Зертханалық жұмыстар
1. Сөздердің синонимдік қатарларын толықтырып, мағыналық реңктері бойынша бөліп жазыңыз:
Үлгі: айқайла, бақыр, шыңғыр.
Айқайлау - әдеттегіден қатты дауыс.
Бақыру – қатты дауыс шығару, улап-шулау.
Шыңғыру – жан даусын шығарып айқайлау.
Ортақ сема – қатты шыққан дауыс.
Дауыстың жай, орташа, жоғары болып шығуы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
айқайла, ... әлпештеу, ...
аяқта, ... көл-көсір, .....
ауыр, .... ақылгөй, ....
әрең, .... кербез, ....
басқар, .... қозғалу,...
тынығу,..... отағасы, ...
1.2 Мәтіннен синоним сөздерді тауып, стильдік реңтері тұрғысынан саралаңыздар:
Күздің желі бір мұңды жыр толғайды,
Махаббаты ерте сөнген ер жайлы.
Бере алмасаң бақыт, шаттық сен маған,
Бер өкініш, бер уайым, бер қайғы. (Т.Молдағалиев)
Екеуіңнің жолың да, жөнің де бөлек еді, қимаймын (М.Әуезов).
Сағыныш па?
Қалай оны тауыса аламын.
Сағынғамын, шөлдеген, аңсағамын
Ақыры шаршағанмын, шаршағамын (М.Мақатаев).
Сарылып, сарғаяды жарық Айым,
Сағынып, сілкінеді сары қайың (Н.Оразалин)
Хан баласы ақсүйек,
Ежелден табан аңдысқан,
Ата дұшпан сен едің, атау жауың мен едім (Махамбет).
Өскеменнен шыққан ұшақ Шығысқа қарай бет алды. Алтай төсіне өрлеп, биіктеп барады (Қ.Қамбаров). Жолыққан жанның бәрі оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж.Жұмақанов). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болды (Б.Майлин). Бет көрсе, жүз ұялады (мақал). Көл тартылар, дария сарқылар, бірақ Күнікейдің күші сарқылмас (Ғ.Мүсірепов). Кербұғының бүкіл басы қан, ал көзінен, жаудыраған тұнық қара көзінен - Аналықтың көзі іспетті өте әдемі жанарынан жас ағып тұр; және мен осынау жасқа толған аяулы да ардақты көздің аясынан өзімді, әкемді, Қаршығаны көрдім. Иә, Алтайды асып, Шыңғысханның мың сан әскері өткен, әр төбенің басында қорымға айналып жатқан оба сол маңғол қолынан қаза болған адамдардың мүрдесі десек, құдай-ау қып-қызыл қан жауған замандардың адыра қалғаны, ал алып Алтайдың ғасырдың өлі куәсіндей мелшигені бүгінгіге неге ой салмайды. Сыпыра ылдилап келеміз. Мен мінген биенің құйысқаны берік, айылы мықты екен (О.Бөкеев). Кеңес әскері 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандап, күлін көкке ұшырды. (Ж.Жұмаханов). Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз (Шешендік сөздер. Қазыбек би).
Достарыңызбен бөлісу: |