1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



жүктеу 0,62 Mb.
бет1/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
лекция


АЛҒЫ СӨЗ
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» курсы жоғары оқу орындарының филология факультетінде дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан ғылыми-теориялық пән.

Пәнді оқытуда қойылатын басты мақсат - қазақ тіл білімінің лексикология, семасиология, этимология және фразеология саласы бойынша тыңдаушыларға жүйелі ғылыми-теориялық білім беру, алған ғылыми-теориялық біліміне сәйкес болашақта зерттелуге тиісті мәселелеріне байланысты тыңдаушыларды ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіру; оқытудың қалыптасқан әдістемелерінің (лексикалық, семантикалық, стилистикалық, фразеологиялық, этимологиялық, диалектологиялық талдаулар, практикалық сабақтар, студенттердің өздік жұмыстары, зертханалық жұмыстар т.б.) негізінде студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуын қамтамасыз ету. Бұл курс екі модульдан тұрады:

1) Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы;

2) Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипаты. Қазақ тілінің фразеологиясы, этимологиясы, лексикографиясы.

Бірінші модуль бойынша қазақ тілі лексикалық жүйесінің семантикалық табиғаты, ұғым, мағына және сөз үштігінің арақатынасы, лексикалық мағынаның семантикалық құрылымы, сөз мағынасының психологиялық аспектісі, сөз мағынасының ассоциациялық құрылымы, сөз мағынасының даму жолдары (мағынаның кеңеюі мен тарылу процестері), сөздің мағыналық өзгерістері нақты талдаулар жасау негізінде анықталады. Сөздің лексика-семантикалық топтары: лексикалық омонимдер, лексикалық антонимдер және лексикалық синонимдер жүйесі, олардың тілдік табиғаты мен стилистикалық мәні, сөздің қосалқы аталымдары, олардың БАҚ-ғы қолданысы, қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры, қазақ тілі лексикалық жүйесінің қалыптасуындағы негізгі тарихи арналар, сөздік құрамның интралингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар арқылы толығу жолдары туралы ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық мәліметтер беріледі.

Екінші модуль бойынша қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу сипаты, сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері, қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар, неологизмдердің сөзжасам үдерісіндегі орны, көнерген сөздер, олардың стилистикалық қызметі, актив және пассив сөздердің зерттелу жайы сөз болады. Қазақ тілінің фразеологиясы, олардың лексика-семантикалық сипаты; қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихы, лингвистикалық сөздіктердің түрлері, қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері; қазақ тілі этимологиясының зерттелу жайы, этимологиялық принциптері нақты мысалдар негізінде талқыланып айтылады.

Қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесі, лексика-фразеологиялық жүйесі туралы ғылыми-теориялық мәліметтер көркем шығармалар тілінен, әдеби тілден, баспасөз материалдары тілінен алынған мысалдар негізінде жан-жақты талқыланған. Әрбір дәріс материалдары соңынан тақырып мазмұнына сәйкестендірілген практикалық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстар қамтылған. Бұл лингвистикалық мәтіндер зертханалық жұмыстардың мақсат-міндетіне, мазмұнына сәйкес таңдап алынып, сөз мағынасының семантикалық және психологиялық құрылымына жүргізілетін компонентті талдау анализі, қазақ тілі лексикасының қолданылу сипаты мен сөйлеу коммуникациясында сөздің атқаратын стильдік қызметіне қарай стилистикалық талдау, сөздің түпкі мағынасына байланысты этимологиялық талдау жүргізу арқылы теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыра білу дағдысы көзделеді.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау