Сабақтың тақырыбы: Белдемшені пішу. Пішім бөліктерін өңдеуге даярлау. Сабақтың мақсаты: білімділік



жүктеу 67,75 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі67,75 Kb.
#4728
түріСабақ

Нарметова Дилнора Мухаевна,

«Ташанақ» шағын жинақталған

жалпы орта мектебінің технология пәні мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Белдемшені пішу. Пішім бөліктерін өңдеуге даярлау.

Сабақтың мақсаты: білімділік:

Үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру, технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білу.

Дамытушылық:

Теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу.

Тәрбиелік:

Өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық.

Көрнекіліктер: үлгі, кесте, нұсқау карта.

Құрал-жабдықтар: түйреуіш, қайшы, бор, ине-жіп, мата, сабын.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

4.Сергіту сәті.

5.Бекіту.

6.Қорытындылау.

Үй тапсырмасы

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы 2 топ бір біріне сұрақтар береді.

Сұрақтары :

1.Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алынады?

2.Қосымша өлшем не үшін беріледі ?

3.Белдемше қандай бөліктерден тұрады?

4.ЖЖО-өлшемі қалай аталады?

5.АБҰ-өлшемі қалай аталады?

6.БЖО-өлшемі қалай аталады?

7.Белдемшені қандай киімдермен киеді?

8.Белдемше қандай киім түріне жатады?

9.Белдемше сызбасын сызу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?

10.Сызба не үшін сызылады?

Жаңа сабақ

Белдемше құрастырылуы, силуеті жағынан ерекше болып келеді.

Силуеті жағынан

түзу кеңейтілген кең етекті


Құрастырылуы жағынан

Бір, екі тігісті көп тігісті қарама қарсы қыржымды

Қиықты әр түрлі белді әр түрлі әшекейлі
Сонымен бірге әр түрлі қалталардан да тұрады. /жатырма, тілік, бедерлі, ішкі тігісті, т.б .Негізінен барлық белдемшелердің құрастырылуы екі жолмен түсіріледі. Пішу жоспары берілген матаға қарап жасалады. Пішу жоспарында қандай маталар бір қабат, қандай маталар қос қабат күйінде көрсетілетініне назар аударған жөн. Бір қабат матаны оның бет жағы бойынша пішеді. Егер мата қос /қабатталып пішілсе, онда оның бет жағы ішіне

-Сыртқы киімдер үшін-1,5см

-Жеңіл көйлектер үшін-1см

-Төменгі бүктемелер үшін-3см

-Ішкі тігістер үшін-0,7см

Пішім бөліктерін матаға жаю. Барлық бөлшектерді матаның бойлық жіптерімен және белгісімен пішім бөліктеріндегі бойлық жіптер бағытымен жаяды. Алдымен матаға ірі бөлшектер жайылады.Бөлшектер матаға түйреуішпен түйреледі.

Үлгіні пайдалана отырып белдемше пішудің нұсқау картасы.



*№

Жұмыстың орындалу

реті



Сызба нұсқасы

1

Матаның өңін ішіне алып, 2қабаттап бүктеп, негізгі жіптің бағытына назар аудар



2

Үлгіні матаның өрнегін, суретін бақылай отырып орналастыр.Түйреуіштермен түйре.Үлгінің шетін сызып шық




3

Сызық бойынша үлгінің бөлшектерін тексеріп, тиісті қосымшаларды қалдырып, қайтадан қосымша сызық сыз

------------------------------------

4

Қалдырылған әдіп сызығымен белдемше бөлігін қию. Қағаздан қиылған үлгі бөлшектерінен түйреуішті алып тастап, пішілген бөліктерді түйреу



5

Бұйымды кесу. Көшірме тігіспен нұсқа сызбасын салу, қымтырманы екінші жағына көшіріп салу



Сарамандық жұмыс: Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.

1.Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме.

2.Қайшымен ойнауға болмайды.

3.Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4.Ине түйреуіштер қорапшада салулы болу керек

5.Жұмыс орнын таза ұқыпты ұстау керек.

Сергіту сәті

Жалғасын тап ойыны

1.Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің ............алтын.

2.Еңбектің наны тәтті

............жаны тәтті.

3.Еңбек түбі............

4.Еңбек етпесең елге өкпелеме

............екпесең жерге өкпелеме.

5.Ақыл көпке жеткізеді

...........көкке жеткізеді.

6.Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты...................

7.Өнерді үйрен, өнерсізден.......

8.Көз қорқақ..........батыр.

9Адам көркі....................

10.Адамды адам еткен...............

Сабақты бекіту Тест сұрақтарын беру.

1.Белдемшенің түрлерін ата?

а/үлкен, кіші ә/ әдемі, көркем б/ тік, қиықты

2.Тігістер қандай болу керек?

а/біркелкі,түзу ә/әр түрлі б/сапалы

3.Белдік қандай бөлік?

а/үлкен ә/ұсақ б/негізгі

4.Матаның қай бетінен пішеді?

а/теріс ә/оң б/кез-келген

5.Өлшем алу үшін керекті құрал?

а/сызғыш ә/см лента б/бор

6.Матаны пішу үшін керекті құралдар?

а/сызғыш, қарындаш ә/қайшы, бор б/мата, жіп

7.Белдемше қандай киім түріне жатады?

а/ұлттық ә/жеңіл б/күнделікті

8.Белдемшенің ірі бөліктері?

а/алдыңғы, артқы ә/белдік, қалта б/алды, жаны

9.Белдемшенің ұсақ бөлшектері?

а/белдік, қалта ә/үсті, асты б/алды, арты

10.Қайшыны жолдасыңа қай жағымен беру керек?

а/үшкір жағын өзіңе қаратып ә/үшкір жағын жолдасыңа қаратып б/бәрібір

Үйге тапсырма: Үлгіні үтіктеу, тігуге дайындау, құрал-жабдықтар әкелу.




жүктеу 67,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау