1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



жүктеу 0,62 Mb.
бет14/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
лекция

Метонимия - өзара іргелес, шектес бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыспалы мағына метонимия болып табылады. Метонимиялар мынадай іргелестік, шектестік негізінде жасалады:

1) қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі: бояу, егеу, сайлау, жайлау, ою, жабу т.б.;

2) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі: шәйнек қайнады, қазан асты;

3) материал мен одан жасалған заттың шектестігі, алмас – қатты, асыл металл, өткір қару ретінде қылыш мағынасын береді. Сол сияқты, хрусталь, фарфор – материал атауы және сол материалдан өндірілетін бұйымдар атауы. Құндыз - өзен-көлде тіршілік ететін аң және аңның бағалы терісін айтамыз;

4) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы: қара - түс, қарайып тұрған нәрсе; арамдық, зұлымдық; қара жамылды; ірі қара мал т.б. Сол сияқты, ақ, қызыл, көк (түс, аспан, шөп) түстерін айтуға болады;

5) автор мен оның шығармасының, шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы: Құрманғазыны тартты, Абайды оқыды деген тіркестерден олардың шығармаларының тартылғаны және оқылғаны белгілі болады;

6) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі: алтыбақан - ұлттық атау, ойын; үкі – құс, мамық, үлпілдек қауырсын;

7) жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі: Абылай хан мен Төле бидің қиылысқан жерінде «Балалар әлемі» орналасқан. Абай (аудан) қайдасың деп тартып кеттік;

8) жалқы есімдердің жалпы есімге айналып, дербес мағыналы сөз ретінде қолданысқа түсуі: Алдар көсе – «айлакер, қу», Мырқымбай – «кім көрінген жай адам» ұғымын, Асан қайғы – «уайымшыл», Шық бермес Шығайбай «сараң» деген ұғымдарды аңғартады;

9) кейбір заттар мен бұйымдар алғаш рет қай жерде өндірілсе, сол жердің атымен аталады: қаракөл (елтірі) Бұқардағы Қаракөл алқабының аты; шампан (ішімдік) – Париж қаласының маңындағы провинцияның атауы;

10) кейде жалқы есімдер, оның ішінде, кісі аттары метонимияға айналады: маузер, наган, калашников (әскери қару); френч, галифе (әскери киім) осы аттас генералдардың есімімен аталып, термин сөзге айналған (6, 81-83).

Синекдоха - сөздерді ауыстырып, қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі – синекдоха. Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып ауысып қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға жақын тұрады. Мұндағы басты белгі - бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше алмасып айтылады. Мысалы: ақ жаулық, орамал тартқандар; бөрік кигендер.

Бүтіннің бөлшегі ретінде қолданылатын сөздер де бірнеше контексте жұмсала келіп, полисемияға айналатындары болады. Мәселен, тұяқ деген сөзден синекдоха тәсілімен ауысып қолдану арқылы мынадай мағыналар пайда болған:

1. Ұсақ мал, қой, ешкі деген мағына;

2. Малдың жалпы есебі;

3. Ұрпақ, тұқым, бала;

Көз:

1) туған, туысқан, ет жақын;

2) тұқым, ұрпақ;

3) не нәрсенің нақ өзі, өз басы;

4) жалпы көпшілік адамдар.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау