерге қайталанылады. әрбір батырған сайын ине сүзгіш қағазбен сүртіледі.

Тостаған мен күрекшені сулауға су шығынын азайту үшін оларды жұмыс алдында дымдау керек.

Нәтижелер мына түрде жазылады:



Ұстасу басы ..................мин.

Ұстасу соңы ..................мин.
№5 сабақта орындайтын тапсырмалар

{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)}




  1. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін қалай анықтауға болады?

  2. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау үшін қандай аспап қолдынылады?


Зертханалық сабақтың тақырыбы №6 Портландцемент. Цемент маркасын анықтау
№6 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар

{Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар}


Портландцемент - гипс қосылған (3-5%) майда ұсатылған клинкер өнімі. Клинкер карбонатты жыныстардан (75-78% әр түрлі типті әк тастарынан) және балшықты шикізаттан (22-25%- балшық, шлактар, мергельдерден) тұратын шикізат қоспасын t = 1450°С температурада бірігуге дейін күйдірумен өндіріледі. Берілген қасиеттері бар пор­тландцемент бірнеше жолмен алынады:

  • цемент клинкерінің минералогия құрамы мен құрылымын реттеумен;

  • цементтің тарту майдалығын және қосымшалар
    енгізіп, түйірлік құрамын реттеумен.

Қазіргі уақытта портландцементтің мынадай түрлері қолданылады:

  • тез қататын;

  • гидрофобты;

  • қатпарланған;

  • сульфатқа төзімді;

  • пуцоланды;

  • шлакты портландцемент.

Портландцемент 300,400, 500, 550,600 маркалармен шығарылды

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау